Daily Archives: 23 Қараша 2021

Еңбегі жанған арулар

Ел тәуелсіздігінің 30 және іскер әйелдер қауымдастығының 25 жылдық мерейтойы қарсаңында «Еңбегі жанған арулар» атты облыстық форум өтті. Шығармашылық академиясында өткен форумға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова, іскер әйелдер қауымдастығының Ақтөбе облысы бойынша төрайымы Күлшат Масалимова, басқарма басшылары, сондай-ақ облыстың барлық ауданынан келген іскер әйелдер қатысты. Форумның басты қонағы —Түркияның Бурса қаласынан келген ауыл әйелдері федерациясының төрайымы Сермин Чакалыоглу. ...

Жалғасы »

Ауыл мемлекет қамқорлығын сезініп отыр

Жақсығали ИМАНҚҰЛОВ, облыс әкімінің орынбасары. Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен көрген бейнеті ерекше құрметке лайық. Маңдай терді, үлкен жауапкершілікті талап ететін, қызығы мен қиындығы қатар жүретін ауыл еңбеккерлерінің еңбегін, осы салада биылға қол жеткізген нәтижелерді қорытындылайтын уақыт келді. Биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялауға 23,7 млрд теңге көзделіп, оның17,0 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінді. Нәтижесінде ...

Жалғасы »

Облыстық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес  ШЕШІМ ЕТЕМІН: Облыстық мәслихаттың кезекті алтыншы сессиясы 2021 жылғы  3 желтоқсанда сағат 10.00-ге шақырылсын. Сессияның күн тәртібіне мынадай мәселелер енгізілсін:   2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы. Облыстық мәслихаттың 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №574 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» ...

Жалғасы »

«Pfizer» вакцинасымен егілу басталды

Ақтөбеге «Pfizer» вакцинасының алғашқы 40 мың дозасы жеткізілді. Жалпы алғанда облысқа 93 мың доза әкелінетін болады. 22 қарашадан бастап аталған вакцина медициналық ұйымдарға таратылып, егу жұмыстары басталып кетті. «Pfizer» вакцинасы 12-17 жастағы жасөспірімдерге, 16-37 апта арасындағы жүкті әйелдер мен емізулі әйелдерге беріледі. Бұл туралы «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы» тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары ...

Жалғасы »

Қоймадағы картоптың сапасы қандай?

Апта сайын«Пригородное» ЖШС көкөніс қоймасынан «Анвар» және «Дина» супермаркеттерінің қоймасына 10 тонна картоп және 5 тонна сәбіз жөнелтіледі. Ал бұл өнімдер кейін ақтөбеліктерге әлеуметтік баға негізінде сатылады. Дүйсенбі күні облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастырған баспасөз туры барысында журналистерге тұрақтандыру қоры қоймасындағы көкөністердің сақталу сапасы мен супермаркет қоймасына жөнелтілу жолдары көрсетілді. Бұл турды ұйымдастырудың негізгі мақсаты ...

Жалғасы »

Мал ауруының аусыл емес екендігі анықталды

Жексенбі күні БАҚ беттерінде Алға ауданында аусыл ауруы тіркелгені туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты облыстық ветеринария басқармасының мамандары түсініктеме берді. Облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаровтың айтуынша, бұған дейін Бестамақ ауылында бірқатар ірі қара мал ауырған. Аурудың сынамасы республикалық референттік орталыққа жіберілген. Нәтижесінде аталған мекемеден бұл індеттің ірі қара малының жұқпалы ринотрахеиті екендігі жайлы растау қағазы келген. Жіберілген сынамалардан ...

Жалғасы »

Қылмыскер бала қайдан шығады?

Ата-ана біткенбаласын «дұрыс адам бол!» деп тәрбиелейді. Бес саусақтың бірдей болмайтыны сияқты, бір шаңырақта өсіп жатқан балалардың өзі әртүрлі боп өсетінін қайтерсің. Күнұзаққа жұмыста жүрген ата-ана баласына жеткілікті деңгейде көңіл бөле алмадым-ау депбәйек болса, қадағалаусыз қалған бала өз ойындағысын іске асырып әлек… Әсіресе, әлі белі бекіп, буыны қатая қоймаған балалардың қылмыс жасауына не түрткі? Жеткіншектер қандай қылмысқа жиі барады? Осы ...

Жалғасы »

Жастар мәселесі талқыланды

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева жоғары оқу орындарының басшыларымен кездесті. Жиын барысында  білім сапасын арттыру, жастарды тәрбиелеу, жас ғалымдар кеңестері төңірегінде мәселелер қозғалды. Алдымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Е.Мұханбетқалиев аталған оқу орнында жүргізіліп жатқан оқу және тәрбие жұмыстары туралы баяндады. Оның айтуынша, университетте ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген кемел болашақты тәрбиелеу бағытында ...

Жалғасы »

«Болашаққа хат» — Ақтөбе театрындағы алғашқы детектив

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Болашаққа хат» спектаклінің премьерасы болды. Жас драматург Қолғанат Мұраттың детектив жанрындағы аталған туындысы ақтөбеліктерге үш күн қатарынан ұсынылды. Облыстық драма театры директорының орынбасары Жандос Еспанбетовтің айтуынша, қылмыстық оқиғаға негізделген мұндай жанрдағы спектакль Ақтөбе театрында алғаш рет сахналанып отыр. Сонысымен ерекше. Шағын залда қойылған туындының қысқаша мазмұнына келсек, оқиға мұғалімнің өлімінен өрбиді. Мектепке жиналған ата-аналарға тергеу ...

Жалғасы »

Тәртіп сақшылары қан тапсырды

«Есірткісіз болашақ» республикалық акция барысында облыстық қан орталығында полиция департаментіесірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері төрт литрден астам қан тапсырды. — Біз бұл эстафетаны Ақмола облысы тәртіп сақшыларынан қабылдадық. Эстафета мақсаты —донорлық қанға мұқтаж адамдарға барынша көмек көрсетіп, өмірлерін сақтап қалу. Біз, полиция қызметкерлері,қала тұрғындарын донор болуға, қан тапсырып, адам өмірін құтқарып қалуға атсалысуға шақырамыз, — деді полиция департаменті есірткіге қарсы ...

Жалғасы »