Yearly Archives: 2022

Дәурен Абаев: «Ақтөбе өңірі — айрықша туристік аймақ»

Кеше облысқа жұмыс сапарымен келген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Ақтөбе қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандар мен Қобда ауданындағы Абат-Байтақ кесенесіне, «Әлия» патриоттық тәрбие беру облыстық орталығына барды. Сондай-ақ өңір тұрғындарымен кездесу өткізді. Алдымен министр М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхананың жұмысымен танысты. Аталған кітапхана жаңа ғимаратқа биыл ғана көшкен. Қазір мұнда оқырмандардың алаңсыз кітап оқуына барлық жағдай жасалған. Кітапханада 28 мың ...

Жалғасы »

«Baqytty bala» — облыстың мәдени брендіне айналған фестиваль

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев пен облыс әкімі Оңдасын Оразалин Балалар жылына орайластырылған «Baqytty Bala -2022» төртінші ашық халықаралық балалар вокал фестивалі-байқауының қатысушыларымен кездесті. «Baqytty Bala» байқауы 2018 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатыр. Өткен жылдардың жеңімпаздары мен қатысушылары Димаш Құдайбергеннің жеке концерттері аясында, оның ішінде Лондон мен Нью-Йоркте бір сахнада өнер көрсетуге бірегей мүмкіндік ...

Жалғасы »

Құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Мереке Елімізде тамыз айының екінші жексенбісінде Құрылысшылар күні аталып өтіледі. Осыған орай облыс әкімі Оңдасын Оразалин құрылысшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жоғары нәтижеге қол жеткізген сала мамандарын «Құрметті құрылысшы» және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қ.Өскенбаевтың Алғыс хаттары мен басқа да марапаттарды табыс етті. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізіліп келе ...

Жалғасы »

Қаланы абаттандыру жүйелі жүргізіліп жатыр

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин мен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров қаланы абаттандыру және бірқатар құрылыс жобаларының жүзеге асырылуымен, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарымен танысты. Билік өкілдері алдымен, биыл жыл басында пайдалануға берілген «Келешек» денешынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Спорт кешенінің директоры Виталий Мукиннің айтуынша, жалпы алаңы 1300 шаршы метр болатын ойын алаңында  футбол, волейбол және баскетболмен шұғылдануға болады. Жобаның құрылысына 300 миллион ...

Жалғасы »

«Baqytty bala — 2022» басталды

Кеше Ақтөбе қаласында халықаралық «Baqytty вala — 2022» ашық балалар вокалдық фестиваль-байқауы шымылдығын түрді. Осымен 4-ші рет өткізілгелі отырған өнер бәйгесінде биыл 21 жас әнші бабы пен бағын сынайды. Балалар жылы аясында ұйымдастырылған дәстүрлі өнер мерекесінде әлемнің 8 елінен келген 10-16 жас аралығындағы жас талаптар сынға түспек. Қазылар алқасының шешімімен барлығы 200-ге жуық қатысушының арасынан суырылып іріктеу кезеңіне өткендер кеше, ...

Жалғасы »

Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау тәртібі өзгерді  

Брифинг Мұғалімдерді жұмысқа қабылдарда «бармақ басты, көз қысты» әрекеттерді болдырмау, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында педагогтерді жұмысқа алу жаңа форматта жүргізілетін болды. Бейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған өзгерістер туралы айтылды. — Жаңа оқу жылы басталуға жақын. Биылғы өзгерістер мен жаңашылдықтардың негізгісі — енді мұғалімдерді жұмысқа қабылдау жаңа форматта, конкурс негізінде жүзеге асырылатын болады. ...

Жалғасы »

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Кездесу Бейсенбі күні Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөліміне қарасты дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталықта мамандар Астана ауданы бойынша пробация есебінде тұрған әйелдермен кездесті. Басқосуға теолог-маман Әділжан Ұзақбай, психолог Тимур Төлепбергенов, Ақтөбе қаласы Астана аудандық пробация қызметінің инспектор-психологы Нұргүл Төлегенова қатысты. Кездесу барысында мамандар пробация есебінде тұрған әйелдерді жат ағымдарды насихаттаушылардан, әртүрлі құқықбұзушылыққа үгіттейтіндерден аулақ жүруге, отбасында бала тәрбиесіне ...

Жалғасы »

Имамдар білімін толықтырды

Ақтөбеде имамдар біліктілігін арттыру мақсатында семинар ұйымдастырылды. Семинарға қалалық, аудандық және ауылдық мешіттерден 30 имам қатысты. Оларға қазіргі әлемдік саясаттағы ислам феномені, бабалар дүниетанымындағы діндарлық түсінігі, ханафи-матуридилік сенімнің ерекшеліктері, жамағатты Қазақстан қоғамының рухани құндылықтарына бейімдеу критерийлері және басқа да тақырыптарда дәріс оқылды. Дәріс оқығандар арасында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тышхан, «Нұр Мүбарак» Египет ислам ...

Жалғасы »

Ұтылған жоқ, бірақ ұта да алмады

Конференция Лигасы Бейсенбі күні Конференция Лигасының үшінші кезеңінің қарымта кездесулері өтті. Бұл кезеңде ойнауға қазақстандық командалардан «Тобыл» мен «Қызылжар» қалғаны белгілі. Ал «Астана» мен «Қайрат» екінші кезеңнен аса алмай қалған болатын. Үшінші кезеңнің 4 тамызда өткен бірінші кездесуінде біздің екі команда да ұтылып қалған еді. Рас, ойсырай ұтылған жоқ, сырт алаңда екі командамыз да алаң иелеріне небәрі 0:1 есебімен жол ...

Жалғасы »

Балаңыз ойнап жүріп, от баспасын десеңіз…

Ата-аналарға кеңес Отбасы — баланың алғашқы тәрбие алатын орны. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет-дағдысы қалыптасады. Бала — ата-ананың өмірінің жалғасы. Кейбір ата-аналар мектеп жасындағы баласының тәрбиесіне көңіл бөлуге уақыт таппай, кейін өкініп жататын жайттар жиі кездеседі. Бала кішкентай кезде ата-ана оны өмір бойы солай өз жетегінде жүретіндей көреді. Ал уақыт жылдам. Балабақша да, мектеп те өз тараптарынан белгілі мөлшерде, бекітілген бағдарламалар ...

Жалғасы »