Басты бет » 2020 » Қараша » 03 (page 2)

Daily Archives: 3 Қараша 2020

Жерлес ақындардың өлеңдерін жатқа оқыды

«Геолог» мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында ІІІ облыстық «Жерлестер жаңғырығы» атты поэзия байқауы өтті. Мақсат — облыстан шыққан ақындарымызды ұлықтау, өлеңдерін жастар арасында кеңінен насихаттау, талантты жастарға жол ашу. Байқауға 6-20 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Сайысқа Ақтөбе қаласы және  Әйтеке би, Мұғалжар,  Қарғалы, Мәртөк, Хромтау аудандарынан барлығы 54 адам қатысты. Оның ішінде мектеп оқушыларынан бастап студенттер, ...

Жалғасы »

Меценаттар марапатталды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне биыл — 85 жыл. Мерейтойға арналған шара аясында университет ардагерлері мен меценаттарын марапаттауға арналған шара ұйымдастырылды. Алдымен аталған оқу орнының ректоры Бауыржан Ердембеков сөз алып, университет жетістіктері туралы айтты. Ақтөбеде 1935 жылы  ең алғаш жоғары білім беретін екі жылдық Ақтөбе мұғалімдер институты ашылып, жоғары оқу орнының іргесі қаланды. Университет өзінің 85 жылдық жарқын тарихында Қазақстанның ...

Жалғасы »

Саматтың алма бағы

Самат Малдығұловтың негізгі мамандығы — тіс технигі. Ол біраз жыл Ырғыз аудандық ауруханасында, кейін Ақтөбе қаласындағы «Денсаулық» клиникасында  қызмет етті. Былтырдан бері бау-бақша өсірумен айналысады. — Ырғыз жері жартылай шөлейт аймаққа жатады, сол себепті бұл өңірде жеміс ағаштары өспейді дейтін ел ұғымындағы қасаң түсінікке күмәнмен қарайтынмын. Сөйтіп, «Ырғызда жеміс ағаштарын отырғызса, қалай болар екен?» деген оймен ғаламтордың көмегіне жүгіндім. Сол ...

Жалғасы »

Мейірімі мол мейірбике

«Жақыныңа жанашыр бол!» Жанбөпе Сәрсенбаева туралы ырғыздықтар құрметпен айтады. Оның ақ халат киіп, ауылдастарының денсаулығын қорғау жолында қызмет етіп келе жатқанына отыз үш жыл болыпты. Ол — биылғы төтенше жағдай басталған сәтте тәжірибелі маман ретінде ең бірінші болып провизорлық орталыққа кірген мейірбике. Мұны өзі ерекше бір ерлік деп санамайды, күнделікті жұмысым деп ұғынады. — Менің де алдыңғы буыннан үйренгенім аз ...

Жалғасы »

Абай мұрасы

Қобдада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай мұрасы» атты Абай әндерінің облыстық онлайн байқауы өтті.  Шара мақсаты — Абай шығармаларын насихаттау. — Байқаудың шарты бойынша қатысушы талапкерлердің жас мөлшеріне шектеу қойылған жоқ.  Қатысушылар өз өнерлерін видеоға түсіріп жіберді.  Үміткерлеріміз  Абай әндерін эстрада (минусовка) немесе аспаппен орындады. Байқауға Шалқар, Мұғалжар, Темір, Ырғыз, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Қобда аудандарынан ...

Жалғасы »

Кәсіптік-техникалық білім: қолдау мен даму

Өндіріс пен қызмет көрсету саласы үшін кадрлардың негізгі провайдері — техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі. Аталған салаға мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп жатыр. 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырылуда. Оның арқасында көптеген жас сұранысқа сай мамандықтарды таңдап, тегін білім алып жатыр. Ал «Жас маман» жобасы бойынша колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Біз облыстық білім ...

Жалғасы »

Табыстың көзі

Қазір мемлекеттік бағдарламалардың игілігін пайдаланып, мал шаруашылығына бет бұрғандар көп. Шалқар ауданында мал өсіріп, кәсібінен нәсібін тауып отырған азаматтардың бірі — «Болашақ» шаруа қожалығының төрағасы Шыңғыс Мусин. Ол бастапқыда өз қаражатына жылқы мен қой сатып алып, кейін кәсібін кеңейту мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан 12 миллион теңге несие алған. Қазір шаруашылықта 100-ге жуық жылқы, 600 қой бар. Кәсіпкер сондай-ақ аудан орталығынан ...

Жалғасы »

Тауық бағып, табыс тапқан отбасы

Ойыл ауданындағы Екпетал ауылының тұрғындары тауық өсіріп отырған Лаура Есқалиеваны жақсы таниды. Биыл жаздан бері жесе ет, сатса ақша болатын үй құсын бағып, тәуір табыс көзіне айналдырып отырған жайы бар. Атаулы әлеуметтік көмек алып отырған көпбалалы отбасы ойлана келе, өз кәсіптерін ашуға, оның ішінде тауық өсіруге ниеттенеді. Кішкентайлы болып, бала күтіміне байланысты үйде отырған Лаура мемлекеттік бағдарламалар туралы естіп, «Атамекен» ...

Жалғасы »

Дәнекерлеу шебері

Асылан Ахметов — аргонды дәнекерлеудің кәнігі маманы. Бұл кәсіптің денсаулығына кері әсерін кедергіге санамайтын жан жұмыстан шынайы рахат табады. Мемлекеттен грант алып, іс бастаған кейіпкер «дәл осы бастама жұмыссызды кәсіпкерге дейін жеткізді», — дейді. Жас кәсіпкер 2019 жылы «Бастау-бизнес» курсын бизнес-тренері Мерхан Жангелдіұлының жетекшілігімен оқып шықты. Кейін сәуір айында оқыған курстың сертификаты арқылы жүзеге асатын «Еңбек» бағдарламасы бойынша аудандық жұмыспен ...

Жалғасы »

«Ақтөбе»: жанкүйері көп команданың жеңісі

Футбол Сонымен, Бірінші лигадағы футбол маусымы аяқталды. Бірінші конференцияда ойнаған «Ақтөбе» бұл чемпионат аяқталардан екі тур бұрын Премьер-Лигаға өткені баршаға мәлім. Сәл шегініс жасасақ, өткен 2019 жыл біздің командамыз үшін оңайға соққан жоқ. Чемпионат басталар-басталмастан ФИФА шешімімен 12 ұпайдың шегеріліп тасталуы «Ақтөбенің» Премьер-Лиганы тастап шығуына әкеліп соқты. Сол бойда ақтөбелік команда енді жоғары топқа таяу уақытта қайта орала алмайтыны жөнінде ...

Жалғасы »