Daily Archives: 9 Шілде 2021

Облыста дамудың оң қарқыны сақталып отыр

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен бейнебайланыс арқылы өткен жиында өңірдің 6 ай ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы қаралды. — Өңірдің макроэкономикалық жағдайы тұрақты,— деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров. Статистикалық мәліметтерге сәйкес есептік кезең ішінде өнеркәсіптің физикалық көлем индексі 105,1%-ды құрайды деп болжанып отыр. Қаңтар-маусым айлары ішінде 955 млрд теңгеге өнім өндіріліп, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 101,8 млрд ...

Жалғасы »

Депутаттар Қобда ауданында болды

Облыстық мәслихат депутаттары Қобда ауданында Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасына енгізілген жобалардың іске асырылуымен танысты. Облыстық мәслихаттың хатшысы Амангелді Нұғманов бастаған депутаттық жұмыс тобының құрамында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйентаева және Қоғамдық кеңес өкілдері болды. Депутаттар ауданда салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс алаңдарында болып, ауыл тұрғындарымен және аудан белсенділерімен кездесті. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске ...

Жалғасы »

Жарнамалар тиісті талапқа сай ма?

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан Ақтөбе қаласындағы сауда орындары мен мейрамханаларда «ҚР Тіл туралы» Заңының 21-бабын түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сәрсенбі күні басқарма басшысы Медет Ысқақов бастаған топ қаладағы бірқатар сауда орындарында болды. Алдымен түсіндіру тобы «Анвар» гипермаркетіне барды. Басқарма басшысы аталған сауда орнында осыдан бір ай бұрын олқылықтар анықталғанын, сауда орнының басшылығына ескерту жасалғанын айтты. — «Қазақстан Республикасы Тіл ...

Жалғасы »

Диана да Олимпиадаға барады!

23 шілдеде басталатын Токиодағы жазғы Олимпиадаға баратын ақтөбелік спортшылардың саны алтау болды. Жүзу спортынан ұлттық құраманың мүшесі Диана Назароваға да төрт жылда бір келетін ең үлкен әлемдік спорттық додаға қатысудың сәті түсіп отыр. Диана Ақтөбедегі су спорты түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің «Достық» спорт мектебінде жаттығады. Ол 2018 жылы Буэнос-Айресте өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиадаға қатысып, шалқалап жүзу әдісімен 50 метрлік ...

Жалғасы »

Маңғыстау облысына шабындық жер берілді

Биыл көршілес Маңғыстау, Қызылорда облыстары қуаңшылықтан қатты зардап шегіп отыр. Қыстың қары мен көктемнің жаңбыры аз түсіп, шөп шықпай қалды. Әсіресе Қызылорда облысының Арал ауданы Құланды өңірінің жайы былтырғыдан қарағанда тым қиын. Осыған байланысты Ақтөбе облысынан Маңғыстау облысының бес ауданына көмек ретінде шабындыққа жер берілді. Мал азығын дайындауға байланысты облыс әкімдері меморандумға қол қойды. Қобда ауданынан 10 мың гектар жер ...

Жалғасы »

Екі күнде екі айлық жауын жауған

Ақтөбеде екі күннен бері толассыз жауған жаңбырдан қала көшелері суға толды. Синоптиктердің мәліметіне сүйенсек, соңғы бір тәулікте жауған жаңбыр мөлшері 54,7 миллиметрді құраған. Шілде айындағы болжам бойынша жауын-шашын мөлшері 29 миллиметр болуға тиіс. Яғни Ақтөбеге екі күнде екі айлық жауын-шашын мөлшері түскен. Тұрғындар бір айға жуық уақытқа созылған аптап ыстықтан кейін жаңбыр жауғанына қатты қуанғаны рас. Алайда күні-түні толассыз жауған ...

Жалғасы »

Кәсіпкердің құқығын қорғады

Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы прокуратура органдарымен бірлесе өңірдегі бірқатар бизнес өкілдерінің құқықтары мен мүдделерін қорғады. Мәселен, Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуратурасы кәсіпкерлік субъектісінің өтінішін қарау кезінде облыс орталығының Ѕра-салондарының бірінің қызметіне заңсыз кедергі келтіру фактісін анықтады.Арызданушының дәлелдерін зерттеу барысында қазіргі уақытта бұл мәселеге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны анықталды. Қылмыстық іс шеңберінде қылмыстық қудалау органы салонның үй-жайына мөр басып және ...

Жалғасы »

Тұрғын үй шатырлары жөнделеді

Ақтөбеде соңғы күндері толассыз жауған жаңбырдың салдарынан Тұрғындар қалашығы ауданындағы 5 тұрғын үйдің шатырынан су кіріп, пәтер иелерін әлекке салды. Көп қабатты үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания өкілдері келтірілген шығындардың өтелетінін айтады. — Өзге өңірлерден алынатын құрылыс материалдарының уақытында келмеуіне байланысты кейбір үйлердің шатыры жабылмаған болатын. Соңғы үш күнде жауған жаңбырдан 5 тұрғын үйдің шатырынан су кетіп, 15 ...

Жалғасы »

Тоғызда жаңа клуб ашылды

Елорда күні мерекесі қарсаңында Шалқар ауданындағы Тоғыз ауылдық округінің орталығында жергілікті бюджет есебінен салынған ауылдық клуб ғимаратының ашылуы өтті. Теміржол бойында орналасқан стансаға сән берген жаңа мәдени нысанның ашылу салтанатына ауыл тұрғындары ертемен жиналып, ортақ қуаныштың куәсі болды. Аудан әкімі Жанболат Жидеханов тұрғындарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілгелі тұрған клубтың ашылуымен құттықтады. Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында ауданымызда атқарылып ...

Жалғасы »

Кәсіподақ құқығыңды қорғайды

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен биыл «Бастауыш ұйым» жылы деп жарияланды. Ақтөбе облысы Кәсіподақтар орталығында 132 мыңнан астам  кәсіподақ мүшесі бар. Оның 1181-і бастауыш, 15 жергілікті және 10 салалық кәсіподақ ұйымы. Осы ұйымдарда жұмысшы жастар саны 45  мыңнан асады. Соңғы үш жыл ішінде кәсіподақ ұйымдарының саны артып, 47 жаңа бастауыш және жергілікті кәсіподақ ұйымы құрылып, кәсіподақ мүшелерінің саны 6 мыңға ...

Жалғасы »