Басты бет » 2021 » Қаңтар

Monthly Archives: Қаңтар 2021

Жұмысшылар жалақысы көтеріле ме?

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Сәлімгерей Бекбергенов «АМК-Мұнай» мен «Ада Ойл» ЖШС басшыларын шақыртып, арнайы штаб отырысын өткізді. Кездесуде серіктестік басшыларына жұмысшылардың жалақысын көтеру талабы қойылды. ЖШС басшылығы мәселені шешу үшін 1 күн мерзім сұрады. Аталған мәселе бақылауда. Сонымен қатар, компания басшылығы тарапынан жұмысшыларды қудалау, жұмыстан шығару мәселесі орын алып отырған жоқ. Өз тілшімізден.

Жалғасы »

Облыс әкімі О.С.ОРАЗАЛИННІҢ 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттері туралы есебі

Құрметті ақтөбеліктер, қадірменді жерлестер! Қалыптасқан дәстүр бойынша әдеттегідей жыл бойы жасалған жұмыстар жайлы қорытынды есебімнің тезистерін алдын ала жариялап отырмын. Өткен жылдың салған салмағы бәрімізге де оңай тимеді. Індеттің салдарынан көптеген жоспарымызды кейінге шегеріп, оның зардабымен күресуге бар күшімізді жұмсадық. Бірқатар шектеулер мен тыйымдар экономикамызға да кері әсерін тигізді. Көптеген мекемелер жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. Соның салдарынан тұрғындарымыздың табыс көзі ...

Жалғасы »

Ақтөбеде бала туу көрсеткіші өскен

Ақтөбеге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният  жұмыс сапарымен келді. Вице-министр Мемлекет басшысының денсаулық сақтау ұйымдары мен акушерлік-реанимациялық қызметтердің жұмысын күшейту, мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Еліміздің медицина саласын жақсартудағы ең маңызды міндеттің бірі — ана мен бала денсаулығын қорғау, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру. Мемлекет ана өлімін болдырмау үшін барлық мүмкіндікті қолданып отыр. Ақтөбе облысында былтыр бала туу көрсеткіші артқан, ...

Жалғасы »

117 көшеге жөндеу жүргізілді

Жұма күні Оқушылар сарайында Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімі Дариға Исмағамбетованың тұрғындармен есепті кездесуі өтті.  Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаровтың және аудан тұрғындарының қатысуымен өткен жиында алдымен Дариға Исмағамбетова ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасын жасады. Айта кетейік, Астана ауданының құрамына 20 елдімекен кіреді, тұрғындар саны — 270 мың. Аудан әкімінің өткен жылғы есепті кездесуі барысында  69 сұрақ  түскен. ...

Жалғасы »

Саламат АМАНБАЕВ: Мәселе жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында ғана шешіледі

Кеше облыстық еңбек инспекциясының басшысы Саламат Аманбаев «КМК Мұнай» акционерлік қоғамындағы жағдайға байланысты түсінік берді. — Өздеріңізге мәлім, биыл 25 қаңтардан бастап Темір ауданындағы «КМК Мұнай» компаниясының жұмысшылары жұмыстарын тоқтатып, жұмыс берушіге біраз талаптар қойды. Бес күннен бері жұмыс тоқтап тұр. Жұмысшылар жұмыс берушінің алдына төрт талап қойған.  Олардың ең бірінші талабы — жалақыны 100 пайызға көтеру. Сондай-ақ жатақхана мен ...

Жалғасы »

Тұрғындар сауалдарына жауап берілді

Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов Айшуақ, Бозой ауылдық округтеріндегі тұрғындармен кездесіп, ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және биылғы жылға арналған міндеттері туралы есебін берді. Жалпы, әр округте өткен кездесулер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өтті. Ең алдымен халық аталған округ әкімдерінің есептеріне ден қойды. Бұдан соң аудан әкімі ауданда атқарылған істерге шолу жасады. Айшуақ ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесуге облыстық ауыл ...

Жалғасы »

40 мың тонна тұқым себіледі

Брифинг Өткен жылы басталған әлемдік пандемия облыс экономикасының көптеген  салаларына  кері әсерін тигізгенімен, ауылшаруашылық саласында оң динамика сақталып, өнім мен өсім қатар өскен. Бұл туралы өткен жылдың жұмыстарына қорытынды жасай отырып, биылғы жылдың жоспарымен бөліскен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай тікелей желі арқылы өткен баспасөз мәслихатында айтты. Айталық, былтыр 324,7 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, саладағы өсім былтырғы жылмен ...

Жалғасы »

індеттен екі адам қайтыс болды

Брифинг 28  қаңтар күні облыста коронавирус жұқтырған 12  адам тіркелді. Науқастардың тоғызы Ақтөбе қаласынан болса, екеуі Мәртөктен және біреуі Алға ауданынан тіркеліп отыр. Аурушаңдықтың өсу  деңгейі — 0,3%. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы  Нұрсұлу Беркімбаева мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Рүстем Исаев  аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Нұрсұлу Беркімбаева тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Сондай-ақ талапқа бағынбаған кәсіпкерліктерге айыппұл салынып ...

Жалғасы »

Биыл көңіл бөлінетін бағыт — ауыл жастары

БҮГІНГІ ТАҢДА ОБЛЫСТАҒЫ ЖҰМЫССЫЗ ЖАСТАРДЫҢ ҮЛЕСІ — 3,2 ПАЙЫЗ. ӨҢІРДЕ 14 ПЕН 29 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ САНЫ 178 712 ЕКЕНІН ЕСКЕРСЕК, БҰЛ КӨРСЕТКІШ АЙТАРЛЫҚТАЙ КӨП ТЕ ЕМЕС. АТАЛҒАН МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ ҮШІН ӨҢІРДЕ БІРҚАТАР ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНЫП, БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕЛЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП ТҰРАДЫ. МӘСЕЛЕН, ТЕК ӨТКЕН ЖЫЛДЫҢ ӨЗІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН 700-ДЕН АСТАМ ЖАС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН. Ал бұдан өзге ...

Жалғасы »

Жаңа оқулық жарық көрді

Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев университетінде «Қазақ әліпбиін латын таңбасына көшіру» атты оқулықтың тұсаукесер рәсімі өтті. Онлайн режимінде ұйымдастырылған шараға еліміздің және шетелдің ғалымдары қатысты. Аталған оқулықтың авторлары — филология ғылымдарының кандидаттары Нұрбол Садуақас пен Мұхтар Миров. Латын әліпбиі туралы еңбек Түркияда жарық көрген. — Бұл оқу құралы түрік ғалымдары тарапынан қызығушылық тудырып, соған байланысты Түркияда басылып шықты. Оқулық қазақ, түрік, ағылшын ...

Жалғасы »