Daily Archives: 19 Қараша 2021

Өрт қауіпсіздігін сақтау — басты талап

Брифинг Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында «Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг өтті. Бүгінге дейін Ақтөбе қаласының аумағында 289 өрт тіркелді. Өрт салдарынан 5 адам қайтыс болып, 14 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Бұл туралы брифингте Ақтөбе қаласындағы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Айбат Жаңабергенов мәлімдеді. — Өрт көбіне жеке тұрғын үй секторында болады. Биыл 150 оқиға тіркелді. Жеке ...

Жалғасы »

Ақтөбеден бөлек, үш ауданда тіркелді

18 қараша күні облыста 19 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың арасында 16 адамнан ауру белгілері байқалған, ал өзгелері денсаулығына байланысты еш шағым айтпаған. Жалпы, пандемия басталғалы бергі уақыттың ішінде өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 34 713 адамға жетті. Олардың 98,1 пайызы жазылып шықты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында өткен тікелей эфирде айтылды. Мұнда індеттің таралуы мен вакциналауға қатысты өңірдегі қазіргі ...

Жалғасы »

Өнер байқауы басталды

 «TALANTTAR АLEMI — 2021» Ақтөбеде халықаралық шығармашылық көпжанрлы «Talanttar Аlemi — 2021» байқау-фестивалі басталды. Биыл төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған өнер додасында 400-ге жуық қатысушы бақ сынауда. Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен және Ақтөбе қаласындағы «Talant Studio» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен басталған байқау онлайн және офлайн форматта өткізілуде. Байқау хореография, вокал (академиялық, эстрадалық), хор, халық фольклоры (халық аспаптары, дәстүрлі ән), аспаптық жанр, ...

Жалғасы »

Онкүндік өтеді

Брифинг 1 желтоқсан — Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні. Осы күнге орай облыста кешенді іс-шаралар кампаниясы ұйымдастырылады. Бұл туралы Instagram және фейсбук желілеріндегі aqtobe_press парақшасында «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні» тақырыбында өткен тікелей эфирде айтылды. Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың алдын алу бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаеваның айтуынша, облыс көлемінде «Өмірің өз қолыңда!» атты ЖИТС-ке қарсы ...

Жалғасы »

Елмен бірге өркендеген отбасылар

«Анаға тағзым» орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Алтын шаңырақ» атты кездесу өтті. Шараға 1991 жылы шаңырақ құрған үлгілі, көпбалалы, әртүрлі салада жетістіктерге жеткен Ақтөбе қаласынан және облыс аудандарынан 13 отбасы қатысты. Отбасылар дастарқан басында кездесіп, емен-жарқын әңгімелесті. Қоғамда отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау және отбасы институтын нығайту мақсатында ұйымдастырылған кездесуді облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде облыс әкімі ...

Жалғасы »

Аманкөл ажарлана түсті

Биыл аудандағы Қызылжар ауылдық округінің орталығы Құрылыс пен округке қарасты Шеңбертал елді мекені және Ырғыз ауылдық округінің Ақши ауылына көгілдір отын берілді. Қазіргі таңда Аманкөл ауылдық округіне қарасты Құтикөл елді мекеніне газ құбырын тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ал аудан орталығынан бөлек, алғаш болып осы округке асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша Аманкөл ауылдық округі көркейіп, келбеті ажарлана түсті. Округ әкімі Азамат ...

Жалғасы »

Шеңберталда ұстаздар аллеясы бар!

Жуырда Қызылжар ауылдық округі Шеңбертал ауылында Ұстаздар аллеясы ашылды. Өткен жылы қолға алынған жоба биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында ел игілігіне берілді. Бүгінде аудан тарихында алғаш рет ұстаздардың құрметіне арналып салынған аллея тұрғындардың демалып, жастардың басын қосатын көпшілік орынға айналды. Аллея ауылдағы орта мектепке жақын орналасқан. Жалпы ауданы — 1140 шаршы метр. Аллеяда қазақтың тұңғыш ағартушысы, Ырғызда алғаш қыздар мектебін ...

Жалғасы »

Зейнетақы қоры: жаңа модуль және сапалы қызмет

Семинар Кеше Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры журналистерге арнап онлайн форматта семинар өткізді. Семинар барысында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басқарушы директоры, Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры М.Шәріпов, қордың актуарлық есептеулер бөлімінің басшысы А.Сапин, бақылау және құжаттарды өңдеу басқармасының бас маманы О.Есжанов, төлемдерді ұйымдастыру және хабарландыру департаментінің бас маманы Г.Ағайдарова, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Түркістан қалалық филиалының директоры Қ.Кенбаев, т.б. мамандар БАҚ өкілдеріне ...

Жалғасы »

Жақсылық пен жаңалықтың жаршысы

Баспасөз — 2022 Алмагүл САРЫБАЙ, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық-бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Газет-журналды бала кезімнен сүйіп оқимын. Бала кезімізде әкем: «саған «Қазақстан пионерін», саған «Балдырғанды» жаздырдым» деп айтып отыратын. Біз газет-журналымыз келгенде қатты қуанатынбыз. Есейе келе, «Лениншіл жас» газетін алдырттым. Ал «Коммунизм жолы» секілді газеттерді əкем өзіне жаздыртып алып оқитын. Бұл жақсы дәстүрден біз әрқайсысымыз бөлек отбасы болып кетсек ...

Жалғасы »

 «Orda» жинағы балаларға жол тартты

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «OrdaGen» әлеуметтік-танымдық жобасы аясында жарық көрген «Orda» ертегілер жинағының тұсаукесері өтті. Шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова,  облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Балмағамбетова, ардагер, журналист Арыстан Айымбетов, «OrdaGen» жобасының жетекшісі Парасат Танен, жобаның Ақтөбе қаласы бойынша филиал директоры Гүлназ Берікова, сондай-ақ кітапхана оқырмандары мен студенттер қатысты. «OrdaGen» жобасы 2018 ...

Жалғасы »