Daily Archives: 7 Қыркүйек 2021

Жол картасы: Шалқарда жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда

Облыстық мәслихат депутаттары,Nur Otan фракциясыныңжетекшісі мен мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын орындаудың жол картасы бойынша атқарылған жұмыстарды бақылау мақсатында ауданымызға келді. Халық қалаулылары іссапарын Жылтыр елді мекеніндегі амбулаторияның құрылысын көруден бастады.Маусым айында басталған тәулігіне 40 адамды қабылдай алатын ғимараттың құрылыс жұмыстары аяқталып қалған екен.Олар медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру, жаңа медициналық құралдармен қамтамасыз ету барысын да назарға алды. Аумақтық жол картасына ...

Жалғасы »

Бұлақтыкөлде мектеп ашылды

Байғанин ауданына қарасты Бұлақтыкөл тұрғындары үшін жаңа оқу жылы зор қуанышпен басталды. Ауылда 100 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді. Құны 361 миллион теңгені құрайтын құрылыс 2018 жылы басталған болатын. «Би-М-72» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігерлік еткен білім ордасы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда физика, химия, биология, еңбек, лингофон, ерекше назар аударуды қажет ететін балаларға арналған кабинет, кітапхана, асхана, спортзалы мен оқу ...

Жалғасы »

Індет жұқтырғандар саны азайып келеді

Облыста 5 қыркүйекте бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырған 67 адам тіркелді. Өткен аптадағы жағдаймен салыстырғанда індет жұқтырғандар саны едәуір азайған, бірақ бұл қауіп сейілді деген сөз емес. Коронавирус инфекциясы бойынша Ақтөбе облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, облыс әлі де «қызыл аймақта». Өткен тәулікте тіркелген 67 жағдайдың 53-інде ауру симптомдары байқалған, ал қалған 14 адамда симптомсыз. Індет жұқтырғандардың дені — Ақтөбе ...

Жалғасы »

Суға шомылу маусымы аяқталды

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының ұйымдастыруымен инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілеріндегі aqtobe_press парақшаларында «Суға шомылу маусымын қорытындылау» тақырыбында тікелей эфир өтті. Жаздың бітуімен облыс аумағында өзенге шомылу маусымы ресми түрде аяқталды. Ел аузында «Сүмбіле туса, су суыйды, Таразы туса, таң суыйды» деген сөз бар. Күздің салқынымен су температурасы да төмендеді. Ауа райы болжамына сәйкес алдағы уақытта күн суытпаса, жылымайды. Күнделікті рейдке ...

Жалғасы »

Ата-ананың рұқсатынсыз вакцина егілмейді

Әлеуметтік желілерде «COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаны оқушыларға манту сынамасы түрінде егеді екен» деген ақпараттар тарап жатыр. ҚР санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды. Аталған комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев Facebook-тегі парақшасында мектеп қабырғасында балаларды жасырын вакцинациялау туралы хабарламаның жалған екенін жазды: «Манту сынамасын жүргізу арқылы туберкулезге қарсы ревакцинациялау –жоспарлы іс-шара. Ол тек қыркүйек айында ғана жүргізіледі. 2020 жылғы 7 ...

Жалғасы »

Жолдау жетістікке жетелейді

Шамшат АБДИРЗАКОВ, Мұғалжар аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Парламенттің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнаған болатын. Жолдауда мемлекеттің саяси жаңғыру үдерісін жүзеге асыру, азаматтық қоғамды дамыту, ел экономикасын ілгерілету, халықтың әлеуметтік ахуалын жақсарту, тұрмысын көтеру және басқа да өзекті бағыттарды қамтыған мәселелер көтеріліп, оны жүзеге асырудың жолдары айқындалды. Жолдау, әсіресе азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ...

Жалғасы »

Мерейімізді асқақтатты

Гүлнар СЕЙТАЛИНА, облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары. Биылғы Жолдауда көптеген маңызды мәселелер қамтылды. Халқымыздың әл-ауқатын арттыру, сондай-ақмәдениет қызметкерлерінің жалақысын өсіру туралы айтқаны өте орынды болды деп ойлаймын. «Мәдениет қызметкерлері, қорықшылар, кітапханашылар, көлік жүргізушілердің жалақысы 2022-2025 жылдар аралығында 20 пайызға арттыру тапсырылады. Бұл бастаманың игілігін 600 мың отандасымыз көреді», — деді Президент. Аталған мәселе бұрыннан шешімін таппай келе жатқан-ды. Облыс орталығы ...

Жалғасы »

Алаңсыз күндерге оралу үшін…

Әмет НӘБИЕВ, Алға аудандық ауруханасының дәрігері,  эпидемиолог Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында індетке қарсы вакцина мәселесіне айрықша тоқталды. Әлемдік пандемия жағдайында өте маңызды бұл мәселенің Жолдауда көтерілуі орынды. Күн сайын мыңдаған азаматтарымыз індетке шалдығып жатыр. Жағдайдың бетін бері қарату,  аурудың алдын алу үшін  екпе жасату керек. Ал вакцина қазір  біреудің үрейін ұшырған, енді біреудің қорқынышын сейілткен, сөйтіп, көптің ойына бір-біріне ...

Жалғасы »

Шабындық көбелегінен құтылдық па?

Облыста агроқұрылымдар мен жергілікті атқарушы органдардың дер кезінде қабылдаған шараларының арқасында ауылшаруашылығы өнімдерін шабындық көбелегінен сақтап қалу мүмкіндігі туды. Бұл туралы дүйсенбі күні өткен баспасөз мәслихатында республикалық  фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Ақтөбе облыстық филиалының басшысы Ғарифолла Жолаев пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Аптиев хабарлады. Олар шабындық көбелегінің салдарынан айтарлықтай шығын болмағанын айтады. — Шабындық көбелегінің таралуы ...

Жалғасы »

Доп қуғанға — жаңа алаң

Темір ауданында қатарынан үш жерде футбол алаңы ашылды. Бұл — «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отырған спорт нысандары. Атап айтсақ, жасыл алаңдардың екеуі аудан орталығы Шұбарқұдық кентінде, үшіншісі Ақсай ауылында салынды. Заманауи футбол алаңдарының салтанатты ашылуы рәсіміне қатысқан аудан әкімі Саламат Аманбаев тұрғындарды осынау жаңалықпен құттықтап, игі тілегін арнады. Артынша бұл жас ұрпақты спортқа тарту, жалпы, халық арасында бұқаралық ...

Жалғасы »