Daily Archives: 3 Маусым 2021

«Ақтөбе облысының тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шектеу карантиндік шаралары туралы» Қаулысы

Ақтөбе облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес 2021 жылдың 27 мамырынан бастап Ақтөбе облысы жасыл аймақта, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 2 және 3 тармақтарын, Қазақстан Республикасы Бас Мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 ...

Жалғасы »

Абаттандыру жұмыстарын бақылауды тапсырды

Ақтөбеде аумақтарды қураған ағаштардан тазарту және жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары күшейеді. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин басқарма басшылары, аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысқан аппарат жиынында Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровқа осындай тапсырма берді. — Қаланың абаттандырылуын бақылауда ұстаңыз. Тал егеді, бірақ кейін суармайды, қарамайды. Бүкіл қала бойынша осындай проблема бар. Көптеген абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, дегенмен кепкен ағаштар жағымсыз әсер қалдырады. Біраз ...

Жалғасы »

Облыс әкімі дарынды балалармен кездесті

Халықаралық балаларды қорғау күнінде облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдің дарынды оқушылары — оқу озаттары, олимпиада, республикалық байқаулардың жеңімпаздары, полиглоттармен кездесті. Әңгімелесу кезінде облыс әкімі оқушыларды мерекелерімен құттықтап, оқуларына табыс тіледі. — Биыл — еліміз үшін маңызды жыл, Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. 30 жыл — тарихи өлшемдер бойынша бір-ақ сәт. Алайда осы уақыт ішінде Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміз қиын сынақтарды ...

Жалғасы »

Тексеру жұмыстары аяқталған жоқ

Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметінде «Бестамақ ауылындағы экологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша мемлекеттік органдар қабылдайтын шаралар» тақырыбында брифинг өтті. Облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Аққұлдың айтуынша, департаменттің қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін «Парижская коммуна-ХХl» ЖШС-нан 7 милиард 26 миллион теңге өндіріп алу туралы талап-арызы Ақтөбе облыстық мамандандырылған ауданаралық сотының биыл 13 мамырда шыққан шешімі бойынша толық қанағаттандырылған. Бұдан басқа қоршаған ортаға ...

Жалғасы »

Салығыңызды төледіңіз бе?

Облыстық мәслихат депутаттары кезекті отырыста салық саясатын жүзеге асыру мәселесін талқылады. Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Аманжол Жақанов салық саясатын іске асыру, түсімдердің тиісінше орындалуын қамтамасыз ету және бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша қосымша резервтерді іздестіру, сондай-ақ биылғы міндеттер туралы баяндады. Оның айтуынша, жергілікті бюджетке 123,7 миллиард ...

Жалғасы »

Ұлттық санақ онлайн режимде өтеді

Брифинг Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы Жолдасқали Беисов биылғы жылдың 1 қыркүйегінен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz. арнайы сайтында онлайн режимде халық санағы жүргізілетінін хабарлады. Оның айтуынша, аталған жүйе халық үшін тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Әрбір адам санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез келген ...

Жалғасы »

Ұлттық мақтанышымыз

4 маусым — Қазақстан Республикасы  мемлекеттік рәміздері күні Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемгетанытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміздерін де ерекше қадірлеуіміз, ...

Жалғасы »

Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні «жасыл аймаққа» енген құтты мекенде өз деңгейінде аталып өтті. Жылдағы дәстүр бойынша қаланың барлық саябақтарында түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырылып, балаларға тегін балмұздақ таратылды.  «Әсем әуен әлемі — балалық шақ!» Бүлдіршіндердің мерекесін ақтөбеліктер биыл да ерекше атап өтті. Балаларға арналған ойын-сауық мерекелік бағдарламалар қаламыздағы барлық саябақтарда жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де басталды. Атап айтар ...

Жалғасы »

Ата тарихпен қауышу

Тәуелсіздік шежіресі: 1998 жыл 1998 жыл елімізде Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы болып жарияланды. Қай мемлекет үшін де бірлік — тұрақтылықтың кепілі болса, ал тарихты түгендеу, «Бұрын кім едік, бүгінгі күнге қайдан келдік?» дегенді анықтау да, ең алдымен, сол бірлікті арттыру, бекіте түсу үшін қажет екені — бесенеден белгілі жайт. Бүгінде халқымыздың тарихқа, өткенді білуге құмарлығын біржақты мақтаншақтыққа жоритындар ...

Жалғасы »