Daily Archives: 19 Ақпан 2021

Ақтөбе облысында Министрліктің стратегиялық сессиясы өтті

Бүгін, 19 ақпанда Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов пен Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбеттің қатысуымен онлайн форматта “Ақтөбе облысындағы Министрлік күні” өтті. Тараптар күн бағдарламасын мен Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша өңірдің өзекті мәселелерін талқылады. ҚР АҚДМ стратегиялық сессиясы аясында Ақтөбе облысында 400-ден астам адамның қатысуымен 11 семинар және панельдік сессия өткізілді, олардың ішінде жергілікті атқарушы мемлекеттік ...

Жалғасы »

Электронды формат — жаңа мүмкіндік

Елімізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы электронды форматқа көшірілген. Бұл туралы  «Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау — қызметтердің халыққа қолжетімділігі» тақырыбында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент директоры Ильдар Үйсімбаев мәлімдеді. Сондай-ақ агенттік қызметтерге қолжетімділік мониторингі шеңберінде «электрондық үкімет» порталында қолжетімсіз 54 қызметті анықтаған. Мәселен, дәрігердің қабылдауына жазылу, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу сияқты мемлекеттік ...

Жалғасы »

Мешіттерде намаз оқуға рұқсат берілді

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен өңірдегі бірқатар нысандар қызметіне қатысты шектеу шаралары алынып тасталды. Соның ішінде, мысалы, мешіттерде күнделікті бес уақыт намазды көпшілікпен оқуға рұқсат берілді. Алайда жиналғандардың саны мешіт ғимараты сыйымдылығының 30 процентінен, ал сыйымдылығы жоғары мешіттерде 100 адамнан аспауы керек. Сондай-ақ індеттің таралу қаупі әлі де сейілмегендіктен, қалалар мен аудандар орталықтарындағы мешіттерде әзірге жұма намазы өткізілмейді. Жұма намазы ...

Жалғасы »

«Көктемір» поэмасына арналды

 Алға аудандық Ізтай Мәмбетов атындағы балалар кітапханасы ақын Ізтай Мәмбетовтің «Көктемір» поэмасына арналған конференция ұйымдастырды. Конференция онлайн режимінде өтті. Оған белгілі ақын, публицист, аудармашы Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын, айтыскер Нұрлыбек Қалауов, т.б. қатысты. Конференцияда «Көктемір» поэмасындағы Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақтар туралы деректер төңірегінде сөз болды. Жалпы, Ізтай ақынның мұраларын насихаттауда оның есімін иеленген аудандық балалар кітапханасының шағын ұжымы көп іс атқарып ...

Жалғасы »