Daily Archives: 18 Ақпан 2021

Хромтау ауданы тұрғындары арасында короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы

  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕРІ ҚАУЛЫ 18.02.2021 ж. Хромтау ауданы тұрғындары арасында  короновирус инфекциясының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы Хромтау ауданының тұрғындары арасында covid-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу, сондай-ақ Хромтау ауданының аумағында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай мақсатында ...

Жалғасы »

Құтқарушылар жас босанған анаға көмек көрсетті (Видео)

Қарлы боранның салдарынан 18 ақпанға қараған түнде облыс аумағында 9 автомобиль жолы жабылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми мәліметіне сәйкес, республикалық маңызға ие  5 бағыттағы жол — Қандыағаш-Ноғайты, Белогорка-Хромтау, Солтүстік айналма жол және Қалдаяқов-Орск, Комсомол бағыты бойынша — Қостанай аралығы ауа райының күрт нашарлауына байланысты жабылған. Сондай-ақ облыстық маңыздағы Шұбарқұдық-Тұзтөбе, Покровка-Ембі, Ақтөбе-Шұбарқұдық және Дөң-Бадамша бағыттары бойынша қозғалыс уақытша тоқтатылыпты. Алайда ...

Жалғасы »

Тәуелсіздіктің құрдастарына барды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30 игі іс» жобасы аясындағы жұмыстардың бірі  мүмкіндігі шектеулі жандарға арналды. Ойыл ауданы әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев бастаған мекеме басшылары тәуелсіздік жылдары өмірге келген мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, жағдайларымен танысты. Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Тыныштыбай Шалабаевтың айтуынша, аудан бойынша 240 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 8-і тәуелсіздіктің құрдастары. Өздігінен жүріп-тұра алмағандықтан оларға аналары қарайды. —  ...

Жалғасы »

Бақылау топтарының жұмысы көңіл көншітпейді

Облыс басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәселелер қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудандардың әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты. «Бүгін коронавирус инфекциянының төрт жағдайы тіркелді. 1 ақпаннан бері Ресейден және Қазақстанның өзге өңірлерінен келгендер арасынан бес науқас анықталды. Жағдай әсіресе Ақтөбе қаласы, Хромтау, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар аудандарында тіркелуде. Соларға баса наза аудару ...

Жалғасы »

Тәртіп бұзатын қызметшілер әлі де бар

Өткен жылы облыста 28 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың 25-і мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасаса, 3-еуі Әдеп кодексінің талаптарын бұзыпты. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Әділбек Мұқашев баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Айтуынша, 2020 жылы Әдеп жөніндегі кеңестің 10 отырысы өтіп, 35 мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс ...

Жалғасы »

Былтыр кәсіпкерлерге  2741 сертификат берілді

CT-KZ формасында берілген сертификаттар 2019 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артса, ал экспорттық сертификаттар 10,7 пайызға төмендеді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мамандары экспорттық сертификаттарды беру көрсеткішінің төмендеуін елдегі карантиндік шараларға байланысты біраз уақыт шекаралардың жабылғандығымен түсіндірді. Өткен жылы облыстық кәсіпкерлер палатасына барлығы 2 741 кәсіпкерден тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды алуға өтінім түскен. Оның ішінде ішкі айналымға арналған 411-і — CT-KZ формасындағы ...

Жалғасы »

Бауырмал тұрғындардың бірлігі

Бүгінде Аманкөл ауылдық округінде 2 мыңнан астам адам тұрады. Былтыр аталған округте тұрғындар және кәсіпкерлердің демеушілігімен бірнеше мұқтаж, көпбалалы отбасы баспаналы болды. Әрдайым ізгі істердің басында жүретін аманкөлдіктер бұл жолы да белсенділік танытып, ауылда ескі үйде тұратын көпбалалы отбасыға жаңадан баспана сатып алып берді. Сондай-ақ Аманкөл ауылының перзенті, «Ansar Volunteer» волонтерлік тобының мүшесі Бекзат Аманғосқызының бастамасымен үй-жайы түгелдей өртеніп, баспанасыз ...

Жалғасы »

QYZMET.INFO — мемлекеттік қызметтегі жолсілтеме

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облыстық департаментінің мамандары телеграм мессенджерінде Qyzmet.info атты бот жасап шығарған болатын. Биыл аталған инновациялық жобаға тағы бірқатар толықтырулар мен өзгерістер енгізді. Жобаның басты ерекшеліктері — бұл бот тек Ақтөбе қаласында ғана емес, бүкіл республика бойынша қолдануға арналған. Сондай-ақ қолдануға да өте ыңғайлы. Телефон арқылы да, компьютер арқылы да қолдануға болады. Ең бастысы, сырттан IT ...

Жалғасы »

Көлік жүргізгенде телефонмен сөйлеспе!

Елімізде жыл сайын жол апатынан жүздеген адам қаза табады. Апаттың себебі көп. Оның ішінде ұялы телефонға қатысты оқиғалар жиі тіркеледі. Әсіресе, көлік жүргізіп келе жатып телефонмен сөйлесетіндер, ойын ойнайтындар қауіпті жағдайға жиі ұшырайды. Зерттеулер нәтижесінде телефонмен сөйлесу апатқа ұшырау қаупін бірнеше есе арттыратыны дәлелденген. Биыл полиция қызметкерлері ұялы телефонмен сөйлесіп келе жатып көлік жүргізген 382 жүргізушіні жауапқа тартты. Көлік жүргізіп ...

Жалғасы »

Қарттарға қамқорлық

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы басталған болатын. «Қайырымды істер марафоны» Қарғалы ауданында да ұйымдастырылып жатыр.  Аудандық жастар ресурстық орталығы еріктілер тобымен бірге Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «30  қайырымдылық іс» акциясын бастап кетті. Белсенді жастар бірігіп Бадамша ауылының жалғызбасты 4 қарт тұрғынына көмек қолын созды. Олар қолдарына күрек алып, қариялардың аулаларының ...

Жалғасы »