Daily Archives: 3 Шілде 2021

«ГЛОБАЛ МАСТЕР ГРУПП» ЖШС ЖҰМЫСШЫЛАРЫ ТОЛЫҚТАЙ ВАКЦИНА САЛДЫРДЫ

Ақтөбе қаласындағы ірі өндіріс орнында 150-ге жуық адам еңбек етеді. Оларға екі күн бойы жаппай вакцина салынып, тегін дәрі-дәрмек үлестірілді. Екпе жұмыстарын қаладағы №5 емхананың бригадалық тобы жүргізді. Компания директоры Нұрстан Адайбеков індетпен күресу үшін вакцинаның маңызы зор екендігіне тоқталды. — Осыдан екі ай бұрын ұжымнан он адам ғана «Спутник V» вакцинасын салдырды. Екі компонентін де алып болған соң, екпенің ...

Жалғасы »

ТРИАТЛОН ПАРКІ АШЫЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Елорда күні қарсаңында облыс орталығында Триатлон паркі ашылды. Бірегей спорт нысанының ашылуына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысып, әуесқой велосипедшілер мен жеңіл атлеттердің жарысына старт берді. Қаланың 12-шағын ауданында қолданысқа берілген Триатлон паркінің ұзындығы — 2,5 шақырым. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған жаңа паркте велосипедшілерге, жеңіл атлеттерге және жаяу жүргіншілерге арналған арнайы жолақтар бар. — Елорда ...

Жалғасы »

ӘКІМ КУБОГЫ — «БУНЕДКОРДА»

Содан кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай ұйымдастырылған футболдан V халықаралық турнирдің жеңімпаздарын марапаттау шарасына қатысты. 28 маусым мен 3 шілде аралығында 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында облыс әкімінің кубогі үшін футболдан V халықаралық турнир өткен болатын. Бесінші жыл қатарыСодан кейін облыс әкімі Оңдасын Оразалин Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Елорда күніне орай ұйымдастырылған футболдан ...

Жалғасы »

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Ақтөбеде «Мүгедек адамдарға арналған әлеуметтік қолдау орталығы» ашылды. Астана күніне арналған шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, қала әкімі Асхат Шахаров, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменова қатысты.  Елімізде 705 мыңдай мүмкіндігі шектеулі азамат бар екен, оның 94 мыңнан астамы — балалар. Елімізде мүгедектігі бар азаматтарды қоғамға бейімдеу, олардың қоғамның басқа азаматтарымен тең дәрежеде білім алып, еңбек етуіне жағдай жасау — мемлекеттік ...

Жалғасы »

Елорда – елдік пен ерліктің ордасы 

Нұр-Сұлтан – еліміздің жан жүрегі, тәуелсіздігіміздің бойтұмары, ата-бабаларымыздың аңсап кеткен ақордасы, қазақ елінің ұлттық мақтанышы. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында межелі мерейтой – Елбасы ерлігінің жемісі, қарыштаған Қазақстанның символы болған Елордамыздың 23 жылдығын атап өтпекшіміз. Жалпы, Елорда күнін мемлекеттік мереке деп жариялаудың тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні айрықша зор. Мыңжылдықтар тоғысындағы мұндай батыл шешім қазір қай қырынан алып қарасақ та дұрыс ...

Жалғасы »

Триатлон паркінде жаяу жүргіншілерге арналған жол салынады

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласын аралап, Жеңіс даңғылы бойындағы, 11, 12, Мәскеу және Әуе қалашығы аудандарындағы ​көппәтерлі үйлердің аулаларын абаттандыру және жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты. Айта кетейік, биыл Ақтөбеде 200-ден астам аулаға асфальт төсеп, балаларға арналған 67 ойын алаңын орнату жоспарланып отыр. Тұрғындар қалашығы ауданындағы «Алақай» театрының маңындағы гүл бағы мен 8- шағын аудандағы «Жастар» аллеясын абаттандыру барысымен ...

Жалғасы »

«Атамекеннің» қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе алды

«Атамекен» өңірлік палатасының ұжымы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының өтініші бойынша №5 қалалық емханасы палата ғимаратында көшпелі егу пунктін ұйымдастырды. «Біз бұл індетті тоқтатудың жолы оған қарсы вакцина алу керек екендігін түсінеміз және ұжым болып вакцина алу үшін дәрігерлерді мекемеге шақырдық. Екпе алу — әркімнің өз еркі, қызметкерлер алдын ала емдеуші дәрігерлерінен, терапевтерден кеңес алып, шешім қабылдады. ...

Жалғасы »

Ұлттық құраманың ту ұстаушылары анықталды

Ұлттық Олимпиадалық комитет Токиода еліміздің туын ұстап шығатын спортшылардың аты-жөндерін атады. Биылғы жазғы Олимпиадада ұлттық құраманың ту ұстаушылары Қамшыбек Қоңқабаев пен Ольга Рыпакова болмақ. Екеуі де ұлттық құрамадағы ел туын желбіретіп шығуға ең лайық спортшылар. Ольга Рыпакова Олимпиадаға осымен төртінші рет қатысқалы отыр. Ол алдыңғы үш Олимпиаданың үшеуінен де жүлдемен оралды: 2008 жылы Пекинде — күміс, 2012 жылы Лондонда алтын ...

Жалғасы »

Өңірде бірнеше адамнан коронавирустың үнділік «дельта-штамы» анықталды

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева айтты. «Соңғы аптада қауіпті індет жұқтырған 20 адамның сынамасын Алматыға зертханаға жібердік, соның 45 пайызында үнділік «Дельта-штамы» анықталды. Бұл — өте қауіпті, тез таралатын вирус. Оның инкубациялық кезеңі 14 күн емес, 7 күн. Тез өршіп, тез таралады. Науқастың дене қызуы көтеріліп, іші ауырып, іш ...

Жалғасы »

«Қазхромда» вакциналау қарқынды жүріп жатыр

ERG құрамындағы «Қазхром» компаниясының Ақтөбе облыстық мекемелерінде тәулік сайын орташа есеппен 20 адам COVID-19-ға қарсы екпе алып жатыр. Бұл туралы «Қазхромның» баспасөз қызметі хабарлады.   Ақтөбе ферроқорытпа зауыты мен Дөң кен байыту комбинатында  8 сәуірден бері вакцинаның алғашқы компонентімен  қызметкерлердің 21,1 пайызы, ал  екіншісі компонентімен 13,7 пайызы егілген. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының бірінші балқыту цехының қызметкерлерінің 77% пайызы вакцина алыпты. Мұнда ...

Жалғасы »