Daily Archives: 10 Маусым 2021

Биыл 2,6 млн тонна мал азығы дайындалады

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында өңірде мал азығын дайындау мәселесі қаралды. Жиында бейнебайланыс арқылы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері жүргізіп жатқан жұмыстары жайлы есеп берді. Биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы саласында 2,6 млн тоннадан астам мал азығын, яғни бір жарым жылдық қор жасақталуы тиіс. Баяндамаларды тыңдап шыққан облыс басшысы жем-шөп көлемін молайтуда барлық мүмкіндікті пайдалану керектігін баса айтты. ...

Жалғасы »

Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты

Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жылдың 1 қаңтарына Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, Салық кодексінің  456-бабымен белгіленген Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың импорты кезінде қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібін түсіндіреді. 1.Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Еуразиялық экономикалық одақта қосылған құн салығын есептеу және төлеу тәртібі ...

Жалғасы »

Ынтымақтастық келісімі жасалды

Ақтөбе облысының әкімдігі, ҚР Ауыл шаруашылығы ардагерлерінің кеңесі және «Ардагерлер ұйымы» РҚБ облыстық филиалы ынтымақтастық меморандумына  қол қойды. Шараға мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері мен кәсіподақ ұйымдары қатысты. Құжатқа облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ардагерлер кеңесінің басқарма төрағасы Қадырхан Отаров және ардагерлер ұйымы филиалының төрағасы Серік Шаңғұтов қол қойды. Меморандум бірлескен бағдарламалар мен жобалар жасауға және ауыл шаруашылығын дамыту, шаруалардың ...

Жалғасы »

Биыл тұрғын үй құрылысына 8247 жер учаскесі берілмек

Кеше облыстық қоғамдық кеңес жанындағы экология, жер қойнауын пайдалану, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтіп, бірнеше өзекті мәселелер қаралды. Облыстық әкімдік ғимаратында ұйымдастырылған жиынға атқарушы билік өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, журналистер мен белсенділер қатысты. Күн тәртібіне ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді және ұтымды пайдаланудың өзекті мәселелері, жалпы осы саладағы бақылау арқау болған басқосуда облыс әкімінің ...

Жалғасы »

12 мың ағаш көшеті егілді

Жыл басынан бері облыста 35,5 мың ағаш, ал Ақтөбе қаласында жалпы саны 12 мың қайың, өрік, орман алмасы, терек, үйеңкі, сирень, шетен және ирьга көшеті егілді. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттарына тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров пен облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров айтты. Отырыста құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және ...

Жалғасы »

Азамат құқығын сақтайтын сүзгі

Астана ауданындағы №1 қалалық полиция бөлімі ғимаратында облыс прокуроры Марат Қайбжанов пен ПД бастығының міндетін атқарушы Мұрат Сейталиннің қатысуымен қылмыстық процестің үш буынды моделі жобасының таныстырылымы өтті. Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында полиция, прокуратура және сот арасында өкілеттіктерді нақты бөле отырып, сот төрелігінің үш буынды моделін енгізуді тапсырған болатын. Осыған байланысты елімізде қылмыстық процестің үш буынды моделін ...

Жалғасы »

Жастарды баспанамен қамту мәселесі талқыланды

Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі өңірлік кеңестің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің төрайымы Бақыт Молдабаеваның төрағалығымен өткен отырыста жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын шешу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды құру мәселесі қаралды. Отырыстың барысында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Елеусіз Нұрғалиев, «Отбасы банк» ...

Жалғасы »

Ақтөбелік бишілер бас жүлде алды

Биыл республикалық  «Бақытты балалық шақ» фестивалі Шымкент қаласында өтті. Жарысқа  еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған талантты бала жиналды.  Ақтөбеден «Геолог» мәдениет үйінің «Арай» үлгілі би ансамблі қатысты. Үлкен, орта және кіші топтың бишілері өнер көрсетті. Барлығы 41 биші қатысты. Ақтөбелік бишілердің өнерін қазылар алқасы жоғары бағалады. Нәтижесінде хореография жанры бойынша бас жүлде және бірінші орынға ие болды. — Бұл ерекше сапар болды. ...

Жалғасы »

Ауылға интернет жеткізілді

Мұғалжар ауданының Ащысай ауылының тұрғындары енді интернет арқылы ақпарат алып, байланысқа шыға алады. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аудандық бюджет қаржысына және жергілікті шаруа қожалықтарының демеушілігімен Сабындыкөл ауылына биіктігі 50 метр болатын мұнара орнатылып, сол арқылы Ащысай, Сабындыкөл мен Ақсу ауылдарын ұялы байланыспен және интернет желісімен қамту көзделген еді. Әзірге осы үш ауылдың ішінен Ащысай ауылына ұялы байланыстың ...

Жалғасы »

Ұстаздар аллеясы салынып жатыр

Қызылжар селолық округіне қарасты Шеңбертал ауылында Ұстаздар аллеясы салынып жатыр. Жобаның авторы — ардагер ұстаз, ауылдың ақсақалы Аманғос Ызашұлы. 40 жылдан астам ұстаздық еткен ардагер ауданнан шыққан ағартушы-ғалым, елге танымал ұлағатты ұстаздарды ұлықтау мақсатында осы жобаны қолға алыпты. Қазір аллеяның жан-жағы қоршалып, ағаш егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы ауданы 1140 шаршы метр болатын аллеяға Ыбырай Алтынсарин, Шахмұрат Құлыбеков, Бәймен Алманов ...

Жалғасы »