Daily Archives: 4 Маусым 2022

Кітап фестивалі үш айға созылады

«Kids book fest-2022»  балалар кітап фестивалінің ашылуы салтанатты жағдайда өтті. Облыстық  білім басқармасы мен мәдениет, архивтер және құжаттама басқармалары ұйытқы болған шара Балалар жылына орай өткізілді. Абай гүлзарында өткен фестивальге облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, кітапханашылар, мектеп оқушылары, кітап дүкендері өкілдері жиналды. Фестиваль мақсаты — жас ұрпақ бойына жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, олардың көркем ...

Жалғасы »

Саябақтағы көңілді күн

Ақтөбедегі «Yurta park» отбасылық демалыс саябағында Балалар жылына орай «Балаларға қуаныш сыйла» атты қайырымдылық акциясы жалғасын тапты. Облыстық жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен шараға «Аяла» өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы мен бірқатар мектеп оқушылары қатысты. Балдырғандар ашық аспан астындағы саябақта түрлі аттракциондарда ойнап, көңілді уақыт өткізді. — Акцияға Ақтөбе қалалық әкімдігі мен облыстық полиция департаменті қолдау білдіріп отыр. ...

Жалғасы »

Ерхат ЕСҚАЛИЕВ: Ақтөбе — ең ірі медициналық құрал-жабдықтарды өндірушілердің бірі

Кеше Ақтөбеде облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев жұмыс бабымен кездесті.  Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев, облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуандық Қасымов, «СК-Фармация» ЖШС-ның медициналық техникамен қамтамасыз ету басқармасының басшысы Николай Палинка қатысты. Тараптар өңірдегі медициналық техника өндірісін дамыту мәселелерін ​ талқылады. «СК-Фармация» ЖШС Ақтөбе қаласында медициналық техниканы ...

Жалғасы »

«Бақытты отбасы» бойынша өтінімдер қабылданады

20 маусымнан бастап «Отбасы банк» арқылы жүргізілетін мемлекеттік «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана бастайды. Бұл бағдарламаға көпбалалы отбасылар,  мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған және толық емес отбасылар (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауға тиіс) қатыса алады. Сонымен бірге олар осы санаттар бойынша мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған болуы және «Отбасы банкінің» салымшылары болуы керек. — Жолдама алу үшін әкімшілікке барудың ...

Жалғасы »

Облыста мемлекеттік инспекторлар жетіспейді

Жұма күні облыстық әкімдік ғимаратында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент директоры, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әділбек Мұқашев өткізген жиында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы бұзған құрылыс салушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы О.Сопрунға қатысты қозғалған тәртіптік іс қаралды. Кеңес мүшелері аталған шенеуніктің әкімшілік жауапкершілікке ...

Жалғасы »

Таңба — ұлттық түп-тегіміздің төлқұжаты

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ел рәміздері — еркіндік нышандары» атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл шараға негізінен жастар, кітапхана оқырмандары қатысты. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Айнагүл Еспембетова Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері және оның даму тарихын тереңінен баяндады. — Бүгінде Қазақ елі — ...

Жалғасы »

«Алтын сападан» үмітті ақтөбелік компаниялар

Елімізде 2006 жылдан бері ел Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқау мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы қатар өткізіліп келеді. Осы байқауларға қазір өтінім қабылданып жатыр. Ақтөбе облысының қырықтан астам компаниясы тауарлар мен қызметтер сапасы байқауларына қатысуға өтінім берген. Жергілікті бизнес өкілдерінен өтінімдерді Ақтөбе өңірлік кәсіпкерлер палатасы қабылдап жатыр. Байқауға тауар өндіретін, қызмет көрсететін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер ...

Жалғасы »

Институт қонағы — балалар

Балалар жылында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының идеологиялық және имидждік бөлімі Халықаралық балаларды қорғау күнін ерекше атап өтті. Ұйымдастырушылар бұл күні институт қызметкерлерінің балаларын қонаққа шақырып, оларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Ата-аналар мен балалар аниматорлармен бірге қызықты ойындар ойнап, суретке түсті. Балаларға институтты таныстыру мақсатында ерекше ойын ұйымдастырылды: мұнда кішкентайлар мультфильм арқылы танитын «Саяхатшы Дараның» тапсырмаларын орындай отырып, институтпен танысты, ...

Жалғасы »

Табиғатты бірге қорғайық!

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде 5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай «Қоршаған орта — балалар көзімен» атты танымдық шара өтті. Шараға Ақтөбедегі Шығармашылық академиясы жанындағы «Жеті бояу» сурет үйірмесіне және «Жас туристер станциясының» экология үйірмесіне қатысатын оқушылар мен олардың жетекшілері арнайы шақырылды. — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілген. Басты мақсат ...

Жалғасы »

Ардагерлер бас қосты

Облыстық кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінде мұнай-газ саласының ардагерлері бас қосты. Өңірдегі ірі «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ына қарасты мекемелерде еңбек еткен ардагерлер енді еңбек дауларының алдын алу мақсатында келіссөздер жүргізуге қатысуды ұйғарып отыр. Қазіргі таңда ел экономикасының жетекші саласына айналған мұнай-газ саласында өткен ғасырдың 60-80 жылдарынан бастап еңбек еткен, жаңа кен орындарын ашуға, игеруге үлес қосқан ардагерлердің айтары көп. Оларға осы кезге дейін ...

Жалғасы »