Басты бет » 2021 » Қараша » 25 (page 2)

Daily Archives: 25 Қараша 2021

Келер жылы суармалы жер көлемі 41 мың гектарға дейін артады

Облыста келер жылы суармалы жер көлемі 41 мың гектарға ұлғаяды. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының директоры Әділжан Әлізақ хабарлады. Өңірде агроөнеркәсіп саласы кешенді дамып келеді. Өйткені кәсіпорында суармалы жер көлемін өсіруге бағытталған арнайы мемлекеттік бағдарламалар бар. Мәселен, 2017-2021 жылдарға арналған «Суармалы жерлерді қалпына келтіру» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 жылда суармалы жер көлемі едәуір артқан. — 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпорын ...

Жалғасы »

Мәслихаттардың міндеттері айтылды

Парламент Сенатының спикері мен мәслихаттардың хатшылары қатысқан шарада өңірлік даму мәселелері талқыланып, бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылаудың және Мемлекет басшысы бастамашылық еткен және «NurOtan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізудің маңыздылығы айтылды. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Нұр-Сұлтанда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат хатшыларымен, сондай-ақ жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес және «Өңір» депутаттық тобының мүшелерімен кездесу барысында Қазақстанның ...

Жалғасы »

Газет — қоғамның жаршысы

Ләззат ОРАЗБАЕВА, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы. Баспасөз — 2022 Газет оқу — зиялылықтың белгісі. Ахмет Байтұрсыновтың «Газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі таңда ақпарат алмасудың заманауи тәсілдері  де көп. Қазір айтылған ақпарат көзді ашып-жұмғанша сол мезетте-ақ ғаламтор, түрлі сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы әлемге тарап жатады. Бірақ газет оқу мәдениеті ...

Жалғасы »

Мүгедек жандардың мүддесін қорғайтын өзгерістер таныстырылды

Сәрсенбі күні Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсінік берді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Парламент Сенатының депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын пленарлық отырыста қарап, бірінші ...

Жалғасы »

Өңірде «Pfizer» вакцинасын егу жұмыстары басталды

22 қарашадан бастап облыста 12-17 жастағы жасөспірімдерді, 16-37 апта арасындағы жүкті және емізулі әйелдерді «Pfizer» вакцинасымен егу жұмыстары басталды. Қазіргі таңда қалалық емханаларда бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Біз жауапты мамандармен екпе салу жұмыстары туралы тілдескен едік. Сонымен… 40 мың доза вакцина жеткізілді Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың айтуынша, бүгінгі күні өңірге «Pfizer» вакцинасының алғашқы 40 мың дозасы жеткізілген. ...

Жалғасы »

Қартаймаудың құпиясымен бөлісті

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында  Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің патологиялық физиология және химиялық пәндер кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Қожантай Қасеновті еске алу мақсатында «Демографиялық ауысу және қартаюдың биохимиялық және патофизиологиялық аспектілеріндегі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарымен қатар, Польша, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжанның ғылыми ұйымдарынан келген өкілдер қатысты. Конференция ...

Жалғасы »

Редакцияға хат

«Pfizer» вакцинасын салдыра аламыз ба? Алма ОРАЗОВА, Ақтөбе қаласының тұрғыны: Осы аптада облысқа «Pfizer» вакцинасы жеткізілгенін естідік. Қарапайым тұрғындарға бұл вакцинаны салдыруға бола ма? Әлде тек жасөспірімдер мен жүкті әйелдер ғана егіле ме? Редакциядан: Бұл сауалға облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров жауап берді: — «Pfizer» вакцинасы әзірге тек 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен бала емізетін, 16-37 апта арасындағы жүкті ...

Жалғасы »

«Тәуелсіздік — мызғымас тұғырымыз!»

Конкурс Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымы облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары арасында тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай осы тақырыпта конкурсқа материалдар қабылдайды. Конкурсқа баспасөз, радио және телевизия қызметкерлері қатыса алады. Басты тақырып — еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін жария ету, егемендіктің жемісін нақты деректермен баяндау, еңбек адамының бейнесін көрсету. 2021 жылдың қаңтар айынан бастап газет, журнал, және телерадиоларда жарияланған материалдарды Журналистер одағының облыстық ...

Жалғасы »

Кеңқияқ мұнайының мақтанышы

1966 жылдың 22 наурызында құрылымдалған «Кеңқияқмұнай» мұнай кәсіпшілігі басқармасының негізі қаланғанына биыл 55 жыл толды. Бұл мерекенің кәсіпшілік тарихында орны бөлек. Негізінде, Темір ауданында «қара алтынды» өнеркәсіптік өндірудің ресми түрде бастау алар тұсы да осы кезеңмен байланысты. Кеңқияқ мұнайшылары Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібінің жаңа дәуірін осындай қадаммен ашқан еді. Елуінші жылдардың соңында осы аумақта мұнайдың тұзүсті қабатын белсенді игерудің алғашқы талпынысы ...

Жалғасы »

Цифрландыру — уақыт күттірмейтін іс

Цифрландыру бағытындағы жұмыстар еліміздің елеулі экономикалық тиімділікке қол жеткізуіне, сондай-ақ  халықтың өмір сүру сапасын арттыруға өз септігін тигізбек.Облыс орталығы Ақтөбе қаласында жалпылама цифрландыру жұмыстары жалғасып жатыр. Жыл басынан бері бұл бағытта бірқатар нақты істер тындырылған. Шаһарды цифрландыру бойынша атқарылып жатқан шаруалар туралы Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы Аманат Рахимов айтып берген еді. Ақтөбенің өз ...

Жалғасы »