Daily Archives: 8 Маусым 2021

Мерейтой иесіне құрмет

Облыстық мәслихат депутаттары мен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері белгілі қайраткер Әкімгерей Сергалинді мерейлі 70 жылдық мерейтойымен құттықтады. Облыстық мәслихат хатшысы Амангелді Нұғманов еңбек ардагеріне облыс әкімі Оңдасын Оразилиннің құттықтау хаты мен сыйлығын табыстады. Сондай-ақ, облыстық мәслихат атынан Ақтөбе облысының дамуына қосқан елеулі үлесі, мемлекеттік қызметтегі көпжылдық кәсіби шеберлігі, өңіріміздің өзекті әлеуметтік мәселелерін шешудегі белсенді еңбегі, халық депутаттары аудандық Кеңесінің жұмысындағы ...

Жалғасы »

Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

«Рика» телеарнасында өткен кезекті тікелей эфирде облыстық мәслихат депутаттары Гүлжанат Ерғазина, Асқар Садықов және облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Фархад Сансызбай облыста ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелерін талқылады. Тікелей эфирде депутаттар өңірде осы салада жасалып жатқан жұмыстар туралы айтып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Ақтөбе қаласы мен аудан тұрғындарын субсидия беру, шаруа қожалықтары мен фермерлерге берілетін жеңілдетілген несие, мемлекеттік бағдарламалардың шарттары, т.б. ...

Жалғасы »

Ақтөбе мен Нидерланды ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Андре Карстенспен және Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті Елшісі Асқар Жұмағалиевпен, сонымен қатар шетелдік ірі компаниялардың өкілдері-инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында Ақтөбе облысының Нидерландымен ауыл шаруашылығы саласындағы әрі қарайғы сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту, мамандандырылған құрал-жабдықтарды шығару, сонымен қатар бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ақтөбе облысы ...

Жалғасы »

Жылыжайды аралады

Кеше Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Нидерланд королдігінің еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Андре Карстенс бастаған топ Пригородный елді мекенінің аумағында орналасқан «Green Capital Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешенін аралады. Құрамында Нидерланд королдігіндегі ҚР Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Жұмағалиев, облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, «KUBO» компаниясының өкілі Ботир Салиев, «Van der Hoeven Horticultural Projects» компаниясының өкілі Анна Сычинская, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Жұмыс жылдам әрі сапалы жүргізілуі керек

Облыс әкімі Мұғалжар және Шалқар аудандарын аралады Өткен сенбіде Мұғалжар және Шалқар аудандарына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдің экономикалық-әлеуметтік тыныс-тіршілігіне әсері бар оннан астам нысанды аралап көрді. Мақсат — Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыру және экономиканы одан әрі нығайтуға бағытталған тапсырмасының жергілікті жерлерде орындалу барысын пысықтау.  «Ақтөбе-Қандыағаш» жобасы Облыс басшысының Мұғалжар ауданындағы сапары  Ақтөбе-Астрахань халықаралық көлік магистралінің ...

Жалғасы »

Екі ел арасындағы алыс-беріс артады

Кеше Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің ресми өкілдері мен кәсіпкерлері осындағы әріптестерімен кездесті. Дөңгелек үстелде шетелдік спикерлер өздерінің бизнестегі мүмкіндіктерін айтса, біздің тарап экономикалық әлеуетімен таныстырды. Облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы бүгінгі шара ең алдымен екі ел арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталғанын, бұл бизнестің әр саласын қамтитынын атап өтті. Артынша Қазақстан Республикасындағы Нидерланд Корольдігінің Төтенше және өкілетті Елшісі Андре Карстенс ...

Жалғасы »

Қаза тапқан әскерилерді еске алды

2016 жылы 5 маусым күні Ақтөбеде бір топ лаңкес  №6655 әскери бөліміне және қару сататын  «Паллада», «Пантера»  дүкендеріне шабуыл жасаған болатын.  Осы террорлық акт кезінде жеті адам қаза тапты. Биыл аталған оқиғаға бес жыл толып отыр. Осыған орай №6655 әскери бөлімінде  қақтығыс кезінде қаза тапқан әскери азаматтарды еске алу шарасы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бұлбұл Елеусінова,  Ақтөбе қаласының әкімі ...

Жалғасы »

Қауіп әлі де сейілген жоқ

Облыста соңғы тәулікте коронавирус инфекциясы бойынша — 22, пневмониямен 5 жағдай тіркелген. Мамандар Ақтөбе облысының қазір «жасыл аймақта» тұрғанын, дегенмен қауіптің әлі де сейілмегенін айтады. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. — 6 маусым күні коронавирус індетін жұқтырған 22 адам тіркелді. 17 адамда ...

Жалғасы »

Ashyq жобасына 400-ден астам нысан қосылды

7 маусымдағы дерек бойынша Ақтөбе облысының 421 бизнес нысаны мен мекемесі Ashyq жобасына қатысу үшін QR-код алды. Оның ішінде 54 кәсіпорын жобаға ерікті негізде кірді, негізінен, бұлар — коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар. Өткен аптадан бастап Ashyq қосымшасы бойынша Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион жұмыс істей бастады. Халықаралық әуежай мен теміржол вокзалы қосымша арқылы жұмыс істеуге дайындық жүргізіп жатыр. Жоба ...

Жалғасы »

Астанадан келген марапат

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде суға батып бара жатқан 4 жастағы баланы құтқарып қалған жасөспірімдер ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің бұйрығымен «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды. — Естеріңізге сала кетсек, биыл 28 мамыр күні 17 жастағы студент Айбар Серік Қарғалы өзенінің жағасында серуендеп жүріп, батып бара жатқан баланың дауысын естіп, бірден көмекке жүгірген. Артынша 15 жастағы оқушы Бимырза Манасов жедел-жәрдем ...

Жалғасы »