Daily Archives: 14 Маусым 2022

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Облыста президент тапсырмалары ойдағыдай орындалып жатыр

Кеше ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі алаңында  облыстың 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы баспасөз мәслихаты өтті. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын көтеру, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасы аясында атқарылып жатқан шаралар жайында баяндады. Өңірде 1,2 мың жұмыс орны ашылады Облыс әкімінің айтуынша, облыста барлық негізгі көрсеткіш бойынша оң динамика қамтамасыз етілген. Мысалы, өңірдегі өңдеу ...

Жалғасы »

Ұлттық ұландағы кездесу

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланына қарасты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 6655 әскери бөлімінде болды. Өңір басшысы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың армияның жауынгерлік қабілетін түбегейлі арттыру туралы тапсырмасының орындалуы жөнінде білді. Мұнан соң бөлімнің әскери инфрақұрылым нысандарын салу, пайдалану және жөндеу жұмыстарының барысымен жақынырақ танысты. Облыс әкімі сондай-ақ 6655 әскери бөлімінің командирі, полковник Мирас Тұрдалиннің бөлімнің ...

Жалғасы »

Азамат — бас жүлде иегері

«Елім менің» халықаралық ән байқауы 10-11 маусымда облыстың 90 жылдығына орай белгілі сазгер, «Құрмет» орденінің иегері Бейбіт Оралұлы атындағы «Елім менің» атты халықаралық ән байқауы өтті. Оған әлемнің 7 елінен барлығы 24 үміткер қатысты. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ән байқауы Өнер орталығының концерт залында өтті. Биылғы өнер додасына Армения, Израиль, Болгария, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен, сондай-ақ еліміздің барлық облыстарынан үміткерлер қатысты. ...

Жалғасы »

«Алтын-ай» бағындырған тағы бір белес

Шымкент қаласында өткен халықаралық-шығармашылық «Star way» фестиваль-байқауында «Алтын-ай» би ансамблінің үлкен тобы бас жүлдені  жеңіп алса, кіші тобы 1-орынды қанжығасына байлады. «Алтын-айдың» қыздары бұған дейін Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Festlive» хореграфиялық бишілер байқауында да бас жүлдені иеленіп, Түркияға  жолдама алған болатын. Республикалық, облыстық дүбірлі додаларда аудан атын абыроймен қорғап жүрген «Алтын-ай» би ансамблінің құрылғанына  биыл 12 жыл толды. Құрылған уақытында ...

Жалғасы »

Алғысқа бөленген абзал жандар

19 маусым — Медицина қызметкерлері күні Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ойыл аудандық Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Ақ халатты абзал жандарға арналған кеш шымылдығы дәрігерлердің жанкешті қызметі жөнінде түсірілген бейнероликпен ашылды. Іс-шараға қатысқан аудан әкімі Асқар Қазыбаев дәрігерлерді төл мерекесімен құттықтап, Ойыл аудандық ауруханасының бас есепшісі Жанаргүл Есенғарина, Жекенді дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Гүлсара Мусина, акушер-гинеколог Тұрсынхан Жайықбаева, психолог Айгүл Майлыбаева, ...

Жалғасы »

Жастар нашақорлыққа қарсы

Семинар-тренинг Дүйсенбі күні М.Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медицина колледжі ғимаратында есірткімен күрес туралы семинар-тренинг өтті. Халықаралық нашақорлықпен крес күні қарсаңында ұйымдастырылған «Жақсы әдеттер марафоны!» ұранымен өткізілген шараның мақсаты  — жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, оның залалын түсіндіру. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Ақтөбе қаласындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, жергілікті полиця бөлімі, т.б. құзырлы орган өкілдері болашақ медицина ...

Жалғасы »

Ит-мысықтарды аулау жүргізіліп жатыр

Анық-қанық Елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң биыл  2 наурыздан бастап күшіне енгені белгілі. Онда иттерді ату көзделмеген. Облыстық мәслихаттың шешімімен 2022 жылға қаңғыбас ит-мысықты аулау мен жоюға облыстық бюджеттен 51 825 000 теңге қаржы қарастырылған. Жаңа Заң күшіне енгенге дейін жыл басынан бастап Ақтөбе қаласы мен аудандарда  3792 қаңғыбас ит ауланып, жою жұмыстарына 9 840 936 теңге қаржы жұмсалған. ...

Жалғасы »

Балаңызға сақ болыңыз!

Өткен жылы қаланың су айдындарында 15 оқиға тіркеліп, 11 адам суға кетіп қайтыс болған. Оның екеуі — бала. Құтқарушылар қайғылы жағдайдың барлығы дерлік шомылуға тыйым салынған аймақтарда болғанын айтады. Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындардан суға түсу ережелерін сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. — Ата-аналар балалары үшін тереңдігі 5 сантиметрден асатын су толы ыдыстардың, үрмелі бассейндердің қауіпті екенін естен шығармағандары ...

Жалғасы »

Аяқкиімді қолдан тоқиды

Жиырма бес жылдан астам уақыт ұстаздық етіп келе жатқан Гүлмира Саттарова бүгінде репетиторлықпен қоса тоқыма тоқып, өзінің жақсы көретін ісін табыс көзіне айналдырып отыр. Тоқыма өнерінебала кезден қызыққанын айтады. Оқушы кезінде анасынан әуелі қолғап, шұлық тоқып үйренеді. Есейе келе ересектерге жеңсіз жейде, кішкентай балаларға түрлітүсті жіптерден әдемі киімдер тоқуды ермек қылады. Өзінің айтуынша, ілмекті екі жыл бұрын ғана ұстап көріпті. ...

Жалғасы »

Техниканың тілін білетін Тимур

Қандыағаштық көлік жүргізушілері темір тұлпары бұзылып қалса, бірден ТимурӘбдіровті іздейді. Техниканың тілін жақсы білетін жігіт бұл шеберлігін кәсіпке айналдырған. Мемлекеттік«Бастау-Бизнес» жобасына қатысып, техникалық қызмет көрсету стансасын ашқанын айтады. — Бұл кәсіпті бастамас бұрын жеті жылдан астам уақыт біреудің техникалық қызмет көрсету стансасын жалға алып, жұмыс істеп жүрдім. Осы уақыт аралығында қаражат жинап, жер сатып алып, ғимарат салдым. Өкінішке қарай, ғимараттың ...

Жалғасы »