Daily Archives: 13 Қараша 2021

Үш ауылға газ, көпбалалы отбасыларға үй берілді

Хромтау мен Әйтеке би аудандарына жұмыс бабымен барған өңір басшысы көгілдір отын кірген ауыл тұрғындарының  қуанышына ортақтасты. Табанталдың жолы тақтайдай Алдымен облыс басшысы  Ақтөбе қаласынан 65, Хромтау қаласынан 110 шақырым болатын Табантал ауылындағы кіреберіс жолдың жайымен танысты. Ұзындығы 25 шақырым автокөлік жолының құрылысы өткен жылы басталып, биыл тамыз айында пайдалануға берілді. «АссанаДорСтрой» ЖШС салған жолға республикалық және облыстық бюджеттен 621,3 ...

Жалғасы »

Елорда қасыңда тұрғандай сезіледі

Ел астанасы мен Ақтөбенің арасын жалғайтын цифрлық портал орнатылды. Ол қаладағы триатлон саябағында тұр. Ақтөбені Нұр-Сұлтан қаласымен байланыстыратын жаңа цифрлық портал —кәсіпкер, «ASAR-реклама» ЖШС-ның бас директоры Геннадий Зобенконың тәуелсіздік мерейтойына орай туған жерге жасаған сыйы. — Мен еліміздің Тәуелсіздік мерейтойына орай Ақтөбеге ерекше сый жасағым келді. Бұл — Еуропа қалаларында бар нәрсе. Екі қаланың арасында орнатылған экран арқылы алыста жүрген ...

Жалғасы »

Қобдадағы оң өзгерістер

Кеше облыс әкімінің кезекті іссапары Қобда ауданында жалғасты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен танысып, бірқатар елді мекендерді аралады. Дәрігерлік амбулатория — халық игілігіне Өңір басшысының жұмыс сапары Қобда ауданындағы Иманғали Білтабанов ауылынан басталды. Мұндағы жақында жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. Жалпы аумағы 320 шаршы метрді құрайтын нысанның құрылысына 67 миллион теңге қаражат жұмсалған. Қобда аудандық ауруханасы бас ...

Жалғасы »

Мәселелер қаралды, міндеттер айқындалды

Сәрсенбі күні Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов қатысты. Кеңес отырысының күн тәртібінде NEET санатындағы жастармен жүргізіліп жатқан жұмыстар, өңір жастарын туризмді дамытуға және облыс көлемінде өтетін мәдени іс-шараларға тарту, облыс халқын 1000 адамға арналған спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жиында аталған ...

Жалғасы »

Таза қаланың тұрғындары марапатталды

«Ғашықтар» аллеясында Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров қала аумағын абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру шараларына белсенді қатысқан үздіктерді марапаттады. Әуелі сөз сөйлеген Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров: — Биылғы ерекшелік —  біз, ақтөбеліктер тазалықтың екі айлығын бір емес, екі рет өткіздік. Бұл — облыс әкімінің идеясы. Қала қысқа таза түсуі тиіс, сонда көктемде ауқымды шаруалар да аз болады. Қала тазалығына ...

Жалғасы »

Баспасөз — ұлттың мінбері

Зоя БРАЛОВА, ардагер-ұстаз, «Құрмет белгісі» орденінің иегері. Баспасөз — 2022 Бастауында осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын шыққан «Қазақ», «Айқап» сынды басылымдар тұрған қазақ баспасөзі өзінің бүткіл тарихында ұлттың сөзін сөйлеп, ұлттың мүддесін көздеп, ұлт мінбері болып келеді. Тіліміз, діліміз өгейлік көрген кешегі кеңестік заманда да біз өзіміздің ұлттың әдебиеті, тіл тағдыры туралы ой-пікірімізді осы газет-журналдар арқылы жеткіздік. Соның ішінде облыстық ...

Жалғасы »

Мемлекеттік бағдарламалар: «Дамумен» бірге даму

«Даму» қоры — еліміздегі бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржылық қолдаудың іске асырылуын және мониторингін жүзеге асыратын негізгі оператор.  Бүгінде аталған қор «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы» сынды мемлекеттік бағдарламалар бойынша субсидиялау, кепілдік беру секілді тетіктерді іске асырып отыр. Жыл басынан бергі он айда облыста жалпы сомасы 38 250 млн теңгеге 1 351 жоба бойынша субсидиялау ...

Жалғасы »

Ерікті түрде жүргізіледі

Елімізде 12 мен 18 жас аралығындағы балаларды, аяғы ауыр әйелдер мен емізулі сәбиі бар аналарды коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау үшін АҚШ-тың «Pfizer» вакцинасы қолданылады. Сейсенбі күні осы вакцинаның алғашқы бөлігі Алматыға әкелінді. Осыған байланысты кеше өңірлік коммуникациялар орталығында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаеваның және облыстың бас инфекционист-дәрігері Мейрамбек Құрманғазиннің ...

Жалғасы »

Шектеу шараларын бұзған 945 тұлғаға айыппұл салынды

Тікелей эфир Облыста соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 20 жағдай тіркелген. Қазір инфекциялық ауруханаларда 154, жансақтау бөлімінде 25 науқас ем алып жатыр. Бұл туралы кеше тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлбану Дәулетова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров мәлімдеді. Гүлбану Дәулетованың айтуынша, соңғы тәулікте тіркелген 20 науқастың 18-інде індеттің симптомдары болса, екі адам симптомсыз ауырған. ...

Жалғасы »

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жас жазушылар мен ақындар арасында өтетін «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы туралы

Nur Otan партиясы Қазақстан Жазушылар одағымен Өзара ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты – Тәуелсіздіктің алғашқы 30 жылында еліміздің жеткен жетістіктерін, мемлекеттілік іргесінің бекуіндегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген табыстарды және қоғамды рухани жаңғыртудың идеялары мен құндылығын көрсететін қазіргі заманғы қазақстандық авторлардың ...

Жалғасы »