Daily Archives: 5 Қараша 2021

Мал өсіріп отырған шағын ауылдар жабылмайды

Брифинг Аудан әкімі Асқар Шериязданов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Брифингте Мұғалжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері жөнінде айтып берді. Аудан әкімі әр сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, аудан жайлы қысқаша мағлұмат берді. Биыл аудандағы ауыл көшелеріне тас жол төселіп, ауылдарға газ, су тартылып, бірнеше білім және спорттық нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. — Халық тарапынан айтылатын ең ...

Жалғасы »

Ынтымақтастықтың жаңа қырлары

Облыстық ішкі саясат басқармасы мен үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға отырды. Мақсат — екі тарап арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның үкіметтік емес ұйым өкілдерінің басшыларымен кездесуі барысында өзекті мәселелер талқыланды. Белсенді үкіметтік емес ұйым басшылары атқарып жатқан жұмыстарымен қатар, алдағы жоспарларын да айтты. — Бүгінде біздің облыста мемлекеттік органдар мен ...

Жалғасы »

Тексеру үшін штрихкод пайдаланылады

Шолып тексеру — мемлекеттік кірістер органдарына келіп түскен шағымдар бойынша мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының арнайы бейнебақылау және фотофиксация құралдарын қолдана отырып, жабық базарлардың, сауда үйлерінің, дүкендердің, павильондардың аумақтарын қараптексеруді көздейтін мемлекеттік бақылаудың бір түрі. Салық төлеушілерді әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде шолып тексеру жүргізу үшін мемлекеттік кірістер органы әзірлейтін штрих-код (QR-код) пайдаланылады. Пилоттық жоба жабық базарлар, сауда үйлері, дүкендер, ...

Жалғасы »

Оқушылар «Ер Едіге» жырын жатқа айтты

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Nur Otan партиясы мен «Qazaq Epos» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастырған республикалық «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының облыстық кезеңі өтті. Жүзден жүйрік атанғандар марапат биігінен көрініп, сайыстың қомақты жүлдесін еншіледі. «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жетекшісі Арман Абдуллаевтың айтуынша, жыр додасында 6-10 сынып аралығындағы оқушылар бақ сынасты. Қатысушылар бірінші кезеңде Қаныш Сәтбаевтың нұсқасы бойынша 47 беттен тұратын ...

Жалғасы »

Отыз жылдағы оң өзгерістер

Биыл Ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл — еліміз үшін маңызды белес. Дәл қазір арман-мақсаттарымызды бір арнаға тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес әрбір адамның үлесімен, күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Тәуелсіздіктің отыз жылында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығын бақылайтын ...

Жалғасы »