Daily Archives: 20 Ақпан 2021

Мүмкіндігі шектеулі және көмекке мұқтаж жандарға сертификат табысталды

Кеше Ақтөбе қаласындағы шаңғы роллер трассасында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қайырымды істер марафоны» акциясы өтті. Оған облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық басқармалардың басшылары, спортшылар және белсенді жастар қатысты. Шарада алдымен облыс әкімі Оңдасын Оразалин тәуелсіздік жылдарында еліміздің қол жеткізген жетістіктері мен республикамызда болған елеулі оқиғаларға тоқталып, биылғы мерейтойдың әрбір қазақстандық үшін маңызы зор екенін атап өтті. — Еліміз тәуелсіздік ...

Жалғасы »

Басқарма басшысы көлігін  қарттарға сыйлады

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қызметтік көлігінен бас тартып, қарттар үйіне берді.   — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қаңтар күні қызметтік көлікті қысқартуға тапсырма берді. Көліктің күтімі мен жанар-жағармайына көп қаржы жұмсалады, әрі қазір көлікке мініп, алшаңдап жүретін уақыт емес. Індеттің қаупі жоғары. Осыдан кейін өзім шешім қабылдап, «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне хабарластым. Көлік жүргізушімді жұмыстан ...

Жалғасы »

Су тасқынына дайындық қалай?

Брифинг Жыл сайын ақпан айынан бастап көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары басталады. Биыл да бұл бағыттағы шаруалар уақытында қолға алынды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Құмар Тұрмағамбетов су тасқынына дайындық жұмыстарын баяндады. — Соңғы үш-төрт жылда көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар «Қазгидромет» орталығының мамандарымен бірлесе жүргізіліп келеді. Облыстағы мемлекеттік органдармен бірге атқарылған шаруалар да ...

Жалғасы »

Заң талаптары күшейтілді

Жемқорлыққа жол жоқ Ақтөбе қалалық әкімдігінің ғимаратында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен қала әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселесі бойынша бірлескен кеңесі өтті. Шараға  Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров,  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  Ақтөбе облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов қатысты. Басқосу барысында сөз алған Ғалымбек Досанов жемқорлар үшін ...

Жалғасы »

20 адам індет жұқтырды

Брифинг Жұма күні облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Бүгінде жалпы облыс бойынша коронавирусқа шалдыққан 4151 жағдай тіркелген. Ал 18 ақпан күні 20 адам індет жұқтырды. Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, олардың он екісінде аурудың клиникалық белгілері болса, сегізі — симптомсыз. —  Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының Ақтөбе қаласында —17 ...

Жалғасы »

Департамент басшысы тағайындалды

Тағайындау ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті басшысы болып Қаблан Қамбарбеков тағайындалды. 35 жастағы Қаблан Қамбарбеков Қ.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетін, Қарағанды экономикалық университетін, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған. Ол бұған дейін сарапшының міндетін атқарушы, бас сарапшы, ҚР Қаржы министрлігі  Қарызын өтей алмайтын борышкерлермен жұмыс комитеті департаментінің бөлім басшысы, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ...

Жалғасы »

Ұжымдық иммунитетті көтеруге әр тұрғын жауапты

Брифинг Ел арасында COVID-19-ға қарсы вакцинация жөнінде түрлі пікір бар, сәйкесінше сұрақ та көп. Өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингтің тақырыбы да осы болды. Әуелі сөйлеген облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың айтуынша, еліміздегі, тіпті әлемдегі эпидемиологиялық жағдай қолайсыз. — Бұл аурудың ауа тамшылары арқылы тарайтыны белгілі. Инфекцияның алдын алуға арналған ең пәрменді, ғылыми дәлелденген шара — ...

Жалғасы »

Мемориалды тақта орнатылды

Техника ғылымдарының кандидаты, ҚР еңбек сіңірген метрологі Тарғынбай Бисембаевтың құрметіне мемориалды тақта орнатылды. Салтанатты шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Азамат Бекет, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Анар Даржанова, марқұмның отбасы, әріптестері мен ағайын-туыстары қатысты. Аталған мемориалды тақта Тарғынбай Бисембаевтың өмірінің соңғы кезеңінде өзі қызмет еткен «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ облыстық филиалы  ғимаратының қабырғасына ілінді. Шарада Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары ...

Жалғасы »

Ақтөбеде «Бастау-Бизнес» жобасы сәуірде басталады

Кәсіпкерлік Аталған жоба аясында биыл облыстың 1200 тұрғыны кәсіпкерлік негіздері оқытылатын курстан тегін өте алады. Өткен жылдағыдай, биыл да «Аtameken Academy» онлайн-платформасы арқылы қашықтан оқыту қарастырылған. Мамандардың айтуынша, кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысушыларға топтарда практикалық оқыту, бизнес-жобаны таныстыруға дайындық жүргізіледі. — Бизнес-жоспар құру, салықты түсіну және сатуды көбейту идеясын анықтау — мұның бәрі бастапқы кезде кәсіпкер үшін ...

Жалғасы »

Үздіктер марапатталды

Былтыр желтоқсан айында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен мәнерлеп оқудан «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Аталған байқауға Ақтөбе қаласындағы орта мектептердің оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттері, өзге ұлт өкілдері мен медицина қызметкерлері қатысты. — Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай жылын жариялағаны белгілі. Осыған орай халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Ақтөбе ...

Жалғасы »