Daily Archives: 10 Шілде 2021

Ардагерлер ұйымының жиыны өтті

Облыстық ардагерлер ұйымының мүшелері жастарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру ісін жандандыра түсуді көздейді. Бұл жөнінде кеше облыстық ардагерлер кеңесінің пленум отырысында айтылды. Nur Otan партиясы облыстық филиалының ғимаратында өткен жиынға түрлі салалар бойынша ардагерлер ұйымдарының жетекшілері мен белсенді мүшелері, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, V және VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Абай Тасболатов, облыс ...

Жалғасы »

Қолжетімді тұрғын үймен қамту — партияның басым бағыттарының бірі

Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Ғалымжан Елеуов, Аманғали Бердалин, Зүлфия Сүлейменова облыстық мәслихаттағы әріптестерімен бірге Алға ауданында салынып жатқан жалдамалы коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысын бақылады.  Олар тұрғын үй сапалы салынуы мәселесін көтерді, сонымен бірге тұрғын үйлердің, әсіресе  жетім балаларға қолжетімділігін арттыруға ерекше көңіл бөліну қажеттігін айтты. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы негізінде Алға қаласында ...

Жалғасы »

Облыста көптілді лагерьлер жұмыс істейді

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында депутаттар облыстық тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырып жатқан жобаларын талқылады. Облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысы Медет Ысқақовтың айтуынша,  аталған бағытта іске асырылып жатқан бірқатар ұзақ мерзімді жобалардың мақсаты —  Қазақстанда тұратын этностар өкілдерінің ана тілін үйренуіне жағдай жасау. — Этномәдени бірлестіктер ...

Жалғасы »

Тергеу амалдары жүріп жатыр. Мектеп басшылығы қызметінен уақытша шеттетілді 

Кеше облыс әкімдігі ғимаратында ақтөбелік оқушыға зорлық көрсетілген оқиға бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі құрған комиссияның отырысы өтті. Бірінші боп сөз алған Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев: — Осы жылдың наурыз айында Ақтөбе қаласындағы мектептердің бірінде кәмелет жасына толмаған балаға қатысты зорлық жасау фактісі орын алған. Соған байланысты кезектен тыс отырысқа жиналып отырмыз. ...

Жалғасы »

Сайлау: 115 кандидат ұсынылды

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Күнбаева «Ауыл әкіміне кандидаттар ұсыну мерзімінің аяқталуы» туралы тікелей эфир өткізді. — Бүгін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарға сәйкес ауыл әкімдерін ұсыну мерзімі сағат 18.00-де аяқталды. Науқан басталғаннан бері облыста барлығы 115 кандидат, оның ішінде 9 шілдеде Қарғалы және Мәртөк аудандарының ауыл әкімдеріне екі кандидат ұсынылды. Жалпы ...

Жалғасы »

Ақтөбе «қызыл аймақта»

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлығына байланысты облыс «қызыл аймаққа» енді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Вакцинация мен КВИ бойынша ағымдағы жағдай туралы»  тікелей эфир барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев айтты.     — Бүгінге дейін  облыста КВИ-мен ауырған 12516 жағдай тіркелді, оның ішінде 65,4%-ы ауру белгілерімен (8196) және 34,5%-ы симптомсыз (4320) жағдай. 11601 (92,6%) науқас жазылып шықты. Жалпы  ...

Жалғасы »

Вагонда тұратындарға  жер телімі берілді

Ақтөбеде ондаған жылдар бойы темір вагондарды паналап келген отбасыларға жер телімі және ақшалай өтемақы берілді. Қарғалы ауылында осыдан 30 жыл бұрын геолог мамандар үшін қойылған бұл темір вагондарды 77 адам паналап келген. Баспана деген аты ғана, жазда ыстық, қыста салқын. Көгілдір отын кіргізілмеген. Уақытша пайдалануға арналған тұрғын үйлер соңғы жылдары қирауға шақ қалған. Бұл жердің тұрғындары бірнеше рет жергілікті билік ...

Жалғасы »

Көршіге көмек — көптің ісі

Ақтөбелік кәсіпкерлер Маңғыстау облысына тегін шөп дайындап жатыр. Алғашқылардың бірі болып облыстың ірі шаруа қожалықтары атсалыса бастады. Көрші облыстағы жағдайды көріп, бейжай отыра алмаған олар өз шаруа қожалықтарынан мал азығын дайындауға кіріскен. Бір тәуліктің ішінде 1350 орама, 1000 бума шөп жиналған. Бұл 16 шаруа қожалығынан  жиналған  көмек «Маңғыстауға көмек» атты арнайы қор құрылды. Қордың жетекшісі Орынбай Жолмұратовтың айтуынша, Ақтөбе ғана ...

Жалғасы »

Тәуіптен басталады

 Ырғыз ауданында аумақтық сайлау комиссиясы үміткерлерден құжаттар қабылдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аудан бойынша әзірге бір округте, яғни Тәуіп ауылдық округінде әкім сайлауы өткізіледі. Округте 790 тұрғын тұрады, оның ішінде 334 сайлаушы бар.  Тәуіп ауылдық округіндегі №238 сайлау учаскесі толықтай сайлау науқанына дайын. 5 комиссия мүшесі де вакцинаның 2-компонентін алды. Бүгінгі таңда округ әкімдігіне екі адамның кандидатурасы тіркелген және бір адам ...

Жалғасы »

Басшымызды өзіміз таңдаймыз

Бибігүл Шындәулетова, ауыл тұрғыны. Президентіміздің ауыл әкімдерін сайлау туралы шешімі қоғам талабына қарай туындап отыр. Бұл сайлаушылардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттырады. Нағыз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асып жатыр. Әкімдік тарапынан ауқымды жұмыстар жасалуда. Округтегі 4 мектептің екеуі жаңадан салынып, біреуі күрделі жөндеуден өтті. Халықтың басты талабы жол мәселесі шешіліп, жөндеу жұмыстарын көріп отырмыз. ...

Жалғасы »