Daily Archives: 16 Ақпан 2021

Мұқтаж отбасы баспаналы болды

Акция Алға аудандық мешітінің ұйымдастыруымен мұқтаж отбасыға пәтер кілті табыс етілді. Игі іс  ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында жүзеге асты. Шараға облыстың бас имамы  Төлеби Оспан, Алға ауданының әкімі Мамырғали Аққағазов, «Зекет» қорының облыс  бойынша өкілі Алмат Әли қатысты. Аудан әкімі баспаналы болған отбасын құттықтады және осы игі іске атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдірді. Бұл — республика ...

Жалғасы »

Бір тәулікте 13 жағдай тіркелді

Брифинг Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев пен облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. 14 ақпан күні облыста коронавирус инфекциясы бойынша 13 жағдай тіркелді.  Олардың он бірінде аурудың клиникалық белгілері болса, екеуі — симптомсыз. — Соңғы тәулікте Ақтөбе қаласында — 6, Алға, Мұғалжар аудандарында — 1 және Темір ауданында ...

Жалғасы »

Әлеумет атсалысса…

Әлеуметтік жоба «Ақтөбе облысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігі С.Жиенбаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Қолжетімді Қазақстан» әлеуметтік жобасына қатысты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Үстел басына облыстық басқармалардың қызметкерлері, қалалық бөлімдердің басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және мүгедек балалардың ата-аналары жиналды.   Әуелі Ақтөбе қаласы бойынша аймақтық жоба директоры, қалалық мәслихат депутаты, «Пандус Оk» ЖШС басшысы Шахан Жолдасбаев аталған ...

Жалғасы »

Полиция тұрғындармен кездесті, есеп берді

ҚР Ішкі істер министрлігі 2021 жылды алдын алу жылы деп жариялау аясында және Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов аудандарда тұрғындармен кездесу өткізе бастады. Алдымен бас полицей Қарғалы ауданында халықпен кезекті кездесу өткізді. Шара барысында аудандық полиция бөлімінің 2020 жылғы жұмысы қорытындыланды. Шара барысында А.Арыстанов «Полиция — қадамдық қолжетімділікте» қағидатын іске асырудың мақсаты ...

Жалғасы »

Ерекше аруларға арналды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен басталған «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы республика бойынша өтіп жатыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған бұл шара Ақтөбе қаласында жалғасын тапты. 13 ақпан күні облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Мисс Ерке қыз» мерекелік шарасы өткізілді. Шараның мақсаты — ерекше балаларға қоғамның назарын аударту. Ақтөбе облыстық мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен болған бұл шараға 7 мен 13 ...

Жалғасы »

Жастар бауырсақ таратты

Акция Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің жас ұстаздары мен оқушыларынан құрылған «Қоғамға қызмет»  еріктілер тобы «Жұмадағы жақсылық» атты акция өткізді. Бұл — қайырымды істердің бастамасы.  Еріктілер тобы жұма күні «Бауырсақ fest» деген атаумен аудан тұрғындарына бауырсақ таратты.  Олар көшеде қар тазалап, мұз ойып жүрген жұмысшыларға өздері дайындаған тағамын ұсынды. Қарт ата-әжейлердің үйіне барды. Жастардың ұлттық тағамды дәріптеп, қайырымдылық шарасын ...

Жалғасы »

Ақтөбелік Бексұлтан — Еуропа құрлықтық кубогінің иесі

Ақтөбелік шаңғышы Бексұлтан Ернұр Шығыс Еуропа құрлықтық кубогін жеңіп алды. Алматы қаласында өткен дүбірлі доданың екінші күнінде де жерлесіміз 20 шақырымға еркін стильде жарысып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Жарыстың алғашқы күнінде Бексұлтан 15 шақырым бойынша классикалық стильде чемпион болып, қарсыластарынан озып шыққан еді. Бұл — ақтөбеліктердің қысқы спорт түрлері бойынша ең үздік көрсеткіші. Шығыс Еуропа құрлықтық кубогі Алматы қаласында ...

Жалғасы »

260 оқушы облыстық кезеңде бақ сынайды

Олимпиада Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық) кезеңі аяқталды. Қорытындысында 260 бала білім бәйгесінің облыстық кезеңіне қатысады. Ақтөбе қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жұлдыз Шалабаеваның айтуынша, облыс орталығындағы 85 мектептен жалпы 1785 оқушы жарысқа қатысуға өтініш берген. Денсаулығына, ауа райының қолайсыздығына және басқа да түрлі себептерге байланысты 149 бала сайысқа қатыса алмапты. — Олимпиадаға 1636 оқушы қатысты. ...

Жалғасы »

Хромтауда жылы аялдама бар

Хромтау ауданы орталығында «Қатысу бюджеті» жобасы аясында жылы аялдамалар пайда бола бастады. «Қатысу бюджеті» жобасының мақсаты — ауданның әлеуметтік мәселелерін шешуде жергілікті тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, халықтың берген дауысы арқылы үздік әлеуметтік жобаны анықтау. Жылы аялдама идеясының авторы — «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинаты жабдығының сенімділік инженері Сергей Ибрагимов. Аудан әкімдігінің қолдауымен аталған жобаны тәжірибелі мердігер ...

Жалғасы »

Журналисті мерейтойымен құттықтады

Әйтеке би ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің бас редакторы Егенберлі Әбдіраевты 60 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Аудан әкімі бас редакторға шығармашылық табыс тіледі. Алғыс хат және арнайы сыйлықпен марапаттады. Егенберлі Әбдіраевтың  Әйтеке би ауданындық газетіндегі алғашқы еңбек жолы  1990 жылы басталды. Кейін Ақтөбе қаласындағы қалалық газетке ауысты. Әйтеке би аудандық ішкі саясат бөлімінде жұмыс жасады. 2002 жылы ...

Жалғасы »