Daily Archives: 5 Тамыз 2021

Жағабұлақ қорымынан алтын семсер табылды

Дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы аясындағы біздің өңірдегі зерттеулерге жетекшілік етіп жүрген тарихшы ғалымдармен кездесті. Кездесуге тарих ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс елдері сәулеті халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі, Ақтөбе өңірінің көне ескерткіштерін 40 жыл бойы зерттеп келе жатқан ғалым Серік Әжіғали, тарих ғылымдарының кандидаты, Әлкей Марғұлан атындағы археология институы бас директорының міндетін атқарушы Талғат Мамыров қатысты. Кездесу ...

Жалғасы »

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жетті

Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты. 19 миллионыншы тұрғынның аты-жөні жақын күндері ғана анықталды. Ол — Жәния Азаматқызы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтар мен сәбидің ата-анасын осы қуанышпен құттықтады. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросы хабарлағандай, биылғы 1 шілдеде Қазақстан халқының саны 19 009, 6 мың болған. Соның ішінде 19 миллионыншы тұрғынның кім екені түрлі демографиялық көрсеткіштерді ...

Жалғасы »

Мал азығының 50 пайыздан астамы әзірленді

Облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сарсембай жұмыс сапарымен Шалқар ауданында болды. Іссапар кезінде аудандағы қысқы мал азығы жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ шөп дайындаушы бригадаларда болып, шаруа қожалықтарын аралады. Биыл Есет Көтібарұлы ауылдық округіндегі «Жомарт» және «Дастан» шаруа қожалықтары шөп дайындау жұмыстарына ерте кіріскен. Өз шаруашылықтарына мал азығын дайындаумен қатар, Жаңақоныс, Есет Көтібарұлы, Айшуақ, Бозой ауылдық ...

Жалғасы »

«Atameken Aктове» микроқаржы ұйымы құрылды

Бұл ұйым «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша оқып, сертификатқа ие болған азаматтардың жобасын қаржыландырумен айналысады. — 2017-2020 жылдары Ақтөбе облысы бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында 9 345 адам оқу курсынан өтті, оның ішінде 4 355 адам оқуды аяқтағаны туралы сертификат алды. Осылардың ішінде 2 831 түлек 4,4 миллиард теңге мөлшерінде бизнес-жобаларын іске асыруға қаржыландыру алды. 2021 жылы 1200 адамды оқыту жоспарланған, басым бөлігі ...

Жалғасы »

Сақтық шаралары күшейтіледі

Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 30 маусымдағы №ПГСВ-24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Қаулыдағы өзгерістер туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова айтып берді. Қаулыдағы жаңа өзгерістерге сәйкесенді «ASHYQ» жобасына қатысатын банкет залдарының жұмысына, спорттық іс-шараларды, марафондарды өткізуге,  облысаралық және қалалық тұрақты емес туристік тасымалдардың қозғалысына тыйым салынады. Ал  компьютерлік клубтар, оның ішінде PlayStation клубтары, боулинг залдары,  «ASHYQ» ...

Жалғасы »

Жаяу жүргіншілер жолдары жөнделуде

Ақтөбе қаласында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Биыл қаладағы 24 көшенің жаяу жүргіншілер жолына мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілмек. Бұл жұмыстарды «Пандус Ок» ЖШС басшысы, Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Шахан Жолдасбаев бақылауда. Мұндай жаяу жүргіншілер жолы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ғана емес, сондай-ақ балалар арбасы бар ата-аналар үшін де ыңғайлы болмақ. ...

Жалғасы »

Апалы-сіңлілілер кәсіп ашты

Әбілқайыр хан даңғылы, 19-үйде химиялық тазалау цехы мен тігін ательесі ашылды. Жаңа кәсіпті бастап жатқандар —  «Бетбұрыс» жобасының қатысушылары, апалы-сіңлілі Эльмира Ахаева мен Динара Сарманова. Биыл Ақтөбе қаласы мәслихатының қолдауымен жүзеге асырылған «Бетбұрыс» жобасына көпбалалы, өмірде қиын жағдайға тап болған, сондай-ақ ерекше бала тәрбиелеп отырған 20 ана қатысып, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренген болатын. Қалалық мәслихат хатшысы Анар Даржанованың айтуынша, «Бетбұрыс» жобасына ...

Жалғасы »

Нұрислам қолаға таласады

Токио-2020 Токиода өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында кеше еркін күрестен жарыстар басталды. Ұлттық құрама сапынан жарысқа бірінші болып жерлесіміз Нұрислам Санаев шықты. Нұрислам 57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бұған дейін әлем чемпионаттарында күміс (2018 жыл) және қола (2019 жыл) жүлделер алған палуанға зор үмітпен қарағанбыз. Бастапқы екі белдесуде Нұрислам, расында, бұл үмітті ақтады. Бірінші белдесуде ол гвинея-бисаулық Диамантино Юна ...

Жалғасы »

Жалғыз боксшы қалды

Олимпиадада, ең алдымен, боксшыларымызға үміт артып үйренгенбіз. «Боксшылар барда, алтын да болады», — деген сенім қалыптасқан.  Ал Токио Олимпиадасында бұл сенімнің ақталуы үлкен күмәнға айналды… Үміт күткен боксшыларымыздың басым бөлігі алғашқы айналымдарда-ақ жарыс жолынан шығып қалып, жартылай финалға екі ғана қазақ боксшысы жеткен еді. Олар — ең жеңіл салмақтағы Сәкен Бибосынов пен ең ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев. Кеше Қамшыбек Қоңқабаев ...

Жалғасы »

Тұрғындарға жақындай түсті

Қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескергенучаскелік полиция инспекторлары қызметте заманауи ақпараттық технологияларды қолданып,  тұрғындарымен кері байланысқа шықты. Қазіргі уақытта осындай байланыс түрін полиция департаментінің барлық қалалық және аудандық бөлімшелері пайдаланады. Азаматтармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында байланысу үшін ыңғайлы құрал ретінде Ақтөбе қаласы учаскелік полиция инспекторларының визиткасы әзірленді.  Олар «Instagram» әлеуметтік желісіне және SmartAppқосымшаларына, «2ГИС» халықаралық картографиялық компаниясының электрондық анықтамалығына байланыстырылған. Яғни ...

Жалғасы »