Daily Archives: 17 Шілде 2021

Облыста мүгедектерді оңалтуға жағдай жасалып жатыр

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста мүмкіндігі шектеулі жандарды кешенді оңалтатын және оларды қарапайым әлеуметтік мәдени өмірге ықпалдастыратын белсенді шаралар қабылдануда. Осы орайда облыс әкімі Оңдасын Оразалин жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс аясында балалар мен ересектерге әлеуметтік көмек көрсетіп жатқан екі оңалту орталығының қызметімен танысты. «Малика» әлеуметтік оңалту орталығында бүгінде 16 жасқа дейінгі балаларға жан-жақты жағдай жасалуда. Орталық директоры Шара Жарылғасованың ...

Жалғасы »

Мәслихат хатшысы тұрғындармен кездесті

Ақтөбе қаласының тұрғындары электр энергиясымен, сумен, жарықпен және газбен байланысты мәселелерді шешуге көмек сұрап, облыстық мәслихат хатшысына жүгінді. Бұл мәселелер облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғмановтың азаматтарды жеке қабылдауы барысында айтылды. Қала маңындағы «Ақжар плюс» бау-бақша ұжымының тұрғындары атынан Жомарт Қартбаев пен Қалихан Нұрғалиев бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелер бойынша көмек сұрады. — Мен 2012 жылы қалалық сүт ...

Жалғасы »

Депутаттық әдеп жөніндегі комиссия құрылды

Облыстық мәслихатта депутаттық әдеп жөніндегі комиссия құрылды. Бұл орган «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңына сәйкес құрылған. Комиссия құрамына облыстық мәслихат депутаттары, аппарат қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық кеңестің өкілдері енгізілген. Комиссияның өкілеттігіне мәслихат депутаттарының депутаттық этика қағидаларын бұзуы, мәслихат депутаттары арасындағы жанжалды жағдайларды шешу, жеке және заңды тұлғалардың, құқық қорғау органдарының мәслихат депутаттарына қатысты шағымдарын, арыздары ...

Жалғасы »

Үміткерлерді тіркеу аяқталды

14 шілде күні сағат 18.00-де облысымызда ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу аяқталды. Сайлау науқаны басталғаннан бері өңірде 115 адам үміткерлікке ұсынылған. Оның 7-еуі заңнама талаптарына сай келмесе, бір кандидат жеке өтініші бойынша бас тартқан. Сонымен бүгінгі күні облыс бойынша ауыл әкімдерін сайлауға 107 кандидат тіркелген. Оның ішінде 65 адам (61%-ы) 6 саяси партияның өкілі болса, 42 адам (39%-ы) — өзін-өзі ...

Жалғасы »

Қоғамдық бірлестіктер бақылайды

Биыл 25 шілдеде республика бойынша бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлау өтеді. Бұл саяси шараны қоғамдық бірлестіктердің 180 байқаушысы бақылайтын болады. Бұл жөнінде «Партиялық емес байқау орталығы» облыстық филиалы өткізген брифингте айтылды. Аталған шараға  облыстық филиал штабының басшысы Ерәділ Уббиниязов, бақылаушылар жөніндегі штабтың үйлестірушісі Алтынай Рахымова,  құқықтық мәселелер жөніндегі штабтың үйлестірушісі Нұрлыбек Шоқпаров қатысты. Ерәділ Уббиниязовтің айтуынша, елімізде құрылған ...

Жалғасы »

Құрбан айтта мал базар жұмыс істемейді

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 16 шілдедегі жаңа қаулысына сәйкес 20-22 шілдеде Ақтөбе қаласындағы мал базар қызметіне тыйым салынды. Осылайша биылғы Құрбан айт мерекесінде облыста мал сою орындары жұмыс істемейді. Құрбан шалу рәсімдері онлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ Ақтөбе қаласында және аудандарда айт мерекесіне орай көпшілік ас беру, отбасылық іс-шаралар өткізуге де тыйым салынды. Айта кету керек, Ақтөбе облысы 9 ...

Жалғасы »

Құрбан айт: Індет кезіндегі ерекшеліктер

Брифинг   Биыл Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 20 шілдеге сәйкес келеді. Айт намазы ертеңгілік сағат 7.00-де оқылады. Індетке байланысты мешіттердің ішінде намаз оқылмайды, арақашықтықты, басқа да барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, сыртында оқуға ғана рұқсат берілген. Құрбан шалу Айт намазы оқылып болғаннан кейін басталады. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн режимінде өткен тікелей эфирде облысымыздың бас имамы Серікжан Еншібайұлы ...

Жалғасы »

11 зертхана жұмыс істеп тұр

Брифинг   Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер беріліп, кезекті рет сақтық шаралары сөз етілді.  — 15 шілде күні облыс бойынша 215 коронавирус инфекциясы тіркелді. Оның 137-сі — ауру белгілерімен анықталғандар. Көпшілігі — Ақтөбе қаласының тұрғындары. Жалпы, пандемия басталғалы 13369 адам коронавирусқа шалдыққан. 9 шілдеден бері облыс «қызыл аймақта» тұр. Шектеу шараларын сақтауға шақырамыз, — деді ...

Жалғасы »

Мал азығына субсидия беріледі

Жыл сайын мал азығын дайындау шығыны шаруалардың қалтасын қағып тұр. Былтырғы шабындықтан  биылғы шөптің түсімі әлдеқайда азайған. Бұл шөп нарығындағы бағаны да өсіріп жіберді. Сол себепті ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату үшін жергілікті бюджеттен 6 миллиард 750 миллион теңге қаражат бөлінді. Өткен жылы осы мақсатта берілген қаражаттан қарағанда көп. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің  19.03.2021 жылғы №108 «Асылтұқымды ...

Жалғасы »

Ақтөбеден Нөкіске тікелей рейс ашылды

29 шілдеден бастап Ақтөбеден тікелей Өзбекстанға ұшақ ұшатын болды. Бұл туралы Ә.Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайының инстаграм парақшасында хабарланды. Сонымен, алдағы уақытта Uzbekistan Airways әуе компаниясының ұшағы арқылы жолаушылар Ақтөбеден Нөкіске аптасына бір рет, атап айтсақ, әр бейсенбі сайын тұрақты рейспен қатынай алады. Қазір билеттер сатылып жатыр. Билет құны бір бағыт үшін 40 мың теңгеден басталады. Д.АЙДАР.

Жалғасы »