Daily Archives: 20 Қараша 2021

Үкіметтік емес ұйымдар: 30 жылдық белес

Ақтөбе қаласында «Қоғам және мемлекеттің тұрақты даму мүддесіндегі серіктестіктің 30 жылы» атты облыстық конференция өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған жиын үкіметтік емес ұйымдарға арналды. Оған атқарушы билік пен түрлі орталықтардың өкілдері, сондай-ақ журналистер жиналды. Сала бойынша бүгінге дейін атқарылған шаруалар қорытындыланып, өзара ұсыныс-тілектер сараланған басқосуда үкіметтік емес ұйымдардың жетістіктері қамтылған көшпелі көрме ұсынылды, осы тақырыпта бейнеролик көрсетілді. Бірінші ...

Жалғасы »

Үш жылдық бюджет шығыны қаралды

Облыстық полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылары депутаттарға алдағы үш жылға арналған бюджет шығындары туралы баяндады. Депутаттық жұмыс тобы мен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында депутаттар әуелі аталған комиссия төрағасының есебін тыңдап, сосын Мәртөк ауданының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту мәселесін талқылады. Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Азамат Сатыбалдиннің айтуынша, полиция ...

Жалғасы »

Қараусыз қалған балалар

Бейсенбі күні қала әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Айбек Көпеновтің төрағалық етуімен өткен отырыста  кәмелетке толмаған 7 бала мен 5 ата-анаға қатысты 4 бақылау ісі талқыланды. Алдымен жасы отыздан асқан Элеонора есімді келіншектің мәселесі қаралды. Жалғызбасты әйелдің 8-сыныпта оқитын бір баласы бар. Элеонора ішімдікке салынған, үйінің жағдайы өте нашар. ...

Жалғасы »