Daily Archives: 2 Қараша 2021

Мұғалжар ауданы: екі ауылға газ келді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің кезекті іссапары Мұғалжар ауданында жалғасты. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуымен, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен танысып, бірқатар елді мекендерді аралады. Сондай-ақ көгілдір отын келген екі ауылдың қуанышына ортақтасты. Ауыл көшелері жөнделді Облыс әкімінің жұмыс сапары Ақкемер ауылынан басталды. Мұндағы күрделі жөндеуден өткен кіреберіс жолды қарап, келер жылы жүзеге асырылатын жобалармен танысты. Ауылға кіреберіс жолдың жұмысын «Ақтөбе адал құрылыс» ЖШС ...

Жалғасы »

Бақылау жалғасатын болады

Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғмановтың төрағалық етуімен кеңес өтті. Кеңес барысында  2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарау мәселелері, сонымен қатар тұрақты комиссиялардың биылғы есептері мен келер жылға арналған жоспарлары талқыланды. Облыстық мәслихат хатшысы депутаттарға ағымдағы кезеңде атқарылған жұмыстар туралы баяндап, осы шақырылымдағы депутаттар облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен сессияларында қаралған өзекті мәселелерді талқылауда үлкен белсенділік танытқанын атап өтті. Кеңес ...

Жалғасы »

Аяқкиімді цифрлық таңбалау басталды

1 қарашадан бастап елімізге шет мемлекеттен келетін аяқкиімдерді таңбалау  басталды. Енді аяқкиімдерде  Data Matrix штрих-коды болмаса, ел аумағына енгізуге тыйым салынады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен «Аяқкиім мен темекі өнімдерін таңбалау туралы»брифинг барысында айтылды. Тауарларды цифрлық таңбалау — Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жүргізілетін ұлтаралық жоба.Қазақстан Республикасына енгізілетін аяқкиімдер 6401,6402,6404,6405 кодтары бойынша таңбаланады. — Бұл жерде «Аяқ киімдерді таңбалау не ...

Жалғасы »

65 жүргізушінің талабы

Дүйсенбі күні облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармада наразылық білдірген көлік жүргізушілеріне қатысты түсінік берілді. — Кеше Жаңажол, Кеңқияқ аумақтарындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты компанияға қызмет көрсететін 65 көлік бағытқа шыққан жоқ. Басты себеп — жүргізушілер атқаратын қызметі үшін тарифтердің бағасын өсіруді талап етіп отыр.  Өйткені жанармай құны айтарлықтай қымбаттаған. Бұған дейін олардың қанша алғанын, енді қаншаға өсіруді талап етіп ...

Жалғасы »

«Ақбереннің» үздігі — ақтөбеліктер

Байқау Ақтөбедегі Шығармашылық академиясында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен VIII республикалық «Ақберен» өнер байқауы өтті. Өнер додасына еліміздің барлық облысынан  8-11-сыныпта оқитын 108 оқушы қатысты. Өнерлі өрендер 6 номинация — шешендік өнер, көркемсөз оқу, эссе жазу, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы, ақындар мүшәйрасы бойынша бақтарын сынады. Байқау барысында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталды. Екі күн бойы өткен ...

Жалғасы »

Соңғы тәулікте 37 адам коронавирус жұқтырған

Тікелей эфир Облыста соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 37 жағдай тіркелді. Бұл туралы «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы» тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Күштаева баяндады. ​​​​— Жалпы облыста коронавируспен ауырған 34 375 жағдай тіркелді, оның ішінде 76,3 пайызы ауру белгілерімен (26 241) және 23,6 пайызы симптомсыз ...

Жалғасы »

Қазан: күзгі жиын-терін кезеңі

Шолу Қазан айы қарттарға құрмет көрсетумен басталды. Ұстаздарды ұлықтау да осы кезеңде өтті. Бұл ай жайлы күндерімен шаруа адамына біраз қарасқандай болды. Қазанда жиын-терін жұмыстары толығымен аяқталды. Айдың басқа да жақсы жаңалықтары аз болмаған секілді. Солардың бірсыпырасын назарларыңызға ұсынамыз.  Жол жақсарады «Ақтөбе – Атырау – Астрахань» автожолын қайта құрылымдау барысы — Үкіметтің назарында. Премьер-Министр Асқар Мамин Ақтөбе және Атырау облыстарына ...

Жалғасы »