Daily Archives: 13 Шілде 2021

Кәсіпорында жұмысшы көз жұмды

13 шілдеде «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-ның №2 байыту фабрикасының концентрат қоймасында өнімдерді тиеу жұмыстары кезінде «Copper Technology» ЖШС-ның жүк тиегіш машинасының жүргізушісін айырлы жүк көтергіш құралы қағып кетті. Жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Өңір басшысының тапсырмасымен жағдайды тексеріп, қайғылы оқиғаның себебін анықтау үшін облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен арнайы комиссия құрылған. Тексерістің нәтижесі туралы алдағы уақытта қосымша хабарланатын болады. ...

Жалғасы »

Басты мақсат — экономиканы өркендету және халықтың әл-ауқатын арттыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Бейнебайланыс режимінде өткен жиынға Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары қатысты. Экономика өсімі қарқынын арттыру — негізгі міндет Қасым-Жомарт Тоқаев іс-шара барысында биылғы бірінші жартыжылдықтағы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған міндеттер анықталатынын айтты. ...

Жалғасы »

Қажымұқанның ізбасарлары күш сынасты

Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт сарайында «Batyrs Battle» спорттық сайысы өтті. Шара қазақтың аты аңызға айналған балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова мен Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров қатысты. «Batyrs Battle» — бұл салауатты өмір салтын насихаттайтын көпсайысты турнир. Ерекше жобаның мақсаты — бұқаралық спортты дамыту және күш қолданылатын ұлттық спорт түрлерін қолдау. ...

Жалғасы »

Жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы болып Нұрлан Шабдар тағайындалды. 10 шілде күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жеке құрамына жаңа басшыны таныстырды. Нұрлан Шабдар 1974 жылы 15 қарашада Алматы облысында дүниеге келген. Әр жылдары құқық қорғау органдарының басшылық лауазымдарында, сондай-ақ ...

Жалғасы »

Екі минут ішіндегі жеңіс

UFC-де жүрген қазақ спортшысы, жерлесіміз Жалғас Жұмағұлов өзінің алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жек 11 шілдеде Лас-Вегаста өтті. Жалғас өзінің қарсыласы, америкалық Джером Ривераны бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді. Джером Ривера 2015 жылдан бері UFC-дежекпе-жектер өткізіп келеді. Бұған дейін ол 7 рет жеңіп, 4 рет жеңіліске ұшыраған. Ал Жалғас ЖұмағұловUFC-дегі карьерасын былтыр жазда бастап, бұған дейін екі рет жекпе-жек өткізіп, екеуінде ...

Жалғасы »

Сарматтың қанжар-қылышы…

Көне қорғанда ежелгі әскербасылар жерленген болуы мүмкін Қазір елімізде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы, осы жоба бойынша жасалған киелі орындардың тізімі, картасы бар. «Киелі жер» ұғымы бүгін немесе ХV-ХVІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығының кезінде пайда болған жоқ, ол —Ұлы даланы мекендеген халықтың санасында, жүрегінде, жадында бұдан жүздеген жылдар бұрын да болған түсінік. Және қазіргі Ақтөбе қаласының тұрған жері де — ғасырлар ...

Жалғасы »

Бір айда қысқы мал азығының 30 пайызы дайындалды

Биыл еліміздің көп бөлігінде қуаңшылық болып тұр. Сол себепті облыстағы шаруалар қуаңшылықтың зардабын тартамыз ба деп алаңдаулы. Алайда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары биыл өңірде жемшөп пен жайылымның жайы бірқалыпты екенін айтады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, бүгінгі таңда облыста ауыл шаруашылығы мақсатына бекітілген 26 970,2 мың гектар жер бар. Оның ішінде жайылым жер көлемі 25 294,1 ...

Жалғасы »

Сауда орталықтарында қосымша егу пункттері ашылды

Облыста індет жұқтыру дерегі көбейіп отыр. Алдыңғы аптада 510 жаңа жағдай тіркелсе, өткен аптада індет жұқтырғандар саны 133-ке көп.  Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы»  тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев пен Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров айтты.    — Бүгінге дейін  облыста КВИ-мен ауырған ...

Жалғасы »

Қоғам болып қолдау көрсетейік

Мемлекет басшысының Жолдауындағы ауыл әкімдерін сайлау туралы мәселе елең еткізерлік жаңалық болды. Бұлай болуының негізі де бар. Ел басқару ісі қай заманда да оңай болған емес. Халықтың​ ​сұранысын, қажеттілігін өтеуде​ ауыл әкімдерінің​ де артар жүгі көп, жауапкершілігі ​ мол. Биылғы болатын сайлау​ халықтың​ тікелей дауыс беруі арқылы​ болатындығы халықтың көңіліне сенім отын жақты. Өйткені халықтың өзі сайлаған басшы әркез сол халықтың ...

Жалғасы »

Италия — екі мәрте чемпион!

Еуро-2020 №51 кездесу. 11 шілде. Лондон. Италия-Англия — 1:1 (пенальтилер сериясы бойынша —3:2) Ойын басталар-басталмастан, 2-минутта ағылшын Люк Шоу италиялықтардың бұрыштаманы сәтсіз орындауының салдарынан пайда болған шапшаң қарымта шабуылдың нәтижесінде қарсыластар қақпасына гол соғып кетті. Бұдан соң да Англия құрамасы аяқастынан абыржып қалған Италия футболшыларын біраз тықсырды. Дегенмен финалға осал құрама шыға ма?! Италия сайыпқырандары бірте-бірте ес жиып, бірінші таймның ...

Жалғасы »