Daily Archives: 18 Қараша 2021

Азаматтық қорғаныс іс-шараларын профилактикалық бақылау толық орындалды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен облыстық лаңкестікке қарсы комиссия мен төтенше жағдайды ескерту және жою комиссиясының бірлескен отырысы өтті. Онда азаматтық қорғаныс пен хабардар ету жүйесін жаңғырту шараларының орындалу мәселесі қаралды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметтері бойынша биыл облыста азаматтық қорғаныс іс-шараларын профилактикалық бақылау 100% орындалған. Атап айтқанда, облыстың азаматтық қорғаныс жоспарына түзетулер енгізілді, облыстық азаматтық қорғаныс қызметтерін құру туралы шешім ...

Жалғасы »

Қаржыгерлерді құттықтады

Облыстық мәслихат депутаттары қаржы саласының бір топ қызметкерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл күні мәслихаттың мәжіліс залына облыстық қаржы, сондай-ақ экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларыныңбасшылары және жиырмаға жуық маманы жиналды. Шақырылғандарды Қаржыгерлер күні мерекесімен құттықтаған облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов: — Сауатты жоспарлау, ақша ресурстарын бөлу, оларды жұмсау тиімділігін басқару, барлық деңгейдегі бюджеттер үшін кіріс көздерін дамыту — қаржыгерлердің міндеті. Десек ...

Жалғасы »

Полицейлердің жұмысымен танысты

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров, жергілікті мәслихат депутаттары полиция департаментіне барып, ондағы сервистік модельдің қалай іске асырылып жатқанын көрді. Мемлекет басшысыныңІшкі істер министрлігіне, соның ішінде полицияға сервистік модельді енгізу және өңірлерде цифрландыруды дамыту жөніндегі міндеттерді қойғаны белгілі. Жоғарыда аталғандар соның іске асырылу барысымен танысты. Облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қанат Әлиев Ақтөбедегі криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы ...

Жалғасы »

146 мыңға жуық ақтөбелік жер кезегінде тұр

Сәрсенбі күні Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимаратында тұрақты комиссияның отырысы өтіп, онда жер учаскелерін бөлудегі заңдылық мәселелері қаралды. Ақтөбе қалалық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының отырысына депутаттар, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Күн тәртібіндегі басты мәселе — жер учаскелерін бөлудегі заңдылық мәселелері бойынша Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ислам Ізбасқанов ...

Жалғасы »

Қаламгерге құрмет

Кеше көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Мәди Айымбетовтің мерейлі 75 жасқа толуына орай облыс әкімі Оңдасын Оразалин жазушы мен оның зайыбы Роза Алпысбайқызын қабылдап, құрмет көрсетті. Сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік ел» залында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, қаламгердің «Бопай ханым» кітабының тұсауы кесілді. Шараны жүргізген Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айбек Көпенов қаламгердің өмір жолында ...

Жалғасы »

Марат — республикалық айтыстың жеңімпазы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтөбеде өткен «Тұғырлы Тәуелсіздік» атты республикалық айтыста бас жүлдені Марат Ахметов жеңіп алды. Облыс орталығындағы Студенттер сарайында өткен айтыс екі күнге созылды. Жыр додасын белгілі ақын, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізді. Айтысқа барлығы 20 ақын, соның ішінде Ақтөбеден алты ақын қатысты. Алғашқы күні ақындар 10 жұп болып айтысып, қазылар алқасының ...

Жалғасы »

Құжаттар онлайн жасалады

«Даму» қоры арқылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау алуға ниеттенген шағын және орта бизнес өкілдері аталған қормен, екінші деңгейлі банктермен арада онлайн келісімшарттар жасаса алады. 8 қарашадан бастап электронды цифрлық қолтаңба арқылы кеңсеге бармай-ақ, құжаттарға онлайн қол қоюға болады. Ақтөбеде жақында алғаш рет «Даму» қоры, кәсіпкер және банк арасында онлайн режимінде алғашқы құжатқа — кепілдік шартына қол қойылды. Осылайша  жеке кәсіпкер ...

Жалғасы »

«Қарт сарбаз» бен «Бопай ханым» романдарын қайдан сатып аламыз?

Редакцияға хат Редакциямызға Ақтөбе қаласынан газетіміздің оқырманы әрі кітап оқырманы Гүлсім Сұлтанғалиева хабарласты: — Бұқаралық ақпарат құралдарынан жерлес жазушыларымыз — Өтебай Қанахиннің «Қарт сарбаз» және Мәди Айымбетовтің «Бопай ханым» романдарының жарыққа шыққанынан хабардар болдық. Қазақтың тарихының жұрт басына күн туған ең күрделі кезеңдерінен жазылған бұл екі шығарманың да негізгі оқиғалар желісі, біздің білуімізше, Ақтөбе топырағында өрбиді. Халқымыздың да, өлкеміздің де ...

Жалғасы »

Кәсіпкер көпір салып берді

Тама Есет Көкіұлы кесенесінің іргесінен ағып жатқан Есет өзеніне Қожаевтар әулеті құны 30 миллион теңге тұратын көпір салып берді. Алға ауданы Бестамақ ауылдық округіне қарасты Бесқоспа ауылының тұрғындары енді өткелден қиындық көрмейді. «Алихан Ойл» құрылыс компаниясының басшысы Зұлқожа Қожаев келесі жылы Бесқоспа ауылына ауызсу құбырын жүргізбекші. Әрине, құрылыс бастамастан бұрын ауылдың жайымен танысып, аудан, ауыл әкімдерімен,тұрғындармен кездеседі. Әңгіме барысында ауыл ...

Жалғасы »

Туған өлкенің тұнған шежіресі

Баспасөз — 2022 Назира ҚОЖАХМЕТОВА, Әйтеке би аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы. Мамандығым кітапханашы болғандықтан, жұмысым кітаппен, газетпен тікелей байланысты. Республикалық газет-журналдармен қатар, өлкеміздің шежіресі саналатын «Ақтөбе» газетіне жазылып келе жатқаныма 30 жылға жуық уақыт болды.Әйтеке би аудандық балалар кітапханасында 1991 жылдан бастап еңбек етіп келемін. Біздің кітапханада «Ақтөбе» газетінің соңғы үш жылда шыққан нөмірлерінің тігінділері сақталған. Жұмыс барысында газет тігінділерін ...

Жалғасы »