Daily Archives: 1 Сәуір 2021

Облыс әкімі науқастардың жағдайын білді

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин COVID-19 ауруына шалдыққан науқастар жатқан фтизиопульмонологиялық орталықтың қызметімен танысып, медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасын қарап шықты. Фтизиопульмонологиялық орталық 500 төсек-орынға есептелген, оның ішінде 75 реанимациялық орын коронавирус инфекциясымен ауыратындарға көмек көрсетуге арналған. Облыс әкімі қабылдау бөлмесін, реанимациялық, рентген-диагностикалық бөлімдерді қарап шықты. Фтизиопульмонологиялық орталықтың бас дәрігері Ерлан Тәтімов науқастар тапсырған ПТР-тесттің нәтижесі бір сағаттың ішінде берілетінін айтты. Сондай-ақ, ...

Жалғасы »

Облыс қызыл аймаққа енді

Мектепке қай сыныптың оқушылары барады? Кеше біздің облыс қызыл аймаққа енді. Соған байланысты 30 наурыз күні шыққан облыстың бас санитар дәрігерінің  қаулысына өзгеріс енгізілді. Бүгін жаңа оқу тоқсаны басталды. Бала саны 300 оқушыға дейінгі 170 білім шаңырағында оқу процесі қашықтан ұйымдастырылып жатыр. Қаулыдағы өзгерістерге сәйкес, аталған білім мекемелеріндегі тек 9 және 11 (12) сынып оқушылары ғана мектепке барады.  Бұл туралы ...

Жалғасы »

Жаңа экологиялық кодекс экологиялық жағдайды жақсартудың құралына айналады

Сейсенбі күні Жастар сарайында облысқа жұмыс сапарымен келген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің төрағалығымен  жаңа Экологиялық кодексті жұртшылыққа түсіндіруге арналған жиын өтті. Оған  облыс әкімі Оңдасын Оразалин, өңірдегі ірі табиғат пайдаланушы компаниялардың басшылары, қоғам белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында алдымен сөз сөйлеген облыс әкімі Оңдасын Оразалин биылғы жылдың 2 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа ...

Жалғасы »

Жергілікті тауар өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсету тапсырылды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында еңбек дауы, кәсіпкерлікті дамыту және өңірдің индустриалды-инновациялық дамуы туралы мәселелер талқыланды. Оған «Ақтөбе» ӘКК» АҚ, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Жиында облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Әбдухат Мырзалин былтыр өңірде кәсіпорындар мен мекемелерге 588​ тексеру жүргізіліп, 721 заңбұзушылық анықталғанын, олардың алдын алып, болдырмау үшін 471​ ұйғарым​ берілгенін жеткізді. Оның ...

Жалғасы »

Сақтық шараларын бұзған 67 субъектіге айыппұл салынды

Брифинг Инстаграм желісіндегі aqtobe_press парақшасында тікелей эфирде «Мониторингтік топтардың жұмысы туралы» брифинг ұйымдастырылды. Бұл туралы фейсбуктегі облыстық әкімдіктің парақшасынан да көруге болады. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сергей Лидің айтуынша, Астана және Алматы аудандары бойынша 11 мониторингтік топ жұмыс істейді. Құрамына Астана, Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестің өкілдері енген топ қоғамдық орындарда бетперде кимеген, әлеуметтік қашықтық сақтамаған, ...

Жалғасы »

Қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі енгізіледі

Биыл 7 сәуірден бастап Ақтөбе қаласындағы қоғамдық көліктерде электронды билеттеу жүйесі енгізілетін болады. Ал 15 мамырдан бастап қалада қоғамдық көліктер үшін дифференциаланған тариф енгізілмек. Егер қоғамдық көлікте жол жүру ақысын қолма-қол төлеген жағдайда жолаушыдан 150 теңге алынады, ал көлік карталарымен төлесе, билет құны 80 теңге болмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қоғамдық көлікте электронды билеттеуді енгізу туралы» тақырыпта өткен брифингте ...

Жалғасы »

Орталықтар алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 31 наурыздан бастап Ақтөбе қаласындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары алдын ала брондау бойынша қызмет көрсетеді. ​Тұрғындарға шұғыл қажеттілік болмаған жағдайда халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармауға кеңес бере отырып, мемлекеттік қызметтердің 80%-дан астамын eGov.kz порталынан және eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болатынын еске саламыз. Алдын ала брондау жасау өте оңай: egov.kz порталында, egov mobile қосымшасына, egovkzbot2.0 (@kenes1414bot) ...

Жалғасы »

Ахтановпен мақтану

Тәуелсіздік шежіресі Қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тахауи Ахтанов 1993 жылы 70 жасқа толды. Жазушының тәуелсіздік дәуіріндегі алғашқы мерейтойын туған жері дүркірете атап өтті. Жазушының туған күні — 25 қазан. Оның мерейтойына арналған шаралар қараша айының ішінде өтті. Облыстық «Ақтөбе» газетінің той қарсаңындағы нөміріне (12 қараша, 1993 жыл) «Қаламына қасиетті бақ дарып, ...

Жалғасы »

Құжат қабылдау: 1 сәуір. 1-сынып

Мектеп Бүгіннен бастап балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін ата-аналардан құжат қабылдау басталды. — Бұл — ата-анаға да, мектеп әкімшілігіне де ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім. Ата-аналар мектепті алдын ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақтылы тапсырады. Мектеп басшылығы қанша сынып-комплект болатынын анықтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сондай-ақ педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі, — дейді басқарма басшысы. Құжат қабылдау тамыздың ...

Жалғасы »

Негізсіз талаптар жойылды

Кәсіпкерлік «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің қиын жағдайдан шығып, кепіл мүлкін барынша сақтауға көмектеседі. «Жаңа-Тұрмыс» шаруа қожалығы басшысының «Атамекен» өңірлік палатасына «Үміт» кредиттік серіктестігімен шарттық қарым-қатынастар шеңберінде және Аграрлық кредиттік корпорация филиалына қатысты туындаған дауды реттеу жөніндегі өтініші  кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің облыстық прокуратурамен бірлескен отырысында көтеріліп, нақты шешім шығарылды. Сондай-ақ кеңесте мұғалжарлық кәсіпкер Наурызбек Сарбасовтың газдандыру саласына қатысты ...

Жалғасы »