Daily Archives: 11 Қараша 2021

Елбасы және Қазақстан армиясы

Еліміз тәуелсіздігін жариялаған тұста жас мемлекетіміздің сенімді әскери қауіпсіздік жүйесін құру талап етілді. Сондай-ақ республика аумағында бұрынғы Кеңес Одағы кезінде қалыптасқан әскери құрылымдардың қару-жарағы мен әскери техникасын тәуелсіз Қазақстанның заңды құзыретіне көшіру қажеттілігі өткір туындады. Бүгінгі уақыт биігінен бағамдасақ, еліміз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты мен халықаралық қоғамдастық алдындағы биік беделінің арқасында осы маңызды міндеттерді ...

Жалғасы »

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның Кәсіподақтар федерациялары Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесін құрды

Өзбекстан астанасы – Ташкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Кудратулла Рафиков және Тәжікстан Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Маликшо Нематзода Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесін (ОАЕКК) құру туралы хаттамаға қол қойды. Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесінің бірінші құрылтай жиналысына қатысушыларға арнаған сөзінде Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қудратулла Рафиков үш мемлекеттің ірі кәсіподақ бірлестіктерін біріктіру туралы ...

Жалғасы »

Облыс әкімі қаланы аралады

«Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс бабымен Ақтөбе қаласын аралап, абаттандыру жұмыстарын қарап шықты», — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Оңдасын Оразалин алдымен күрделі жөндеу жұмыстары аяқталған облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ғимаратын қарады. — Бүгінде басқарма отырған ғимарат 1978 жылы салынған. Жөндеу жұмыстарынан соң мұнда келетін мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлығын ыңғайлы етіп жасадық. ...

Жалғасы »

Облыста ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол

Кеше «Солнечный» демалыс орнында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы саласын дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ғалымдар, облыстағы ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағдарланған қаржы институттарының өкілдері, мал дәрігерлері, т.б. қатысты. Шарада алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын көтеру, өңірде осы саланы дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Семинарда облыс ...

Жалғасы »

Алдағы бюджет талқыланды

Депутаттық жұмыс тобы мен облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының бірлескен отырысында тоғыз облыстық басқарманың бюджет шығыстарына қатысты мәселелер тыңдалды. Облыстық денсаулық сақтау, білім беру, еңбек инспекциясы, тілдерді дамыту, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, дін істері, ішкі саясат, мәдениет, архивтер мен құжаттама, денешынықтыру және спорт басқармаларының басшылары депутаттарға 2022-2024 жылдарға арналған бюджет шығыстарының жобаларын ұсынды. Облыстық денсаулық сақтау ...

Жалғасы »

Құрылыс аяқталған жоқ. қашан баспанамызға кіреміз?

Редакцияға хат Редакциямызға бір топ тұрғын хабарласып, өткен жылы келісімшарт жасасып, қаражаттарын салған Ақтөбе қаласындағы тұрғын үй салумен айналысатын «FSPC» ЖШС уәде берген мерзімінде құрылыс жұмыстарын аяқтамай отырғандығын айтып, көмек сұрады. — «FSPC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осыдан 4-5 жыл бұрын ашылған. Бұған дейін бұл серіктестік Батыс-2 ауданынан екі үй тұрғызып, тұрғындарға пәтер кілтін табыстады. Өкінішке қарай, біз қаржы салған үйді ...

Жалғасы »

Кәсіп ашуға көмектесті

Сәрсенбі күні «Бастау Бизнес» жобасы бойынша ашылған кәсіпкерлік нысандарына баспасөз туры ұйымдастырылды. Бұл — атқарушы билік пен Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мұрындық болуымен өткізілген шара. Биылдыққа«Бастау Бизнес» жобасы бойынша облыстың 1381 тұрғыны онлайн режимде оқытылды, оның 354-і — қала тұрғындары. 935 жоба қаржыландырылды. Соның ішінде 128-і несие алса, 807-і  өтеусіз гранттар алды. — 2017-2021 жылдар аралығында Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы бизнес ...

Жалғасы »

Жарты ғасыр біргемін!

Ғалымжан БАЙДЕРБЕС, «Қос Шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы. Баспасөз — 2022 Ол кезде облыстық «Ақтөбе» газеті «Коммунизм жолы» деп аталатын. Бұл — өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының бас кезі. Мен облыстық мектеп-интернатта мұғалім-тәрбиеші болып қызмет атқарып жүргенмін. Бір күні белгілі журналист Нұқы Қартбайұлымен кездесіп қалдым. Әңгімелесе келе, ол маған «егер танымал болғың келсе, газетке мақала жазып жүр» деп кеңес берді. Осы ...

Жалғасы »

Құнды құжаттар кітабы

Менің «Қыршын кеткен боздақтар» кітабым 2010 жылы аз таралыммен жарыққа шыққан болатын. Осы кітаптың шығуына елші Ержан Қазыхан, генерал-лейтенант Болат Сембинов, шетелдік саясаткер Мария Фектер, басқа да азаматтар қолдау көрсетті. «Қыршын кеткен боздақтар» — естелік кітабы. Мұнда екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистердің концлагеріне аяусыз қамалып, азаппен өлтірілген жүздеген жерлес жауынгерлер туралы құнды тарихи мәліметтер бар. 2010 жылы кітап аз таралыммен ...

Жалғасы »

Ауыл тұрғындарына кеңес берілді

Облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігі ауыл тұрғындарына психологиялық, медициналық, құқықтық, әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру алаңын ұйымдастыруда. Шара «Демеу» әлеуметтік еріктілер жобасын іске асыру мақсатында өтіп жатыр. Бүгінге дейін жоба аясында Алға, Мәртөк, Мұғалжар аудандандарында кеңес беру алаңдары ұйымдастырылып, 500-ден астам адам өз сұрақтарына жауап алған. — Бүгінгі таңда елімізде көптеген мемлекеттік бағдарламалар бар. Бірақ тұрғындардың ...

Жалғасы »