Daily Archives: 6 Ақпан 2021

30 инвестициялық жоба жүзеге асты

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров «Рика» телеарнасының тікелей эфирінде тұрғындарға есеп берді. Тікелей эфир әлеуметтік желі арқылы көрсетіліп, ақтөбеліктер онлайн түрде сауалдарын қойды. Қала әкімі  өткен жылдың бүкіл әлем үшін  күрделі  жыл болғанын атап өтті. — Бүкіл әлемдік қауымдастық үшін 2020 жыл күрделі сынақ жылы болды. Елімізде коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Сын сағатта тұрғындар бір-біріне қолдау көрсетіп, береке, ...

Жалғасы »

12 адам індет жұқтырды

Брифинг Жұма күні облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Бүгінде жалпы облыс бойынша коронавирусқа шалдыққан 3993 жағдай тіркелген. Ал 4 ақпан күні 12 адам індет жұқтырды. Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша 4 күнде 500-ден астам медицина қызметкері екпе алды. Олардың ешқайсысынан денсаулығына кері әсер еткені туралы шағым түспеген. — ...

Жалғасы »

Үш инвестициялық жоба мақұлданды

Облыстың индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында қорғалған бес жобаның үшеуі мақұлданды. Облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергеновтің төрағалығымен өткен өңірлік үйлестіру кеңесінде жаңадан мақұлданған үш инвестициялық жоба «Ақтөбе» индустриялық аймағында жүзеге асырылатын болды. Олар — «Мэтэкс Сервис» ЖШС іске асыратын импорттық арнайы техниканы жөндеу және металл өңдеу орталығы жобасы, «KNK GROUP» ЖШС жүзеге асыратын қасбет материалдарын шығаратын зауыт құрылысы ...

Жалғасы »

Ақтөбеде жыл басынан бері 39 өрт оқиғасы тіркелді

Брифинг Бейсенбі күні Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Айбат Жаңабергенов брифинг барысында жыл басынан бері қала аумағында болған өрт оқиғалары туралы айтып берді.        Оның айтуынша, биыл жыл басынан бастап Ақтөбе қаласының аумағында 39 өрт оқиғасы тіркелген. Оның 18-і — тұрғын үй секторында, 10-ы — көлікте, ал 11 жағдай басқа нысандарда болған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл ...

Жалғасы »

Конкурс: ережелерге өзгеріс енгізілді

Брифинг «Мамандандырылған мектептерге қабылдау тәртібі». Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг осындай тақырыпта өтті. Шараға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ  Сүлейменова қатысты. — Мамандандырылған мектептерге қабылдаудың типтік ережелеріне өзгеріс енгізілді. Бұрын құжат қабылдау маусым, шілде айларында жүргізілетін, былтыр мамыр айында ұйымдастырылды. Биыл үміткерлердің ата-аналарынан (заңды өкілдерінен) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 наурыздан 1 сәуірге дейін жүргізіледі, — деді Гүлназ ...

Жалғасы »

Тәуелсіздік — ең бағалы құндылық

Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында  Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласына орай «Егемендік — елдік пен мемлекеттіліктің арқауы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының үгіт-насихат тобының мүшелері, сондай-ақ белсенді жастар қатысты. Дөңгелек үстелді жүргізген «Қоғамдық келісім» КММ директоры Нұрхан Ағниязов Президенттің мақаласы биылғы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жүзеге асырылатын шараларды жүйелеп, міндеттерді айқындап берген туынды екенін ...

Жалғасы »

40-70 жас аралығындағылар тегін тексеріледі

4 ақпан —  Дүниежүзілік онкологиялық ауруларға қарсы күрес күні. Бұл күнді атап өтудегі мақсат — жұртшылық назарын ғаламдық проблемаға аудару. Биылғы шаралар «Мен. Мен бармын!» (I Am. And I Will) деген ұранмен өтеді.  Қазіргі күні бүкіл әлем бойынша қатерлі ісікке шалдығушылар саны артып отыр. Обыр өлім-жітім саны жағынан жүрек-қан тамыры жүйесінен кейін екінші орынға шықты. Көптеген адамдардың бұл диагнозды үкім ...

Жалғасы »

Тасқынға тосқауыл бар

Брифинг Күрт еритін көктемгі судың тасқынына қалмас үшін қазірден бастап дайындық жұмыстары басталып кетті. Қыс ортасы болса да ауа райының жылымық тартуы алда көктем жақындап келе жатқанын білдіріп тұр. Дайындық жұмыстарына жергілікті бюджеттен 155 миллион теңге бөлінді. Тасқынға тосқауыл болу үшін 100-ден астам ассенизатор, 20-дан астам арнайы техника және 5 арнайы сусорғыш дайындалды. Сонымен қатар 4000 тонна инертті материалдар (құм, ...

Жалғасы »

Ойылдағы онлайн есеп — интернеттің игілігі

Ойыл ауданының әкімі Асқар Қазыбаевтың аудан халқының алдындағы қорытынды есебі онлайн режимінде өтті. Аудан әкімдігінің инстаграм парақшасында тұрғындар тікелей эфир арқылы сауалдарын жолдады. Өткен жылғы есеп беру кездесулерінде тұрғындардың көтерген автокөлік жолдарына және әлеуметтік нысандарға жөндеу жүргізу, материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелерi жөнінде 10 мәселе аудан деңгейіндегі іс-шаралар жоспарына енгізілген болатын. Ондағы  аудандық маңызы бар «Ойыл-Қараой», «Ойыл-Көптоғай» автокөлік жолдарын жөндеу жұмыстары ...

Жалғасы »

Ауыл шаруашылығы саласына 1,7 миллиард теңге инвестиция тартылды

Әйтеке би ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов аудан тұрғындарының алдында есеп берді. Аудан әкімі алдымен өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. — Былтырғы жыл еліміз үшін оңай болған жоқ. Әлемде эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, экономикаға кері әсерін тигізді. Осындай қиын кезеңді өткеру үшін Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимін жариялап, Үкімет тиісті шаралар қабылдады. Тұрғындарға әлеуметтік төлем, бір жолғы жәрдемақылар төленіп, халықтың әл-ауқатын жақсарту ...

Жалғасы »