Daily Archives: 4 Қараша 2021

Чернобыль ардагерлеріне құрмет

Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан ақтөбелік ардагерлер «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ардагерлерді Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айбек Көпенов қабылдап, алғыс білдірді. — Сіздердің бойларыңыздағы қайсарлық пен қаһармандық қасиеттеріңіз көпке үлгі. Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ерліктеріңіз ел есінде мәңгі сақталады. Бұл Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан да жоғары бағаланып, министрдің 2021 жылғы 11 қазандағы №391 бұйрығымен бірқатар ақтөбелік ардаргерлерге «Төтенше ...

Жалғасы »

«Волонтерлер кеңесін» құруды ұсынды

Бұл ұсыныс облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның өңірдегі волонтерлік топтардың жетекшілерімен кездесуі барысында айтылды. Ләззат Оразбаева ерікті жастарға пандемия кезінде халыққа көрсеткен қолдаулары мен көмектері үшін алғыс білдірді. Еркін форматта өткен кездесуде өзекті мәселелер талқыланып, жастар өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Кеңесте сөз алған «Volonter.2020_aqtobe» ұйымының жетекшісі Нұрбек Жалғасбаев жыл бойы жасаған жұмыстары туралы айта келе, облыста ...

Жалғасы »

Үстемеақы және газ мәселесі талқыланды

Кәсіпкерлер палатасында бизнестің проблемалық мәселелерін қарау бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысында екі мәселе қаралды: мектепке дейінгі жекеменшік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін еңбекақы төлеу және бизнес субъектілерін тауарлық газбен қамтамасыз ету мәселелері. Алғашқы мәселе бойынша Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Р.Күйшінов баяндама жасады. Оның айтуынша, палатаға жекеменшік ...

Жалғасы »

Киелі жерлерге зиярат жасады

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатымен «DarhanDala» жобасын қолға алды. Осыған орай ақтөбелік имамдар Темір ауданындағы киелі жерлерде — Шұбарқұдыққа жақын жердегі Досжан хазірет Қашақұлы жатқан қорым мен Темір қаласындағы көне мешітте болды. Бұл жөнінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. Киелі жерлерді зиярат етуге облыстың бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы бастап, Ақтөбе қаласы ...

Жалғасы »

Үш ауысымды оқудан қашан құтыламыз?

Редакцияға хат Редакциямызға Ақтөбе қаласының тұрғыны Райгүл Ырысалдинадан төмендегідей хат келді: «Қызым «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №60 орта мектепте оқиды. Бала санының көптігіне байланысты бұл мектеп оқушылары үш ауысыммен оқиды. Кешкілік үйге қайтқанда дала қараңғы, өзі қорқады. Сол үшін маған күн сайын жұмыстан сұрану да ыңғайсыз. Сұрайын дегенім,  үш ауысым мәселесі қашан шешіледі? Басқа мектептерге қосымша құрылыстар салып, осы мәселені ...

Жалғасы »

Әлем чемпионатынан жүлде алды

Жуырда Венгрия астанасы Будапештте гір спортынан әлем чемпионаты өтті. Облыстық спорт басқармасының басшысы, гір спортынан 12 мәрте әлем чемпионы Евгений Гончаров бұл чемпионатта күміс медаль алды. Ол 32 келілік гір тасын 80 рет көтерген. Евгений Гончаров — 27 мәрте ел чемпионы атанған спортшы. Ол 40 жасында да спорттық бабын сақтап, ұлттық құрамаға мүше болып отыр. Сондықтан оның күміс жүлдесі — ...

Жалғасы »

Спорт кешені салынып жатыр

Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында спорт кешенінің құрылысы басталды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ауылдағы бұқаралық-көпшілік спортты дамыту мақсатында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын «ОМАР-ТРАНС» ЖШС жүргізіп жатыр. Ғимараттың жалпы алаңы — 1 117 шаршы метр. Жоспар бойынша спорт кешенінде волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, күрес тағы басқа спорт түрлеріне арналған залдар болады, сәйкесінше секциялар ұйымдастырылады. Жауапты мердігер құрылыс жұмыстарының 2022 ...

Жалғасы »

Іскер әйелдер тал отырғызды

Өткен демалыста Ақтөбе қаласындағы триатлон саябағына мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Акцияға облыстық іскер әйелдер кеңесі, банк филиалдары қызметкерлері, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты. — Көптеген қызметкерлер тал отырғызу акциясына балаларын ертіп келді. Табиғатқа қамқорлықпен қарау қажеттігін балаларға жастайынан үйретуіміз керек, — дейді іскер әйелдер кеңесі төрағасының орынбасары Айгүл Сақтағанова. Акция «Samet Foundation» қорының Назарбаев Зияткерлік мектебі үшін ұйымдастырған ...

Жалғасы »

Шалқар — үздік аудан

Ақтөбе қаласында өткен «Жасыл ел» еңбек жасақтарының XVII еңбек маусымының жабылу салтанатында Шалқар ауданы «Үздік аудан» номинациясы бойынша марапатталды. Сонымен қатар жазғы маусымда еңбек етіп, үздіктер қатарынан көрінген шалқарлық Бақыт Арыстанғалиева мен Әсел Ерғалиеваға облыс әкімінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласына жолдама табысталды. Биыл Шалқар ауданында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 305 жас қамтылды. «Үлкен-Борсық орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 50 жас, аудандық ...

Жалғасы »

Жүлде қоры қайырымдылыққа бағытталды

Қайырымдылық турнирі Ойыл селосында футболдан  қайырымдылық турнирі өтті. Бұл турнирдің ерекшелігі — салауатты өмір салтын насихаттау  болғанымен, басты  мақсаты — жастарды қайырымдылыққа, ауызбіршілікке шақыру. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі,облыс орталығындағы «Аңсар» кеңес беру-оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі және аудандық мешіттің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық турниріне Ақтөбе қаласынан, Темір мен Ойыл аудандарынан 9 команда қатысты. Жүлдеге іліккен командалар мен ойын ...

Жалғасы »