Daily Archives: 9 Қараша 2021

Депутаттар сайлаушылармен бір болуы керек

Ақтөбелік депутаттарға мәслихаттардың құзыреті мен ашықтығы, сайлаушылармен өзара іс-қимыл әрекеттері, бюджет процесі туралы кеңінен айтылды. Шараға Ақтөбеге арнайы келген Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова, сондай-ақ онлайн режимде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахимов, Нұр-Сұлтандағы ОБСЕ Бағдарламалар офисінің әскери-саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Ричард Уиллер, Қазақстандағы Интерньюс өкілдігінің директоры Марат ...

Жалғасы »

«Жалаңтөс баһадүр» тарихи драмасы сахналанады

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры Сая Қасымбектің «Жалаңтөс баһадүр» пьесасын ұсынғалы отыр. Премьера алдағы желтоқсан айында өтеді деп күтілуде. Бұл — ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған туынды. Қоюшы режиссері — Алматы қаласынан арнайы келген Қа­зақстанның ең­бек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Ах­манов. — Жаңа маусымда, ел егемендігінің мерейлі жылына орай осы пьесаны сахналауды жөн көрдік. Өйткені Жалаңтөс баһадүр атындағы ...

Жалғасы »

Көкпар тартып, бәйгеге ат шаптырған…

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шалқар ауданы әкімінің кубогы үшін көкпар, аламан бәйге, тай жарыстары  ұйымдастырылды. Жылтыр ауылының іргесіндегі ипподромда киіз үй тігіліп, күні бойы ән мен күй қалықтады. Жасы үлкендер жаппай көкпардан сайысуға келген шабандоздарға серке тастар алдында баталарын беріп, сәттілік тіледі. Көкпар тарту додасында тақымы мықты, білекті жігіттер сәйгүлік үстінде бір-біріне есе жібермей, көпшіліктің делебесін қоздырды. Алты шақырымдық тай ...

Жалғасы »

Қазақстан үздік үштікке енді

Сенбі күні Сербия астанасы Белградта бокстан ХХІ әлем чемпионаты аяқталды. Біздің боксшылар әлемдік додада 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленді. Бұл жолы еліміздің ұлттық құрамасы сапындағы ең жеңіл салмақтардағы боксшылар ерледі: Теміртас Жүсіпов (48 кг) пен Сәкен Бибосынов (51 кг) әлем чемпионы атанса, Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Серік Теміржанов (57 кг) ...

Жалғасы »

Өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақталды

Тікелей эфир Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Қазір өңір «жасыл» аймақтар қатарында тұр. Дегенмен әлі де болса ауру жұқтырып жатқандар бар. Мәселен, соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелген. Бұл туралы «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы» тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев  пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева баяндады. ​​​​Жалпы, бүгінге дейін облыста ...

Жалғасы »

 Серуендеп сыйлық алды

Марафон Қарғалы ауданында тұрғындар арасында скандинавиялық жүруден «Арайлы алтын күз» атты күзгі марафон ұйымдастырылды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілген бұл шараға 11 адам қатысты.  Дәрігерлердің айтуынша, скандинавиялық таяқшалармен серуендеу —жүрек-қантамырлары жүйесін нығайтудың, бұлшық еттішынықтырудың, сергектік пен энергия алудың тамаша әдісі. Орталық саябақта өткен күзгі марафонға қатысушылар— 45 жастан асқан әйелдер. Қатысауға ынта білдіргендердің дені — бюджеттік сала қызметкерлері. Қазіргі ...

Жалғасы »

Тәуелсіздіктің құрдастарымен кездесті

Дөңгелек үстел Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінде  ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік — тірегім» атты дөңгелек үстел  өтті. Бұған осы салада қызмет етіп жүрген Тәуелсіздіктің құрдастары қатысты. Шараның мақсаты —тәуелсіздік алғалы елдің дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалар мен аға буынның еңбектерін насихаттап, жас қызметкерлердің бойына отансүйгіштік сезімін нығайту. Тәуелсіздік құрдастарымен кездесуге облыстық ішкі саясат ...

Жалғасы »

Аурухана жөнделіп, мектеп салынып жатыр

Баспасөз туры Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының ұйымдастыруымен Мұғалжар ауданында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерік Бұхарбаев баспасөз турына қатысушыларға әуелі аудан орталығындағы аудандық аурухананың жаңа келбетін көрсетті. Қасбеті жаңартылып, ғимарат сырты сайдингпен қапталыпты. Күрделі жөндеу жұмыстары аурухананың емхана бөлігінде жалғасып жатыр.Аудандық аурухана жанындағы емхананың меңгерушісі Табынбай Мұстафиннің айтуынша, аурухана ғимараты 1989 жылы ...

Жалғасы »

Кітапханашылар тәжірибе алмасты 

Кеше С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жастар кітапханасы — жаңашылдық аймағы» атты аймақтық кітапханашылар конференциясы өтті. Осымен 4-рет ұйымдастырылып отырған шараға көршілес облыстардың сала мамандары жиналды. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен биылғы Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында қолға алынған конференцияны өткізудегі мақсат — осы саладағы жұмыс түрлерінің жаңа үлгілері һәм тың идеяларды ортаға салу, тәжірибе алмасу. ...

Жалғасы »

«E-Salyq Business» қосымшасына қосыл!

Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету үшін «E-Salyq Business»мобильді қосымшасын әзірледі. Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Жаңа қосымша оны қолданатын кәсіпкерлерді салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатады, себебі қосымшаның өзі чектер бойынша айқындалған кірістер негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерге автоматты түрде есептеу жүргізетін болады. Бұдан басқа салық салудың жаңа режимін қолданатын кәсіпкер салық есептілігін ұсынудан босатылады. ...

Жалғасы »