Daily Archives: 2 Қыркүйек 2021

«Мемлекет басшысының тапсырмасы ойдағыдай орындалуы керек»

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жүзеге асыруға байланысты жиын өтті. Жиынға облыстық мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық қоғамдық кеңес өкілдері, ардагерлер қатысты. — Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміз үшін өзекті болып табылатын барлық сұрақты қамтыды. Негізгі міндеттердің бірі – пандемиядан кейінгі кезеңде экономикалық ...

Жалғасы »

Батыс-2 ауданында жаңа мектеп ашылды

Білім күнінде Ақтөбенің қарқынды түрде кеңейіп келе жатқан аудандарының бірі Батыс-2 ауданында үш мың бала оқитын үлкен мектеп ашылды. Халел Досмұхамедұлы көшесінде орналасқан еңселі білім ордасының құрылысы екі жылдай жүргізілді. Мұнда екі ауысыммен үш мыңға жуық бала оқиды. Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, қала әкімі Асхат Шахаров, облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан қатысты. Аймақ басшысы мектеп ұжымымен ...

Жалғасы »

Жолдаудағы бағыттар —  басты назарда 

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі су, газ, электр желісі, жол және әлеуметтік нысандар құрылысының мәселелері бойынша қызметтік жиын өткізді. ​Жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр, энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ержан Мұздыбаев, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров қатысты. Отырыста биыл және келер жылы жүзеге асырылады деп жоспарланған жобалар ...

Жалғасы »

Еңбек құқығын қорғау — негізгі мәселе

Облыстық кәсіподақтар орталығы  жыл басынан бері атқарылған жұмыстарын қорытындылап, үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді. Онлайн кездесуге ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнәр Жұмагелдиева, сондай-ақ кеңестің мүшелері — салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. Облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев кәсіподақтардың аумақтық бірлестігінің бірінші жартыжылдықтағы қызметі туралы баяндамасында алға қойылған міндеттердің орындалуы туралы баяндады. Облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында салалық қәсіподақ ...

Жалғасы »

Мереке күні елді дүрліктірді

1 қыркүйек күні қаладағы бірнеше мектепке бомба қойылды деген жалған ақпарат тарады. Облыстық полиция баспасөз қызметі берген дерек бойынша қазір күдікті іздеуде. Кеше таңертең сағат 8.30 шамасында №2 мектептің электронды поштасына Ақтөбе қаласының 6 мектебіне (№1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептер) бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түскен. «Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына барды, оқушыларды, ...

Жалғасы »

Қамқорлық пен жауапкершілік

Жолдас БАТЫРХАН, Облыстық білім басқармасының басшысы Елімізде білім саласында ұдайы реформалар жүргізіліп, білім мен тәрбие сапасын арттыру бағытында үздіксіз жұмыстар жүргізіліп келеді. Әр мемлекеттің басты байлығы — адам. Адами капиталдың сапалы болуы білімнен, тәрбиеден. Сондықтан Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында білім саласына қатысты міндетті түрде айтып өтеді. Биыл да Мемлекет басшысы мұғалімдерді қолдау жұмыстарының жалғасатынын айтты. Педагогика қызметкерлерінің жалақысын арттыру ...

Жалғасы »

Ауыл шаруашылығы саласы ұлттық экономиканың қозғаушы күшіне айналады

Жанболат НҰРПЕЙІСОВ, Қобда аудандық мәслихатының депутаты. Жыл сайын Мемлекет басшысының Жолдауынан халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған жағымды жаңалықтар күтетініміз рас. Кеше ел Президенті Қ.Тоқаев жолдауын жариялап, пандемиядан кейінгі экономикалық дамуды жетілдіру үшін 2025 жылға дейін жоспарлы жұмыстар атқарылатынына тоқталып, тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының мерзімін созуды тапсырды. Сондай-ақ Үкіметке шаруаларға қолайлы жағдай жасап, жерге ...

Жалғасы »

Зейнетақыдағы артық ақшаны депозитке салуға болады

Мақсат ЗАИТОВ, «Отбасы банк» АҚ маркетинг департаментінің 1-санатты маманы. Елімізде тұрғын үй саласы ұдайы жетілдіріліп, жаңа бағдарламалар қабылданып, реформалар үздіксіз жүргізіліп келеді. Мұның барлығының мақсаты біреу — тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы жолдауында тұрғын үй саясатын жетілдіруге қатысты мәселелер тұрақты айтылады. Биыл да біздің салымшылар күткен жақсы жаңалық айтылды. Ол — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы ...

Жалғасы »

Күрделі оталар аудандарда да жасалады

Полат БАЗАРБАЕВ, медицина ғылымдарының кандидаты. Өз басым елдегі жаңалықтарды үнемі тыңдап, бақылап отырамын. Бүгінде  зейнеткерлікке шықсам да, өзім еңбек еткен денсаулық сақтау саласына қатысты тың бастамаларға, жаңалықтарды білуге жаным құмар. Қазір коронавирус індетіне қатысты жағдай мәз емес. Десек те еліміз өзге елдердің тәжірибесіне сүйеніп, осы індеттің бетін қайтару жолында нақты іс-шараларға көшті. Ол — тұрғындарды індетке қарсы вакциналау. Қазір бұл ...

Жалғасы »

Кітапханашылар қуанған күн

Назерке ЖӘЛЕЛОВА, М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы  Жолдауда келер жылдан бастап кітапханашылардың жалақысы өсетіні айтылды. Осыны естіп, қуанып қалдым. Өзім 2019 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін кітапхана ісі мамандығы бойынша тәмамдадым. Қалалық орталық кітапханасында жас маманмын. Біздей жастар үшін кез келген қолдаудың маңызы зор. Нарық заманында жалақының өскені тіптен қуанышты хабар. Кітапханашы мамандығы өзінің  қызықты да тартымдылығымен ерекшеленеді. Күн сайын ...

Жалғасы »