Daily Archives: 8 Сәуір 2021

Қарғалыда жұмыс қарқынды жүріп жатыр

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин кезекті іссапарымен Қарғалы ауданында болды. Алдымен облыс әкімі Желтау ауылдық округіне барып, ондағы жаңадан салынған әкімдік ғимаратымен және «Ашық әкімдік» кеңсесінің жұмысымен танысты. Бұдан соң өткен жылы жөндеуден өткен Петропавл ауылдық клуб ғимаратын, клуб ішіндегі кітапхананы аралады. Бұнда «Парасат жолы» орталығы ашылған. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департамент өкілдері мұндай ...

Жалғасы »

Көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы жүргізу тапсырылды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері қатысты. Жиында алдымен облыс басшысы өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты медициналық мекемелерді дәрілік заттармен қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтуді, шағын және орта бизнес субъектілеріне шектеу шараларын сақтау керектігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, жиында ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың қала жұртшылығына үндеуі

Құрметті қала тұрғындары! Ақтөбе бүгінде — жоғары индустриялық әлеуетке және бай мәдени мұраға ие Батыс Қазақстанның ең ірі қаласы. Облыс орталығының аумағы бірнеше есе өсіп, халық саны да артты. Осыған байланысты қаланы абаттандыру бойынша міндеттер аясы да кеңейді. Қалада аумақты абаттандырудың бекітілген Қағидалары жұмыс істейді, онда заңды және жеке тұлғалар өз күштерімен іргелес аумақта тазалықты сақтауға және тәртіпті қолдауға міндетті ...

Жалғасы »

Басқарма басшысы тағайындалды

Тағайындау Облыстық​ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып Айбек Қайыр тағайындалды. Айбек Қайыр Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы»,​​ Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану бакалавры» мамандықтары бойынша​ тәмамдаған.​ Еңбек жолын 2005 жылы​ Қобда аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бастаған. Қобда ауданы әкімі аппаратында жұмыс істеген. Әр жылдары​ Қобда аудандық тұрғын ...

Жалғасы »

Ведомствоаралық комиссияның  шешімдері неге орындалмай отыр?

Депутат сауалы Ақтөбе өңірінен сайланған Мәжіліс депутаты Ғалымжан Елеуов кезекті үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға депутаттық сауал жолдап, онда бүгінгі күннің өзекті мәселесі — COVID-19 індетімен  күрес барысындағы олқылықтарды атап көрсетті. Мемлекет басшысы  коронавирус инфекциясы таралуының алдын алуға қатысты кеңесте дәрі-дәрмектердің, сондай-ақ медициналық бұйымдар мен  медициналық құрал-жабдықтардың жетіспейтініне  назар аударып, жан сақтау бөлімшелері орта есеппен алғанда ...

Жалғасы »

Шалқар көлін тазарту жұмыстары басталды

Шалқар көлінің ахуалы кейінгі жылдары республикалық деңгейдегі өзекті мәселеге айналғаны белгілі. Іргесіндегі Шалқар қаласы тұрғындарының ала жаздай бау-бақша егіп, ертеден несібесіне айналған айдын көлінің табаны балдырланып, батпақты күйге түсті. Бұған, әрине климаттық жағдайдың да әсері бар. Оған қоса, көлге көктемде құятын Мұғалжар тауларына қардың аз түсуі, жауын-шашынның азаюы да негіз болып отыр. Бұл мәселе жергілікті халықтың үлкен алаңдаушылығын туғызып, көл ...

Жалғасы »

Әлем чемпионатына жолдама алды

Ақтөбелік спортшы Бағдат Жұбаныш биыл екі бірдей әлем чемпионатына жолдама алып отыр. Бұл жөнінде Алға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бағдат — осы ауданның Қарақобда топырағынан шыққан дарынды жас. Бүгінде аралас жекпе-жек түрлерінен бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, ММА нұсқасы бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанып отыр. Аралас жекпе-жек бойынша халықаралық федерацияның (IMMAF) шешімімен өткен жылы ол «Үздік спортшы» атағына ие ...

Жалғасы »

Мектеп-интернатта коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Бесінші сәуір күні Ақтөбе қаласы Кірпішті ауданында орналасқан «Білім-Ақтөбе» мектеп-интернатының білім алушылары арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелді. Осыған байланысты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті инфекциялық ауру ошағында дереу эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді. Инфекция  жұқтырған және онымен байланыста болған адамдар оқшауланды, медициналық бақылауға алынды. Мектеп-интернатта оқу онлайн режимге ауысты. Оқушылар 14 күндік карантин режимін сақтайды. Мектеп-интернаттың барлық тәрбиеленушілері медициналық бақылауға алынды. Олардың ...

Жалғасы »

Шаруалар тәжірибе алмасты

Барыс-келіс Ақтөбелік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері атыраулық әріптестерімен тәжірибе алмасты. Облыс шаруаларының жасап жатқан жұмыстарын көру үшін делегация Атырау облысының Қызылқоға ауданынан өкілдер келді. — Біздің Ақтөбеге келудегі мақсатымыз — ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістерді  көру, ақтөбелік кәсіпкерлердің даму тәжірибесін үйрену және осы үлгіні біздің Қызылқоға ауданының жағдайына көшіру. Бізге жылыжай бизнесі, ешкі шаруашылығын дамыту және ешкі сүтін ...

Жалғасы »

Бірыңғай ұлттық қауымдастық тұтынушы мүддесін қорғайды

Қазақстан тұтынушыларының бірыңғай ұлттық қауымдастығын құру идеясы міндетті мүшелік, олардың юрисдикцияларында қалыпты деп танылған елдердің халықаралық тәжірибесіне негізделген. Мысалы, Германияда 30-дан астам қоғамдық ұйым тұтынушылардың бірыңғай одағына біріктірілген, онда әртүрлі салалар (сауда, қаржы, сақтандыру және т.б.) бойынша білікті сарапшылар жұмыс істейді және бұл дауларды мемлекеттік құрылымдардың қатысуынсыз шешуге мүмкіндік береді. Осындай институттар Сингапурда, Жапонияда және Австрияда тиімді жұмыс істейді. Олардың ...

Жалғасы »