Daily Archives: 2 Маусым 2022

Үшемдердің ата-анасына бесікарба сыйлады

Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова жуырда көпбалалы ана атанған Қарлығаш Жармағамбетованың үйіне барды. Ол жұбайы екеуі 13 жасар қыз тәрбиелеп отыр.​ Көптен күткен екінші жүктілік ЭКО арқылы жүзеге асты. Мамыр айының соңында​ Қасым, Жомарт және Кемел есімді үш​ ер бала дүниеге келді.​ ​ Қазіргі таңда анасы мен сәбилер облыстық перинаталды орталықта. Дәрігерлердің сөзінше сәбилердің жағдайы —​ қанағаттанарлық.​ Жаңа туған ...

Жалғасы »

Болашағы жарқын жас достар!

Сіздерді 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп атағанын білесіздер. Ел Президенті «Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы — біздің жалпыұлттық міндетіміз», — деп атап көрсетті. Тәуелсіз ...

Жалғасы »

Тарихтан тағылым —  өткенге тағзым

Ақтөбе қаласында осындай атпен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған шара өтті. 31 мамыр күні таңертең ақтөбеліктер зұлмат жылдары жазықсыз атылған жандар жерленген Түйетөбеге жиналды.Қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған топ ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойды. Бұл шараға мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктердің дін өкілдері, репрессия мен аштық жылдары қайтыс болғандардың ұрпақтары ...

Жалғасы »

Ең басты құқық та бұйырмаған заман еді…

Алдағы жексенбіде елімізде республикалық референдум өткелі отыр. Қазақстандағы 18 жастан асқан әр азамат тегіне, әлеуметтік не басқалай жағдайларға қарамастан, сайлауға қатысып, өз дауысын бере алады. Сайлауға қатысу — еліміздегі әр азаматтың ең басты саяси құқығы. Ал осыдан бір ғасыр уақыт бұрын, кеңес билігі мұндай құқықты елдегі барлық азаматқа бірдей берген жоқ. Сайлау құқығына тек еңбекші тап өкілдері ғана ие еді. ...

Жалғасы »

Әр дауыс маңызды!

Кеше Парламент Мәжілісі және облыстық мәслихат депутаттары «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалының қызметкерлерімен кездесіп, республикалық референдум туралы пікір алмасты. Мәжіліс депутаттары, Amanat  партиясыреспубликалық штабының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Аманғали Бердалин бастаған делегация байланыс саласының өкілдеріне 5 маусымда өтетін саяси шараның мән-маңызын айтты. — Біз еңбек ұжымдарымен — медицина, педагогика, мәдениет салаларының қызметкерлерімен осындай кездесулерді жиі ұйымдастырып жүрміз. Ондағы мақсатымыз — Конституцияға енгізілетін ...

Жалғасы »

Бизнес өкілдері талқылады

Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева алдағы конституциялық реформаның мән-маңызын түсіндіру үшін бизнес өкілдерімен кездесті. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында іскер әйелдер қауымдастығы мен кеңесі, дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығы, басқа да салалық бірлестіктердің мүшелері, жергілікті депутаттардың қатысуымен жиын өтті. Басты мақсат — алдағы референдумды талқылау. Дания Еспаева ел Конституциясының 33 бабына енгізілетін өзгерістер мен түзетулерге кеңінен тоқталды: — «Жер мен оның қойнауы ...

Жалғасы »

Алыс ауылдарда болды

Амаnat партиясының мобильді бригадаcы облыстың шалғайдағы Сағашилі, Шығырлы, Қаратал, Құрмансай, Дөң  ауылдарының тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға бір күнде 100-ден астам азамат келіп, өтініш-тілектерін білдірді. Сондай-ақ тұрғындар Ата Заңға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар туралы толық ақпарат алды. Құрмансай ауылы тұрғындары негізінен ауылға газ және қосымша су құбырларын тарту, Мәртөк-Құрмансай трассасының құрылысын аяқтау, ауылішілік жолдарды жөндеу, балалар алаңын салу сияқты мәселелерді ортаға салды. ...

Жалғасы »

Қоғамның жаңаруы — жақсылық нышаны

Кеше Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінде «Қазақстандағы референдумның өткізілу мақсаты мен міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар ел дамуындағы Конституцияның рөлі мен Жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның маңыздылығын талқылап, референдумға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті. Референдум — Қазақстанның барлық азаматы қатысатын маңызды шара. 5 маусымда референдумға баруымыздың басты себебі — Жаңа Қазақстанның қалыптасу жолын айқындайтын Конституциямызға өзгерістер ...

Жалғасы »

Жаңа өзгерістер бастауы

«Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-ның облыстық басқармасында 5 маусымға белгіленген республикалық референдумға орай кездесу өтті. Аталған ұжыммен кездесуге Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева, белгілі ақын, «Үш таған» журналының бас редакторы Ертай Ашықбаев, «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Светлана Балпейісова қатысты. Парламент Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мақсаты, алдағы референдумға ұсынылған Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен ...

Жалғасы »

«СНПС-АҚТӨБЕМҰНАЙГАЗ» АҚ:  инновация жолындағы сенімділік және толымды тәжірибе

Экология және біз Маусым айының басында Қазақстанда Экологтар күні атап өтіледі. Бұл маңызды кәсіби мереке 2011 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңмен бекітілген. Қоршаған ортаны қорғау экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің белсенділігімен тікелей байланысты екені жалпыға мәлім. Ақтөбе облысының өнеркәсіп секторында мұнай-газ саласы ерекше айқындаушы мәнге ие. Міне, ширек ғасырдай уақыт бойы тұғырлы инвестор — Қытай Ұлттық ...

Жалғасы »