Daily Archives: 1 Шілде 2021

Ақтөбеде 35 ауылдық округтің әкімі сайланады

Өңірде қазір осы саяси науқанға қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Елімізде бұрын-соңды елді мекендердің басшылары тікелей дауыс беру арқылы сайланбағаны белгілі. Яғни биылғы сайлау ерекше болмақ. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Күнбаеваның айтуынша, облыста 141 ауыл әкімі бар. Ауыл әкімдерін сайлау 35 ауылдық округ бойынша өткізіледі. Себебі қалған елді мекендердегі әкімдердің өкілеттік мерзімі (4 жыл) әзір аяқталған жоқ. Өкілеттік мерзімі аяқталғаннан ...

Жалғасы »

Ақтөбеде ауданаралық әкімшілік сот ашылды

Бейсенбі күні Ақтөбе қаласында алғаш рет облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот ашылды. Шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімі жиналғандарды жаңа әкімшілік соттың ашылуымен құттықтап, бұл мекеменің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудағы маңыздылығына тоқталды. — Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы ...

Жалғасы »

 «Елбасының тапсырмалары орындалуы керек»

«Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен Ақтөбе облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтті», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Отырысты ашқан өңір басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің дамуына үлкен үлес қосатынын атап өтті. «Өздеріңіз білетіндей, биылғы жылдың 28 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы» атты кезекті 29-сессиясы өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – ...

Жалғасы »

70 мың гектардан астам жер өңделді

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен бейнебайланыс арқылы өткен жиында жерді шегірткеден қорғау мәселесі қаралды», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Өңірде шегірткеге қарсы аумақтар мен ауыл шаруашылығы жерлерін химиялық өңдеу мамыр айының соңында басталған болатын. Аумақтық инспекцияның мәліметтері бойынша агроөнеркәсіптік кешенде жоспарланған 70,39 мың гектар жердің 70,05 мың гектары бүгінде жер және әуе арқылы өңделген. Өңдеу, ең алдымен, Әйтеке ...

Жалғасы »

Облыс әкімі Нұрқанат Әжіқановты қабылдады

«Облыс әкімі Оңдасын Оразалин олимпиада ойындарына қатысуға лицензиясы бар Нұрқанат Әжіқанов пен оның жаттықтырушысы Орынбай Макеевті қабылдады», — хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы спортшының алдағы жарыстарына сәттілік тіледі. «Жарыстарда жеңіске жеткен, олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар жастарымыздың патриоттық тәрбиесіне үлкен үлес қосып келеді. Сіздер өскелең ұрпақты бос уақыттарын белсенді өткізуге және салауатты өмір салтына шабыттандырып, оларға өзіңізге деген сенімділікті ...

Жалғасы »

Тұтынушылар құқығын мемлекеттік органдар бірлесе қорғайды

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.Иманқұловтың төрағалығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі салааралық жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті. Ж.Иманқұловтың айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі салааралық жұмыс тобы былтыр облыс әкімінің өкімімен құрылған. Облыс әкімдігі жанындағы консультативті-кеңесші орган болып есептелетін жұмыс тобының құрамына мемлекеттік органдар өкілдері, депутаттар, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік палатасы,   қоғамдық ұйымдар басшылары енгізілген. — Салааралық жұмыс тобының мақсаты — ...

Жалғасы »

Аралас жекпе-жекке қолдау көрсетіледі

Облыс әкімі ОңдасынОразалин облыстың джиу-джитсу федерациясының президенті Әшім Қали мен өңірдің ММА федерациясының президенті Айбек Шоқпытовты қабылдады. Кездесу барысында өңірдегі аралас ​ жекпе-жек ​өнерінің даму келешегімен проблемалары талқыланды. Соңғы кездері ММА спортының танымалдылығы бүкіл әлем бойынша артып келе жатқандығы айтылды. Айта кету керек, Ақтөбе облысынан халықаралық ареналарда лайықты өнер көрсететін ММА спортшылары шығып, белгілі бір дәрежедегі жетістіктерге қол жеткізе алды. Облыс әкімі жергілікті атқарушы органдардың өңірдегі аралас жекпе-жек өнерін ...

Жалғасы »

Мерейлі отбасылар марапатталды

Отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, ата-ананың бала тағдырына, бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру мақсатымен елімізде жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. Кеше Ақтөбе қалалық әкімдігінде осы байқаудың қалалық кезеңі қорытындыланды. Қалалық байқауға қатысуға өтінім бергендер арасынан 19 отбасы таңдап алынған. Олардың арасынан 3 бірдей баласы әке жолын жалғап отырған теміржолшылар әулеті — Әділовтер бас жүлдеге ие болды. Ал І орынды — ...

Жалғасы »

Қоғамдық мүлікті бүлдіргендер қатаң жазаланады

Сейсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен вандализм, металл ұрлығы, жалпы қоғамдық мүлікті тонау, бүлдіру мәселелері бойынша жиын өтті. Оған Алматы, Астана аудандарының әкімдері, жергілікті полиция қызметі, бөлім басшылары мен металл дайындаушылар ассоциациясының өкілдері қатысты. Жиында Асхат Шахаров алдағы уақытта қоғамдық орындарда қала мүлкін ұрлағандар мен бүлдіргендер қатаң жазаланатынын жеткізді. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вандализмге қатысты өз пікірін ...

Жалғасы »

Шектеу шаралары күшейтілді

28 маусымнан бастап облыс «сары аймаққа» енгені белгілі. Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес бірқатар карантиндік шектеу шаралары күшейтілді. Егер «Ashyq» қосымшасын пайдаланбаса, аквапарк пен жағажайлардың жұмысына тыйым салынды. Бұл туралы кеше облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова мәлімдеді. Оның айтуынша, адам көп шоғырланатын іс-шаралар, мерекелік жиындар, той-садақалар жасауға болмайды. Сондай-ақ аквапарк пен жағажайлардың да жұмысы тоқтатылды. ...

Жалғасы »