Daily Archives: 3 Маусым 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Құрметті отандастар!Қазақстан өте маңызды әрі бетбұрысты кезеңге қадам басқалы тұр. 5 маусым күні азаматтарымыз жалпыұлттық референдумда дауыс береді. Конституцияға түзетулер енгізу мәселесі бойынша шешім қабылдайды. Бұл – мемлекеттің және бүкіл қоғамның болашағын айқындайтын жауапты сәт. Ел тағдыры ешкімді бей-жай қалдырмайтыны анық. Біз қазір барлық саланы жаңғыртуға кірістік. Осы жолда мемлекетті басқару үлгісін түбегейлі өзгерту қажеттігі туындады. Сол себепті мен наурыз ...

Жалғасы »

Аманғали БЕРДАЛИН: Ақтөбе облысында референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі жүргізілді

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Аманғали Бердалин, Ғалымжан Елеуов, Дания Еспаевамен кездесті. Айта кету керек, Мәжіліс депутаттары өңірде тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, алдағы ҚР Конституциясына түзету енгізу бойынша республикалық референдумның маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатын. — Облыстағы ірі кәсіпорындарға, өңірдегі шалғай елді мекендерге бардық. Ақтөбеліктер Президенттің саяси реформасын қолдайды. Бұған өңірдегі тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай ...

Жалғасы »

Референдум қарсаңындағы күн мен референдум өткiзiлетiн күнi жүргізілетін қызмет туралы ҚР бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпараттық хабарлама

Осы жылдың 5 маусымы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Республикалық референдум туралы» Конституциялық Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес референдум қарсаңындағы күн мен референдум өтетін күні кез келген үгіт жүргізуге тыйым салынатынын еске салады. Осылайша, 2022 жылғы 4 және 5 маусымда бұқаралық ақпарат құралдарында, ...

Жалғасы »

Ардагерлер белсенділігі жоғары

Облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен жиында ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістер енгізуге байланысты өтетін референдум жайы әңгіме өзегіне айналды. Жиынды ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов: «Әрбір ел азаматы өзінің референдумға қатысудағы орнын білуге тиіс. Елдің болашағы, кемелді келешек осы таңдауға байланысты деп ойлаймыз. Біздің ардагерлер ұйымы осы ауқымда жүйелі жұмыстар жүргізуде. Еңбек ардагерлері Баянғали Құлтаев, Ғалым Дәулеталин және ...

Жалғасы »