Daily Archives: 22 Шілде 2021

Коронавирусқа қарсы штабтың отырысы өтті

Облыс бойынша коронавирус инфекциясына қарсы штабтың отырысы өтті. Жиынға ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, облыстық департаменттердің, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының басшылары, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы аудан әкімдері қатысты. — Бүгінгі жағдайға байланысты ұйымдасқан-әдістемелік көмек көрс ету үшін өңірге Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс тобы келіп отырмыз. Біздің міндетіміз — ...

Жалғасы »

Бөлінген қаражат қалай жұмсалады?

Облыстық мәслихат депутаттары жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бөлінген қаражатты жұмсау мәселелерін талқылады. Әлеуметтік-мәдени даму және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асланбек Шүйіншалиев осы мәселе бойынша баяндама жасады. Ол облыста 27 632 мүгедек тұрып жатқанын, олардың құқықтарын қамтамасыз ету және ...

Жалғасы »

«Бұлақ көрсең көзін аш!»

Ақтөбелік жастар қайырымдылық аптасын» өткізіп жатыр. Сәрсенбі күні облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары акция аясында «Бұлақ көрсең көзің аш!» шарасын өткізді. Шара барысында жастар Ислам бұлағы маңын қоқыстан тазартты. Акция аптаның соңына дейін жалғасады. Жастар жұма күні «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында қарияларға көмек көрсетіп, сенбі күні Қарғалы мен Елек маңын жинайтын болады. Айта кетейік, ...

Жалғасы »

Су кіргізіліп, газ тартылды

 Мұғалжар ауданындағы Басшилі ауылының әр көшесіне ауызсу құбыры тартылып жатыр. Ауылда 169 түтін бар. Ұзындығы 12,5 шақырым болатын су құбырын тартқан «Монолит» ЖШС ауылда әлі де жұмыс жасап жатыр. Бүгінде серіктестік жұмысшылары көше бойы қазылған арықтарды көмумен айналысуда. Басшилі ауылының Ынтымақ көшесіне газ тартыла бастады. Жұмыстарды «Gas Energy Construction» ЖШС-і жүргізіп жатыр. Бүгінде Ынтымақ көшесіндегі 24 үйде 83 тұрғын тұрады. ...

Жалғасы »

Кешенді тестілеу басталды

Кеше Ақтөбе қаласында кешенді тестілеу басталды. Сынақ тапсыру тамыздың 7-сіне дейін жалғасады. Ұлттық тестілеу орталығының Ақтөбе облысы бойынша базалық филиал басшысы Талғат Жарқыловтың айтуынша, кешенді тестілеу тапсыруға 1502 адам ниет білдірген. Тестілеу жалпы 19 лектен тұрады. — Сынақтың алғашқы күні, 1-лекте 72 талапкер, 2-лекте 92 адам сын тапсырды. 40 адам емтиханға  келген жоқ. Екі лекте де емтиханға кіргізу барысында бір-бір ...

Жалғасы »

Мұқтаждарға ет таратылды

Мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесінде Қызыл Ай қоғамының Ақтөбе облыстық филиалы 64 отбасыға ет таратты. Әр отбасы 5-7 келі ет алды. Таратып айтсам, 51 адам асыраушысынан айырылғандар жобасы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен жәрдемақы алады және 13 адам халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады. Асыраушысынан айырылғандар жобасы бойынша қазіргі уақытта 215 жетім бала ай сайын 50 доллар түрінде көмек алады. Балаларға бұл ...

Жалғасы »

Заңсыз қаруды тапсыру керек

Облыста заңсыз айналымнан 86 атыс қаруы тәркіленді. Жарты жыл ішінде облыс аумағында атыс қаруы қолданылған 2 қылмыс жасалған. Бұл, негізінен, адамдардың көбіне қаруларына немқұрайды қарайтындығын және оны қолданған кезде қауіпсіздік шараларын сақтамайтындығын көрсетеді. Құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс аумағында халықтан тіркелмеген қару-жарақты сатып алу бойынша өткізілген республикалық акция шеңберінде облыстық полиция департаментінің аумақтық бөлімшелеріне жалпы сомасы 5 млн ...

Жалғасы »

​Хромтау «қызыл аймақта»

Эпидемиологиялық жағдай бойынша Хромтау ауданы «қызыл аймаққа» енді. Бұл туралы аудандық бас мемлекеттік санитария дәрігері Индира Аяғанова мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылдың 28 мамырынан бері ауданда барлығы 576 науқас тіркелген. Ал соңғы екі тәулікте 48 адамнан коронавирус анықталыпты. — Аудан бойынша 2020 жылы барлығы 130 науқас, 2021 жылы 446 науқас тіркелді. Қазіргі таңда Хромтау ауданы Ақтөбе қаласынан кейінгі коронавирус таралуы ...

Жалғасы »

Ауырғанын біле тұра қыдырғандар жауапқа тартылды

«Ashyq» қосымшасы бойынша анықталған «қызыл» мәртебесі бар ақтөбеліктер әкімшілік жауапкершілікке  тартылды. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ashyq» жобасын енгізудің негізгі мақсаты — коронавирус инфекциясының алдын алу, яғни ауру жұқтырған немесе байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға бару жағдайларын болдырмау. «Ashyq» жобасы Ақтөбе облысының аумағында 14 сәуірден бастап жұмыс істеуде. Бүгінгі күні Ақтөбе облысының 930 кәсіпкері «Ashyq» жобасына қатысуға ...

Жалғасы »

Жылжымалы кешен аула аралап жүр

 Вакцина алу қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін Мұғалжар аудандық ауруханасының жылжымалы кешені Қандыағаш қаласындағы көп қабатты тұрғын үй аулаларында жұмыс жүргізуде. Қауіпті вирустан қорғанудың бірден-бір жолы — вакцина алу. Кез келген тұрғын дәрігер тексеруінен өтіп, иммундау шарасына қатыса алады. Денсаулығына алаңдаған адамдар екпе алуда. Ж.АБАЙҰЛЫ, Мұғалжар ауданы. 

Жалғасы »