Daily Archives: 13 Ақпан 2021

Ақтөбеде  Ауған соғысының 982 ардагері тұрады

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына биыл — 32 жыл. Осыған орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті тарих факультетінің ғимаратындағы  Ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне арналған оқу кабинетінде салтанатты жиын өтті. Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбет пен Ақтөбе қаласы әкімі Асхат Шахаров қатысып, тыныштық пен бейбітшілік орнату жолындағы еңбегі үшін  интернационалист жауынгерлерге жылы лебіздерін білдірді. Алдымен сөз алған Мейрамбек Шермағамбет ...

Жалғасы »

Қоғамдық көлік жүргізушілерінің наразылығы: мәселе бақылауда

Кеше Ақтөбе қаласында жолаушылар тасымалымен айналысатын ірі кәсіпорындардың бірі — «ПАТП» ЖШС-ның көлік жүргізушілері таңертең жұмысқа шықпай, еңбекақыларының аздығына байланысты наразылықтарын білдірді. Осылайша таңертеңгі 8.00-ден 9.30-ға дейін қала ішіне және қала аумағына қатынайтын 20-ға жуық автобус уақытша жұмысын тоқтатты. Наразылық білдірген жүргізушілер «ПАТП» ЖШС-ның басшылығы мен Ақтөбе қаласының әкімдігіне өз талаптарын қойды. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің шағымдарын тыңдаған қала әкімі Асхат ...

Жалғасы »

Ұрланған мал — 1000, шығын — 148 миллион

Брифинг Облыста мал ұрлығы әлі де тыйылмай отыр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Серік Шалхаров мал ұрлығына қатысты арнайы өткізілген брифингте айтты. Өткен жылы Ақтөбе облысының аумағында мал ұрлығының 155 фактісі тіркелген. Барлығы 1000-нан аса мал қолды болып, оның 378-і табылып, иелеріне қайтарылды. Мал ұрлап, оңай олжаға кенелем деген 125 қылмыскердің жолы кесілді.  Келтірілген шығын 148 ...

Жалғасы »

22 ақпан күні облыстық олимпиада өтеді

«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық (қалалық), облыстық кезеңдерін өткізу туралы». Өңірлік коммуникациялар қызметінде осындай тақырыпта брифинг өтті. Шараға облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлназ Сүлейменова қатысты. 8 ақпаннан бері жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының ІІ аудандық (қалалық) кезеңі өткізіліп жатыр. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы олимпиада 5 күнге созылуда. Шара бүгін қорытындыланады. — Облыстық ...

Жалғасы »

Парасаттылық парақорлықтан сақтандырады

Облыстың денсаулық сақтау саласында жүрген қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әдеп нормаларын сақтау жөнінде семинар-кеңес өтті. Қалалық Мәдениет үйінің ғимаратында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың төрағалығымен өткен шараға ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Балғабеков, департамент басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов, облыстық ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Жеңіскүл Мұхамбетпайызова, облыс ...

Жалғасы »

Биыл 4 ауданда қазба-барлау жұмыстары жүргізіледі

Бейсенбі күні облыстық тарихи-өлкетану музейінде өңірдегі археологиялық экспедицияның өткен жылы жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Онда облыстық музей директоры Мейрам Дүйсенғали, музейдің аға ғылыми қызметкерлері — Аслан Мамедов, Нұрсұлтан Баиров аудандарда жүргізілген зерттеу жұмыстарына тоқталды. Облыстық музей директоры Мейрам Дүйсенғалидың айтуынша, өткен жылы музейдің археологиялық экспедициясы Шалқар, Ойыл және Ырғыз аудандарында түрлі хронологиялық шеңбердегі бірнеше жерлеу орындарын ...

Жалғасы »

Жол құрылысы мен  күтімі: бұзушылықтар анықталды, айыппұл салынды

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Ақтөбе филиалының өткен жылғы жұмысы қорытындыланды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  филиал басшысы Тельман Малаев қысқы жол күтімін бақылау және жол сапасына қатысты атқарылған жұмыстардың жайын баяндады. Былтыр «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалы республикалық, облыстық маңыздағы жолдар мен елді мекендердегі жол құрылысы жұмыстарының сапасын бақылап, сараптама жүргізу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 59 ...

Жалғасы »

Киокушинкай-кан каратэ орталығына Дәулет Хайролланың есімі берілді

Қаламыздағы «Жауынгер» киокушинкай-кан каратэ орталығына спортшы Дәулет Хайрулланың есімі берілді. Тургенев көшесі ,78 «А» мекенжайында орналасқан орталықта өткен шараға спортшының туыстары,  федерация өкілдері, спортшылар қатысты. Жақында ғана кісі қолынан қапияда қаза болған жас спортшы Дәулет Хайролла киокушинкай-кан каратэден спорт шеберлігіне үміткер болатын. Ақтөбе құрамасының капитаны, көшбасшы болды. Спортпен шұғылданған 8 жыл ішінде Қазақстан кубогының үш дүркін чемпионы, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, ...

Жалғасы »

Құрметті Ақтөбе қаласы Алматы ауданының тұрғындары!

Мемлекет басшысының бастамасымен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын орындау аясында Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімінің аппараты ММ-де «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру басталады. Жоба мақсаты — шешім қабылдау процесіне халықты кеңінен тарту. Аталған жоба ауданның әрбір тұрғынына ауданды дамыту үшін өз бастамаларын ұсынуға мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде әрбір тұрғын аудан тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған жобаны ұсына алады. Ұсыныстардың талаптарға ...

Жалғасы »

«Мейірімде» бизнес-тренинг өткізілді

Облыстық кәсіпкерлер палатасының мамандары Ақтөбедегі әлеуметтік бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне бизнестің қыр-сырын үйретеді.   Қолында арнайы сертификаты бар бизнес-тренерлер — Гүлнар Сейтжаппарова мен Сәкен Құбайдуллиндер «Атамекен» палатасының  қолдауымен, «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығы басшылығының бастамасымен іске кірісті. Тренинг екі тілде жүргізілді. Бірінші топқа кәсіпкерлік және бизнес-жоспарлау негіздері бойынша 10 тыңдаушы қатысты. Бизнес-тренерлердің айтуынша, мұндай тренингтерге қатысу жастарға идеяны жинақтаудан бастап, стартапты іске ...

Жалғасы »