Daily Archives: 4 Ақпан 2021

«Біздің міндетіміз — барлық жағдайды жасау»

Облыс  басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен аппарат жиынында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәселелер қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін айтты. — Бүгін облыста коронавирус жұқтырған үш адам тіркелді. Науқастардың 95,8%-ы жазылып шықты. Төсек-орын жүктемесі — 18,8%. Карантин орталықтары мен зертханалар жұмыс ...

Жалғасы »

Департамент басшысы екпе салдырды

Сейсенбі күні облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева №6 қалалық емханада коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Департамент басшысы алдымен жалпы денсаулығын тексертіп, кейін екпе алды. — Бүгін коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырдым. Жағдайым қалыпты. Ешқандай шағымым жоқ. Өздеріңіз білесіздер, 1 ақпаннан бастап елімізде екпе салдыру басталды. Екпе салдыру бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде екпені медицина қызметкерлері, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау ...

Жалғасы »

«Парасат жолы»: өңірлік орталықтар ашылды

Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада «Парасат жолы» жобасының өңірлік орталықтарының таныстырылымы өтті. Онлайн режимінде ұйымдастырылған жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Сондай-ақ С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында тікелей эфир арқылы өткен басқосуға облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбет, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысының бірінші ...

Жалғасы »

«Jas Otan»  жастар қанатында жаңа төраға

«Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының кезектен тыс ІХ конференциясы онлайн түрде  өтті. Шараға  «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев және әртүрлі деңгейдегі мәслихатқа сайланған жас депутаттар, «Jas Otan» жастар қанатының қалалық, аудандық бөлімше басшылары,  облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен  жастар ресурстық орталығының басшылары қатысты. Жиында «Jas Otan» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы қызметіне  Nur Otan партиясы облыстық ...

Жалғасы »

12 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды

Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде шаһар басшысы Асхат Шахаровтың және Астана ауданының әкімі Дариға Исмағамбетованың тұрғындармен есепті кездесуі өтті.   Алдымен Асхат Шахаровтың қаланың өткен жылғы экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, былтыр қалалық бюджеттің кіріс бөлігі 107,6 пайызға орындалды және 109,3 млрд теңгені құрады. — Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау және халықты жұмыспен қамту мақсатында Үкімет дағдарысқа қарсы шаралар әзірледі. Қала ...

Жалғасы »

Газ бен су тартылып, мектептер жаңарып жатыр

Байғанин ауданы әкімі Қ.Отаровтың халық алдындағы есеп беру кездесуі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай онлайн режимде өткізілді. @Baiganin_akparat инста парақшасы мен «Байғанин ауданы әкімдігі» фейсбук парақшасында тікелей эфирде өткізілген есеп беру жиынында аудан әкімі 2020 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен 2021 жылға арналған жоспарды баяндады. Аудан әкімінің айтуынша, былтыр ауданға 97,4 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылыпты. Ауданның кіріс бюджеті — 4 ...

Жалғасы »

Алимент әке бола ма?

Самат НАРЕГЕЕВ, «Ақтөбе» Бүгінгі сөз Айналамда алимент төлейтін таныстарым көбейіп барады. Ең қиыны, ағайынның ішінде де бар. Айлығының жартысы  алиментке кетеді. Ажырасарда сот солай шешіп берген. Балаң  18-ге толғанша алимент төлеуге міндеттісің! Еліміз ажырасу бойынша әлемде алдыңғы қатарлардың біріне шықты. Бұрын қызы қайтып келген отбасы төменшіктеп жүрсе, қазір олай емес. Өйткені екінің бірі ажырасып жатыр… Себеп? Себеп көп-ақ. Еркектің мал ...

Жалғасы »

Білім саласы және мемлекеттік тіл мәртебесі

Тәуелсіздіктің арқасында біздің өңірдің білім саласы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Білім саласы мемлекеттік қолдауға ие. Аталған салаға облыс бюджетінің шамамен 35 пайызы тиесілі. Бұл көптеген маңызды, түйінді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Тәуелсіздіктің арқасында жыл сайын облыстағы орыс тілінде оқытатын  мектептердің үлесі және аралас мектептер саны азайып келеді. Кеңес дәуірінде  облыс орталығында 1 ғана — №6 қазақ орта мектебі жұмыс жасаған ...

Жалғасы »

Ақтөбенің инвестициялық ахуалы: 178,6 миллиард теңгенің 75 жобасы бар

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының негізгі мақсат-міндеті қандай және бұған дейін оны іске асыру деңгейі қалай? Мекеменің әкімдіктегі кәсіпкерлік басқармалары hәм бөлімдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан ерекшелігі бар ма? Өңірге тартылатын инвестициялардың жайы нешік? Осы және өзге де сұрақтарды біз аталған корпорацияның басқарма төрағасы Ермек Имантаевқа қойған едік. — Былтыр сіз басқаратын корпорацияның құрылғанына 13 жыл толыпты. Өткенге шолу жасасақ, әу бастағы жоба-жоспарлар ...

Жалғасы »

Вакцинациялау басталды

6 айда облыстың 150 мың тұрғыны екпе алуы керек Ақтөбеде коронавирусқа қарсы күресте қауіпті  аймақта жұмыс жасаған медицина қызметкерлері Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасын алып жатыр. Облыста барлығы мың қызметкер екпе алады. Жалпы, алты айда облыстың 150 мың тұрғыны вакцинациялануы керек. Алайда тұрғындар арасында екпеге қатысты пікір көп. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап ...

Жалғасы »