Daily Archives: 24 Қазан 2020

Жылу-электр орталығы: 6,4 миллиард теңгенің инвестициялық жобалары жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дәрібаевтың қатысуымен Ақтөбе қаласында табиғи монополияларды реттеу нысандары ішінде жылу энергиясын өндіру саласындағы «Ақтөбе жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамында баспасөз туры өтті. Сондай-ақ шараға аталған комитеттің аймақтық бөлімшесі мен Ақтөбе жылу-электр орталығының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. 2017-2022 жылдарға арналған «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-ның жылу энергиясын өндіру қызметінің инвестициялық бағдарламасы шеңберінде ...

Жалғасы »

Көкжиде қорғалады

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалығымен өткен жиынға экология департаментінің, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшылары, жер қойнауын пайдаланушылар қатысты. «Біздің алдымыздағы басты міндет – «Көкжиде» жерасты суларының бірегей көзін сақтап қалу. Осыған байланысты осы кен орнында жұмыс істеп жатқан жер қойнауын пайдаланушылардың қызметіне тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталды. Сараптама, толық барлау жүргізетін, стратегиялық маңызы бар кен орнының жағдайын ...

Жалғасы »

Кәсіпкерге көмек көрсетіледі

«Бизнеске арналған үкімет» фронт-кеңсесінің алаңында Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров  кәсіпкерлер үшін жеке қабылдау өткізді. Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес кәсіптеріне қатысты туындаған мәселелер бойынша 8 кәсіпкер қала әкімінің жеке қабылдауында болған. Бұл — жер қатынастары және абаттандыру салаларындағы бизнесті дамыту бойынша өзекті әрі жүйелі мәселелер. Жеке кәсіпкер Әсел Ибашева қала әкімінен кәсібін кеңейту үшін қосымша 40 ...

Жалғасы »

Ойын алаңы ашылды

Жұмысшылар қалашығында жаңа ойын алаңы ашылды. Шалқарлық белсенді жас Нұрсұлтан Әбжанов Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының облысымыздағы үкіметтік емес ұйымының шағын гранттар байқауына қатысып, 500 мың теңге жеңіп, сол қаржысымен осы игілікті істі қолға алыпты. «Street Workout» деп аталатын жаңа ойын алаңының ашылуына көше тұрғындары мен балалар қатысты. Нысанның ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Нұртілек Жұмамұратұлы сөз сөйледі. — Кішкентайлардың емін-еркін ...

Жалғасы »

Бір күнде коронавирус жұқтырған бес адам тіркелді

Соңғы аптада облыста індет жұқтырғандардың саны көбейіп барады. Тұрғындар барынша сақтанып жүргені дұрыс. Қоғамдық көліктер мен адам көп жиналатын жерлерде медициналық бетперде таққан жөн. Облыстық тауралар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, 21 қазан күні коронавирус жұқтырған бес адам тіркелсе, 22-сінде екі адамнан анықталған.  Соңғы тіркелген екі адам да Ақтөбе қаласынынң тұрғындары. Бірі — 1984, екіншісі ...

Жалғасы »

Қор қаржысы қайда жұмсалды?

Биылғы жылдың 8 айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмек үшін 163,6 миллиард теңге бөлді. Ал сегіз айда  МӘМС-ке 351,2 миллиард теңге жарналар мен аударымдар түсті. Мемлекет жеңілдетілген 15 санаттағы азаматтар үшін жарна төлеп отыр. Мемлекет төлеген жарна көлемі  197,2 миллиард теңге болса,  жұмыс берушілердің аударымдары — 100,9, қызметкерлер, жеке кәсіппен айналысатындар — 50,8, ал бірыңғай жиынтық төлем ...

Жалғасы »

Сайлауға әзірлік басталды

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлауды тағайындау, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарларды бекіту және сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы отырысы өтті. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында «Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»; «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен ...

Жалғасы »

Мерейтой иесіне құрмет көрсетілді

Кеше Ақтөбе қаласындағы Баспасөз үйінде ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Жақсылық Айжановтың мерейлі 70 жасқа толуына орай кездесу өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағамбет, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері қатысты.  Шараны жүргізген Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы,  «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры Раукен Отыншин мерейтой иесінің ҚазҰУ-ді бітірген соң туған жерге келіп, еңбек жолын Жем, Жаңатаң орта мектептерінде ...

Жалғасы »

Құнарлы өнім — ауылда

Мизам шуағы бітіп, күздің қытымыр күндері келіп жетті. Осы бір кезең, әсіресе, диқандар үшін қарбалас шақ. Күзгі жиын-терін науқанында шаруалардың жұмыстарымен танысу мақсатында облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Алжанов пен мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Панабек Бимұратов Мәртөк, Хромтау аудандарына барды.   Мәртөктіктер биыл ұраларын картоппен толтырып алды. Аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Шамиль Саринннің айтуынша, картоп әр гектарынан 120-140 центнерден ...

Жалғасы »

Бекзат қари жүлдеге ие болды

Ақтөбелік қари, 17 жастағы Бекзат Тасболатов Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан елордада өткен республикалық байқаудың жүлдегері атанды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен байқау биыл 9-шы рет өтті. Бұл байқау аталған ұйымның 30 жылдық мерейтойына арналып ұйымдастырылды. 72 үміткер бақ сынаған байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегелерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, зиялы қауым өкілдері, дін жанашырлары қатысты. ...

Жалғасы »