Daily Archives: 11 Ақпан 2021

Сұлупан Шынтасова — палатаның жаңа басшысы

Облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңес мүшелерінің қатысуымен өткен отырыста палатаның жаңа басшысы лауазымына Сұлупан Шынтасованың кандидатурасы мақұлданды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов, сондай өңірлік кеңес мүшелері қатысты. Жиында өңірлік кеңестің төрағасы Асхат Айтжанов облыстық кәсіпкерлер палатасының жаңа басшысын құттықтап, палата жұмысына жаңа жетістіктер тілеп, ынтымақтастықтың жалғасуына сенім білдірді. ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Ел-халықтың береке-бірлігінің арқасында сын сағаттан сүрінбей өттік

Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстың өткен  жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2021 жылға арналған міндеттер туралы есеп берді. Аймақ басшысының тұрғындар алдындағы қорытынды есепті кездесуі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай онлайн режимінде өтті. Жиын «Aktobe» телеарнасынан, сондай-ақ облыс әкімдігінің инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілерінен тікелей көрсетілді.  Кездесуге Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік инспекторы Дильрух Шарипов қатысты. Басты бағыттан жаңылған жоқпыз — Өздеріңізге мәлім, ...

Жалғасы »

Сұрақтар мен жауаптар

Облыс әкімі алдымен Ақтөбе қаласы мен аудандарға орнатылған арнаулы жәшіктерге келген сұрақтарға жауап берді. Барлығы — 45 сұрақ. Соның 12-сі тұрғын үй, атап айтқанда, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша баспана алуда табыс көзін азайтуға жергілікті билік қолдау көрсетсе деген мәселе. — Облыс әкімдігі бұл мәселе бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейін мүлде алып тастауды ұсынып отырмыз. Келешекте «Отбасы банкі» осыны ескереді деген ойдамыз. ...

Жалғасы »

Олимпиаданың ІІ кезеңі: 2 бағыт және 6 мыңға жуық оқушы

Ақтөбе қаласындағы №55 мектеп-гимназияда қалалық олимпиада өткізіліп жатыр. Шараға 9-11-сынып оқушылары қатысуда. Білім бәйгесі 12 ақпанға дейін созылады. Мақсат — дарынды және талантты балаларды анықтау. Қалалық олимпаиадаға қатысуға жалпы 1800-ге жуық оқушы ниет білдірген. Жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 762 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 943 оқушы қатысуда. Олимпиада І турдан тұрады. Жазбаша түрде жүргізіледі. Олимпиада қатысушыларының орындаған жұмыстары орындау уақытына қарай дереу ...

Жалғасы »

Әскерге шақыру науқаны басталады

Брифинг Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібі туралы брифинг өтті. Жиынға облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Әділет Отарбаев, Ақтөбе қаласы Астана және Алматы аудандарының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының басшысы Ардақ Құмаров қатысып, тікелей эфир арқылы тұрғындардың қойған сауалдарына жауап берді. — Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери ...

Жалғасы »

Бокстан ел чемпионаты аяқталды

Ақтөбеде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы аясында бокстан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Пандемияға байланысты санитарлық талаптар қатаң сақталып, көрермендер жарысты Youtub арнасы арқылы тікелей эфирде тамашалады. Спорттық додада еліміздің барлық облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 14 салмақ дәрежесінде 284 жас боксшы бақ сынасты. Тартысқа толы жарыста жалпы командалық есепте қарағандылық боксшылар ...

Жалғасы »

Вакцинациялау қалай жүріп жатыр?

1 ақпаннан бастап облыста 585 медицина қызметкері Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасын алды. Айдың ортасына дейін 1000 адам вакцинацияланады. Екпе бірінші кезекте қауіпті аймақта жұмыс жасайтын мамандарға салынып жатыр. Жалпы вакцина алған қызметкерлерде екпенің жанама әсері қалай білінуде? Екпе алғаннан кейін қалай сақтану керек? Осы және өзге де сұрақтарды мамандарға қойдық. Вакцинаның жанама әсері білінді ме? Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ...

Жалғасы »

Ақтөбенің киелі жерлері — Тәуелсіз Қазақстанның теңдессіз байлығы  

Биыл ел егемендігінің мерейлі 30 жылын атап өткелі отырмыз. Тәуелсіздік бізге, халыққа қай жағынан да еркіндік қана емес, ғасырлар бойы өзіне тән құпия-сырды бүгіп жатқан, талайларға әлі де рухани азық сыйлайтын қасиетті орындарымызды түгендеуге мүмкіндік берді. Өлкетануға қатысты қызықты деректерді ашуға Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы да оң септігін тигізді. Қасиетті орындардың мәдени-географиялық белдеуін құру ...

Жалғасы »

600-ге жуық туынды енгізілген антологиялық жинақ жарыққа шығады

Биыл Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» жобасын іске асыру мақсатында облысымызда «Ақтөбе өңірінің фольклорлық музыкасы» антологиялық жинағы жарыққа шығады. Сондай-ақ облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан «Едіге» жыр мектебі ашылмақ. Біз облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы  Алтынай Юнисовамен әңгімелесіп, осы және өзге де жаңа жобалар туралы ...

Жалғасы »

Биіктік

ОСЫДАН БІРЕР ЖЫЛДЫҚТА АҚТӨБЕДЕ ЕҢСЕЛІ ТӘУЕЛСІЗДІК ЕСКЕРТКІШІ АШЫЛДЫ. ОНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР — ЕЛТАҢБА МЕН ӘНҰРАННЫҢ ОРНАЛАСУЫ ӨЗАРА ҮЙЛЕСІМДІ КӨРКЕМДІК ШЕШІМІМЕН КӨЗ ҚУАНТТЫ. БИІКТІГІ ЖИЫРМА МЕТРДЕЙ БОЛАТЫН ТҰҒЫР-ЕСКЕРТКІШТІҢ ЖОҒАРЫ БӨЛІГІНДЕ БҮР ЖАРА БАСТАҒАН ҚЫЗҒАЛДАҚ БЕЙНЕЛЕНГЕН. ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢГІ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫН БЕЙНЕЛЕЙТІН ОСЫ КӨРІНІС, ЖАЛПЫ АРХИТЕКТУРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ БЕЛГІЛІ КӘСІПКЕР АРЫНҒАЗЫ БЕРКІНБАЕВТЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ЖӘНЕ АВТОРЛЫҒЫМЕН ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНІН ЕКІНІҢ БІРІ БІЛЕ БЕРМЕУІ ДЕ МҮМКІН. ОЛ ...

Жалғасы »