Daily Archives: 20 Шілде 2021

Құрбан айт мерекесі: ниет және көмек

Ақтөбе қаласындағы «СПК Айбек» ЖШС ет комбинатында құрбан шалу рәсімі онлайн режимінде өтті. Қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні 50-ге жуық ұсақ жандық, 2 ірі қара құрбандыққа шалынды. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы індетке байланысты биыл да құрбан шалуды qurban2021.kz сайтына тапсырыс беру арқылы ұйымдастырды. Құрбан шалушылар да аталған сайт арқылы тапсырыс беруде. Көмекке мұқтаж адамдардан да осы сайт арқылы өтініш ...

Жалғасы »

Мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде соңғы кезде індет жұқтырған адамдардың саны күрт артып кеткенін атап өтті. Күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркелуде. Бір апта бұрын Үкімет ахуалды бақылауда ұстап отырмыз деп мәлімдеген болатын. Бірақ эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. Ауыр жағдайдағы науқастардың саны күн сайын көбейіп барады. – Ең бастысы – аса ауыр науқастардың көбеюін болдырмау, адам өмірін сақтау. Сондықтан, оның ...

Жалғасы »

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!

129 рет оқылды

Сіздерді күллі мұсылман жұртының қасиетті мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Құрбан айт — бірлік пен игіліктің, кешірім мен мейірбандықтың мерекесі. Әлемдік деңгейде орын алған қатерлі індетке байланысты биылғы жылы да бұл мерекені өзгеше форматта өткізгелі отырмыз. Бірінші кезекте азаматтардың денсаулығы болғандықтан біз мәжбүрлі түрде осындай шараларды өткізбекпіз. Әрине, бұл енгізілген шектеулер уақытша. Алдағы уақытта барлығы өз қалпына ...

Жалғасы »

Комитет басшысы балықшылармен кездесті

Ақтөбеге арнайы іссапармен келген ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов облыстағы балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлермен кездесті. Табысын тоғаннан тауып отырған балық өсірушілерге үкімет қолдау жасайды. Бұл туралы балықшылармен кездескен комитет басшысы мемлекеттік қолдау шаралары, балық өсірумен  айналысатын субъектілер үшін жағдай жасалатынын айтты. Келесі жылдан бастап салаға 50 пайыз субсидия беріле бастайды. Облыста жұмыс ...

Жалғасы »

Қазақ әншісі «Славян базары» байқауының  бас жүлдесін жеңіп алды

Беларусь елінің Витебск қаласында өткен «Славян базары» байқауының гран-при жүлдесін қазақстандық әнші Рухия Байдүкен жеңіп алды. Әншіге байқаудың қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко жүлдені табыстады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды жас әнші Рухия Байдүкенді жеңісімен құттықтады. – Әлемнің көптеген елінің кіл мықты таланттары қатысқан осынау айтулы байқауда көрсеткен өнеріңіз – Сіздің кәсіби даралығыңыздың, табиғи дарыныңыз бен әртістік шеберлігіңіздің айқын дәлелі, – ...

Жалғасы »

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

Тағайындау Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің өкімімен ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Исатай Еспағанбетов тағайындалды. Исатай Бауыржанұлы Еспағанбетов 2004 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Мәртөк аудандық экономика, бюджетті жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы болып бастаған. 2008-2018 жылдар аралығында Мәртөк ауданында сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, Байторысай ауылдық округінің ...

Жалғасы »

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қандай мәселелер бар?

Депутаттар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде үкіметтік емес ұйымдарға бөлінген қаржы қалай жұмсалатынын білді.  Бұл туралы облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады. Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшелері қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау қоғамы мен саңыраулар қоғамының әлеуметтік үйінде болып «Тең қоғам» жобалық кеңсесінің жұмысымен танысты. Бірлескен отырыс барысында облыстық ішкі саясат басқармасының ...

Жалғасы »

Депутаттық әдеп жөніндегі комиссия құрылды

Облыстық мәслихатта депутаттық әдеп жөніндегі комиссия құрылды. Бұл орган «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес құрылған. Комиссия құрамына облыстық мәслихат депутаттары, аппарат қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық кеңестің өкілдері енгізілген. Комиссияның өкілеттігіне мәслихат депутаттарының депутаттық этика қағидаларын бұзуы, мәслихат депутаттары арасындағы жанжалды жағдайларды шешу, жеке және заңды тұлғалардың, құқық қорғау органдарының мәслихат депутаттарына қатысты шағымдарын, арыздары ...

Жалғасы »

Азық-түлік пакеттері таратылды

Құрбан айт мерекесі қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша облыстық «Нұр ғасыр» мешіті қайырымдылық шарасын өткізді. Акция барысында 100 әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік таратылды. Бұл жолғы қайырымдылық шарасына «Рамазан» және «Айс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері демеушілік көрсетті. Шара барысында жиналғандарды Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы ұлық мереке — Құрбан айттарымен құттықтап, аталған мерекенің мәні мен маңызы туралы айтты.  Ақерке САТЫБАЛДЫ. 

Жалғасы »

Құжаттар қабылданып жатыр

Елімізде  білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 16 шілде де басталды, 25 шілдеге дейін жалғасады. Қабылдау электрондық форматта egov порталы арқылы жүзеге асырылып жатыр.  Талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалдық қабылдау комиссиялары жұмыс істеп, талапкерлерге бейнебайланыс арқылы кеңес беріледі. Талапкерлер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ұлттық бірыңғай тестілеудің екі нәтижесінің ...

Жалғасы »