Daily Archives: 9 Ақпан 2021

Тәуелсіздік игіліктерін әрбір қазақстандық сезінуге тиіс

«Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысына қатысты», — деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті. Президент Қазақстан Тəуелсіздік жылдарында Елбасының көшбасшылығымен барлық қиындықтан өткенін, қуатты мемлекеттің іргесін қалағанын, енді егемендіктің төртінші онжылдығына қадам басқанын, бұл еліміз үшін аса маңызды кезең ...

Жалғасы »

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Облыстағы еңбекақы мөлшері төмен. Халықтың табысын арттыру бойынша жұмыс жалғасады

Онкологиялық ауруларға шалдыққан жерлестердің қажетті ем-домын толық көлемде ала алмай отырғаны, Алға ауданындағы шошқа фермасына қатысты шешілмеген мәселе, Елек өзенінің тартылып қалғаны, өңірдегі экологиялық ахуал, денсаулық сақтау саласындағы кейбір салғырттықтар, т.б. негізгі түйткілдер кеше облыс әкімдігі ғимаратында өткен қоғамдық кеңестің отырысында көтерілді. Алдымен облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің есебі тыңдалған отырыста бірқатар белсенді әлгіндей әлеуметтік маңызы бар мәселелерді ортаға салды. Жиында ...

Жалғасы »

Үздік орталық  

Облыс бойынша Байғанин аудандық жұмыспен қамту орталығы үздік атанды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Руслан Хамбаровтың  қатысуымен Қарауылкелдіде өткен   жиын барысында айтылды. Шарада аудандық жұмыспен қамту   орталығының өткен жылы атқарған жұмыстары  қорытындыланып, биылғы міндеттер пысықталды. Қазір аталған орталықта 13 маман жұмыс жасап, халыққа қызмет көрсетеді.  Былтыр 1536 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасса, қоғамдық жұмыс арқылы 884 адам жұмыс істеді. Студенттердің демалысын ...

Жалғасы »

Қоғамдық тамақтану саласы: тығырықтан шығу жолдары талқыланды

Ақтөбеде кафе мен мейрамханалардың иелері шектеу шараларына байланысты шығынға ұшырады. Қазіргі күні мейрамханалардың тең жартысы жұмысын тоқтатқан. Осы мәселеге байланысты облыстық кәсіпкерлер палатасы ғимаратында Қазақстан Республикасы Қоғамдық тамақтану қауымдастығы төрағасының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының өкілдерімен,  өңірлік мейрамхана және қонақүй бизнесі қауымдастығының мүшелерімен, сондай-ақ дәмхана, мейрамхана иелерімен кездесті. Вероника Нұрпейісованың айтуынша, еліміздегі қоғамдық тамақтандыру ...

Жалғасы »

Ынтымақтастық келісімге қол қойылды

Шарм-эш-Шейх қаласында Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен өтіп жатқан Қазақстан-Мысыр бизнес-форумы аясында Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Тарек Әл-Уасими мен Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сергей Ли Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі К.Лама Шарифтің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында Ақтөбе қаласына инвестиция тарту бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Шарм-эш-Шейх ...

Жалғасы »

53 оқушыдан вирус анықталған

Брифинг 7 ақпан күні облыста коронавирус жұқтырған 5 адам тіркелді. Науқастардың үшеуі Ақтөбе қаласынан болса, екеуі Хромтау ауданының тұрғыны. Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,1% құрайды. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді. Алдымен Мұхтар Сербаев Ақтөбе облысының жасыл аймақта екендігін, инфекцияның тіркелу жағдайы құбылмалы ...

Жалғасы »

Олимпиада басталды

Кеше  дәстүрлі жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының ІІ аудандық /қалалық/ кезеңі басталды. Облыс бойынша  білім бәйгесіне жалпы 5601 оқушы қатысады. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Сүлейменованың айтуынша, биылғы білім додасын ұйымдастырудың  өзгешеліктері бар. Бұған дейін бір күнде өткізілетін олимпиада биыл пандемияға байланысты 5 күнге созылады. — Пандемияға және эпидемиологиялық жағдайға байланысты оқушылардың республикалық пәндік  олимпиадасының ІІ ...

Жалғасы »

13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігі талап етілмейді

Шетелдік нөмірі бар көліктер мен жүргізуші куәлігін шетелде алған жүргізушілер өзімен бірге барлық құжатты алып жүруі тиіс. Алдағы сенбі, яғни 13 ақпаннан бастап көлік иелерінен жүргізуші куәлігі талап етілмейді. Алайда жеке куәлікті өзімен бірге ұстап жүру керек. Ішкі істер министрлігі осы құжатты алмағаны үшін қандай шара қолданылатынын түсіндірді. Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің айтуынша, көлік жүргізушісі полицияға жеке ...

Жалғасы »

30 нақты іс атқарылады

Қобда ауданы Тәуелсіздіктің мерейлі 30 жылдығына орай «30 жыл — 30 нақты іс» жобасын қолға алды. Жоба аясында аудан әкімі Болат Кұлов ауыл шаруашылығы саласындағы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша аудан кәсіпкерлерімен меморандумдарға қол қойды. 2021 жылы ауданда 5 миллиард 500 миллион теңгені құрайтын 20 жоба жоспарлануда. Соның ішінде кәсіпкерлік саласы бойынша 500 миллион теңгені құрайтын 15 жоба, ауылшаруашылық ...

Жалғасы »

Спортпен шұғылданушылар үлесі — 31,5 пайыз

Аудан Байғанин ауданында бұқаралық спортпен шұғылданушылардың үлесі —  31,5 пайыз. Яғни аудан халқының 7222-сі спортпен айналысады. — Бұл көрсеткішке Қарауылкелді ауылында  еңсе тіктеген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің  арқасында қол жеткізілді. Сондай-ақ  Алтай батыр ауылында бой көтерген «Рысқұл ата» әмбебап спорт кешені де сеп болып отыр. Аталған кешендер  заман талабына сай жабдықталған. Оларда баскетбол, волейбол, шағын футбол алаңдары бар, — дейді аудандық ...

Жалғасы »