Daily Archives: 18 Маусым 2022

Ауылдықтармен жүздесу, тарихқа тағзым

Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс бабымен Әйтеке би ауданында болып, жұртшылықпен кездесіп, елдің тыныс-тіршілігімен, шаруалардың жайымен танысты. Өңір басшысы алдымен егіс алқаптарын аралап, аудандағы ірі ауылшаруашылық құрылымдары – «Комсомол» ЖШС басшысы Виталий Волынецпен және «Еңбек-Агро» ЖШС басшысы Валерий Степочкинмен тілдесті. 170-ке жуық адамды жұмыспен қамтып отырған шаруалар істің қазіргі жағдайы, егіс науқанының қалай өткені туралы айтты. Құмкұдық және ...

Жалғасы »

Үздіктер марапатталған күн

Кеше Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Онда осы салада абыройлы еңбек етіп жүрген үздік мамандар марапатталды. Жиынға мыңнан астам медицина қызметкері мен ардагерлері қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. — Қоғамда екі керемет мамандық иесі бар. Оның біреуі мұғалімдер болса, екіншісі — дәрігерлер. Сол үшін бүгінгі мерекеде ...

Жалғасы »

Мектеп бітіру кеші: 299 мектеп. 8087 түлек

16-17 маусымда облыстағы 299 білім шаңырағында түлектердің мектеп бітіру кеші өтті. Салтанатты түрде ұйымдастырылған жиынның тақырыбы —  «Түлек 2022 — жаңа  Қазақстанның ертеңі». 16 маусым күні Новый орта мектеп-лицейінде өткен шараға  облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова қатысып, түлектерге сәт сапар тілеп, аттестаттарын табыс етті. Аталған білім ордасын 45 түлек бітірді. Олардың 3-еуі — «Алтын белгі», 1-еуі «Үздік аттестат» иегері атанды. ...

Жалғасы »

Абзал жандар мерекесі

Ақтөбе қалалық әкімдігінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында қала әкімінің орынбасары Айбек Көпенов құттықтау сөз сөйледі. — «Бірінші байлық — денсаулық» — деп халқымыз айтқандай, өмірдегі барлық жақсылықтың түп бастауы — деннің саулығы. Сіздер күндіз-түнге қарамай еңбек етіп, халықтың денсаулығын сақтау жолында аянбай тер төгіп келесіздер. Әсіресе пандемия тұсында, өз ортамызда қауіпті індетке шалдыққандар қатары күрт артқан ...

Жалғасы »

Күн энергиясымен жүретін көліктер

Ақтөбеде Тұңғыш Президент атындағы Орталық саябақта күн көзінен қуат алатын көліктердің көрмесі өтті. Ерекше көліктердің авторы — танымал өнертапқыш Никита Поддубнов. Ол күн көзінен қуат алатын автокөліктерді өзі жасайды және биыл екінші жыл қатарынан Қазақстан қалаларын саяхаттап жүр. Орал қаласынан келген ол өз жұмысын ақтөбеліктерге де көрсетті. Бүгінде Никита Поддубновтың YouTube арнасындағы бейнероликтері көп қаралым жинап жатыр. Ақтөбеліктер арасында да ...

Жалғасы »

Интернет алаяқтары азаймай тұр

Брифинг Бүгінде алаяқтық қылмыстардың көбі интернет арқылы жасалады екен. Биылдың өзінде облыста 455 интернет алаяқтық дерегі тіркелген.  Бұл туралы облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Боранбаев мәлімдеді. — Интернет алаяқтығы қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселелерінің біріне айналды. Интернетті қылмыстық іс-әрекеттерін жүзеге асыру үшін пайдаланып жүрген алаяқтардың әдіс-тәсілдері күн сайын өзгеріп отырады. Ең жиі кездесетін алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау ...

Жалғасы »

Жаңа маусым және жастар

Жасыл ел Бейсенбі күні Ақтөбеде «Жасыл ел» еңбек маусымы салтанатты түрде ашылды. Облыс бойынша биыл «Жасыл елге» 3700 жасты тарту жоспарланған. Триатлон паркінде өткен шараның ашылуына қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева жастарды жаңа еңбек маусымының басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі. — Мемлекеттің жастар саясатын іске асырудағы негізгі міндеттерінің бірі — олардың рухани-адамгершілік дамуын қалыптастыру, патриотизмге, еңбек етуге тәрбиелеу. ...

Жалғасы »

Биылғы қыс футбол додасымен басталады

ӘЧ-2022  Қыс келген кезде, яғни қарашаның соңы мен желтоқсанның басында Қазақстанда футбол стадиондары мүлгіп тұратыны мәлім. Теңбіл доп додалары туралы әңгімелер де осы кезде бұрынғыдан саябырси бастайды. Бірақ биыл дәл осы уақытта қазақстандық жанкүйерлер бір ай бойы футбол ойындарын тамашалайтын болады. Әрине, теледидардан. Катар мемлекетінде  21 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтетін 22-ші Әлем чемпионатының ақырғы (финалдық) кезеңіне қатысатын 32 ...

Жалғасы »

Көкжиде кеніші: жалақы көтеріле ме?

Кәсіподақ Облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы Алтынбек Әмірғалиев Темір ауданы аумағындағы Көкжиде кенішіндегі «КМК Мұнай» компаниясы АҚ  жұмысшыларының жалақыны көтеру туралы өтінішіне байланысты олармен кездесу өткізді. Кездесу ашық диалог түрінде өтті. Оған жұмыс беруші тарапынан компанияның вице-президенті Аманкелді Әлқуатов қатысты. Жұмысшылар  жалақы мөлшерін көбейту туралы өтініштерін ортаға салды. «Біздер еліміздегі азық-түлік бағасының өсуі мен инфляция деңгейіне байланысты қымбатшылыққа орай ...

Жалғасы »

Жасыл алаңда жарқылдай аламыз ба?

Еурокубоктар Қазақстан футбол клубтарының алдағы айда басталатын Еуропа кубоктары үшін болатын жарыстарда кездесетін командалары анықталып болды. Қазіргі чемпионымыз «Тобылдың» бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы — Венгрияның «Ференцварош» командасы. Чемпиондар Лигасындағы бірінші кездесу 5-ші немесе 6 шілдеде Қазақстанда өтсе, қарымта кездесу 12-ші немесе 13 шілдеде Венгрияда өтеді. «Ференцварош» — өте тәжірибелі команда, осы кездесудің фавориті болып есептеледі. Егер қостанайлық команда бұл сыннан ...

Жалғасы »