Daily Archives: 23 Ақпан 2021

Корпорация рейтингінде біздің облыс — бірінші

Брифинг «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ішкі бағалау жүйесінің қорытындысы бойынша жұмыс сапасы жағынан Ақтөбе облыстық филиалының фронт-офистері алдыңғы қатардан көрінді. Анығы, республикалық рейтингте біздің облыстың халыққа қызмет көрсету орталықтары бірінші орында тұр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте корпорацияның облыстық филиалы директорының орынбасары Ізбасар Орынбасаров баяндады. — 2020 жыл корпорациямыз үшін көптеген жағымды өзгерістермен есте қалды. ...

Жалғасы »

Қандыағашта гемодиализ орталығы ашылды

Марафон Қандыағаш қаласында облыс əкімі Оңдасын Оразалиннің бастамасымен ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер» марафоны аясында жəне Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында гемодиализ орталығы ашылды. Орталықтың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин, «Medlife+» медициналық орталығының құрылтайшысы Күлпаршын Айдарханова жəне осы орталықтың меңгерушісі Олег Хан қатысты. Аудан әкімінің қабылдауында болған тұрғындар тілегі орындалып, енді созылмалы бүйрек ауруына шалдыққан ...

Жалғасы »

Галереяға аналар портреті ілінді

Құрмет «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие беру кешеніндегі «Ана даңқы» галереясы тағы бірқатар жаңа портреттермен толықты. Енді мұнда «Әлем дәрігері» Серік Ақшолақовтың анасы Сағынай Жалмұратқызының, ҚР Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы Марат Оспановтың анасы Рауза Зейноллақызының, Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменованың анасы Ақлима Мағзомқызының, Социалистік Еңбек Ері, тың және еңбек ардагері, қоғам қайраткері, даңқты механизатор Кәмшат Дөненбаеваның портреттері тұратын болады. Елі үшін ...

Жалғасы »

Ақтөбенің 233 кітапханасында «Парасат жолы» орталығы ашылды

Облыста адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай–ақ қоғамда ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған «Парасат жолы» жаңа жобасы таныстырылды. Осы мақсатта С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Адалдық алаңы» жобасы аясында аудан кітапханаларында «Парасат жолы»  орталықтарының салтанатты ашылу рәсімі онлайн форматта өтті.  Шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарыҒалымбек Досанов,облыстық мәдениет, ...

Жалғасы »

Соңғы 5 күнде 93 адам індет жұқтырған

Брифинг 17-21 ақпан аралығында облыста 93 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Мамандар қазір Ақтөбе облысының жасыл аймақта тұрғанын, алайда тұрғындар карантиндік талаптарды сақтамайтын болса, эпидахуал түбегейлі өзгеруі мүмкін екендігін айтады. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. — 21 ақпан күні індет жұқтырған 13 адам ...

Жалғасы »

«Рамазан» халал өнімдер шығарады

Сертификат Өңіріміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі «Рамазан» ЖШС-ның өнімдері халал сертификатына ие болды. Бұл жөнінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал Даму» мекемесінің сертификаттарын кәсіпорын басшылығына облыстың бас имамы Төлеби Оспан табыстады. «Рамазан» ЖШС халыққа бидай ұны, макарон өнімдеріне арналған жұмсақ ұн, нан, тоқаш және печеньенің он үш түрін ұсынады. Міне, осы өнімдердің халал ...

Жалғасы »

«Рухани жаңғыру»: кітап оқитындар қуанышы

Өңіріміздегі байырғы мәдениет мекемелерінің бірі — облыстық халық шығармашылығы орталығы ән-биге ғана емес, сөз өнерін де насихаттауға барынша үлес қосып келеді. Оған мысал ретінде жыл басынан ұйымдастырылып жатқан түрлі әдеби шараларды айтуға болады. Бұлардың дені республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында қолға алынған. Оқырмандарға базарлық Айталық, жоғарыда аталған өнер ұжымы Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітап қорына «Ер ...

Жалғасы »

Олимпиада басталды

Кеше жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Ақтөбе қаласындағы «U-Study» оқу орталығының ғимаратында ұйымдастырылып жатқан білім бәйгесінде аудандық (қалалық) олимпиаданың жеңімпазы атанған 725 оқушы  бақ сынап жатыр. Жарыс 27 ақпан күні аяқталады. Олимпиаданың негізгі мақсаты — дарынды балаларды анықтау, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу. Шараға 9-11 сынып оқушылары қатысуда. — Аудандардан 263 оқушы, Ақтөбе қаласынан ...

Жалғасы »

Академиктің заттары музей қорына тапсырылды

Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткері медицина ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Намаз Ізімбергенұлының еліміздің денсаулық сақтау саласының ілгерілеуіне зор үлес қосқанын білеміз. Ол — Ақтөбе медициналық институтының түлегі. Өткен аптада марқұм Намаз Ізімбергеновтің зайыбы Тояш Ізімбергенова мен баласы Мирсаид Ізімбергенов Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде болып, академиктің жеке пайдаланған заттарын, құжаттарын, марапаттары мен кітаптарын музей қорына тапсырды. Астана ...

Жалғасы »

Өмірге құштар өнерпаздардың кеші

Өңірде мәдениет мекемелерінің жыл бойына атқарған жұмыстарын қорытындылап, шығармашылық есеп беруі ізгі дәстүрге айналған. Көз жанарынан, есту қабілетінен айырылғанымен, өмірге ерекше құштар, өнерге талпынған талантты әрі еңбекқор жандар да шығармашылық есеп беріп, өнерін паш етті. Мұқтаж жандардың мұңына құлақ асып, олардың өмірден өз орындарын табуында мәдениет саласы мамандарының да оң ықпалы бар. Ерекше қажеттіліктерге ие адамдардың, яғни зағиптар мен саңыраулар ...

Жалғасы »