Daily Archives: 8 Қазан 2020

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: Індетке қарсы күрес үшін қажетті іс-шаралардың барлығы қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Президент алқалы жиында пандемияға және экономикалық дағдарысқа төтеп беру мақсатында мемлекет барлық қажетті шараларды қабылдап отырғанын, алайда аталған мәселеге қатысты алда тұрған міндеттер бүкіл ел болып жұмыла білгенде ғана өз деңгейінде жүзеге асатынын атап көрсетті. Жағдай тұрақталғанымен, босаңсуға болмайды Мемлекет басшысы бірінші кезекте індеттің лғашқы кезеңінде жіберілген ...

Жалғасы »

Абай аманаты

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы. Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас дара болмысын сомдайды. Абай Құнанбайұлы тұлғасы да сондай аралық кезеңнің жемісі. Ескінің соңы ...

Жалғасы »

Қос серіктестік шығармашылық-зерттеу жобасын жүзеге асырады

Меморандум Кеше облысқа жұмыс сапарымен келген «Атырау–Ақпарат» ЖШС өкілдері «Ақтөбе Медиа» ЖШС–на қарасты қос газеттің ұжымымен кездесіп, «Ойыл–Қиыл–Жем–Сағыз» атты шығармашылық–зерттеу жобасының тұжырымдамасына қол қойды. Шараға Атырау облысынан келген «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Ысқақ Егембердиев, облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы Назарбек Қосшиев, «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасының технологі Гүлбала Сарипова, облыстық «AQTOBE» телеарнасының басшысы Мирас Мұқаш, сондай-ақ «Ақтөбе Медиа» ЖШС-на қарасты облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский ...

Жалғасы »

Қауіпсіздік — сапаның басты өлшемі  

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің аудитін жыл сайын табысты өткізіп келеді — бұл ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасының дәлелі. Сондай-ақ Қордың Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» Заңында белгіленген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы аттестаты бар, ол Қордың Қазақстан Республикасының қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік бойынша мемлекеттік аттестаттаудан өткенін дәлелдейді. Ақпараттық қауіпсіздік ...

Жалғасы »

27 мың ақтөбеліктің үні

Сейсенбі күні облыс әкімі, Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Оңдасын Оразалин праймеризге қатысқан кандидаттармен кездесті. Алдымен аталған партияішілік іріктеудің мән-маңызына тоқталған өңір басшысы бұның қай тарапқа да оң әсері тигенін атап өтті: — Өздеріңіз жақсы білесіздер, қоғам өзгеріп, өмірімізге күн сайын бір жаңалық енгізіліп келеді. Мұндай форматтағы партияішілік іріктеу елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Осынау саяси жаңашылдық халық тарапынан ...

Жалғасы »

Шетелдерден келгендерге 440 орындық стационар ашылды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында жылыту маусымына дайындық пен өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәселелер қаралды.  Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты. Отырыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов өңірдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты екенін жеткізді. — Облыста коронавирус инфекциясы бойынша жағдайлар анықталған жоқ. Науқастардың 98,3 пайызы ауруханадан шықты. Төсек-орын жүктемесі ...

Жалғасы »

22 адам «Халық алғысы» медалімен марапатталды

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай-ақ пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін 22 азаматқа «Халық алғысы» медалін табыстады.  — Биылғы жыл бәрімізге де үлкен сынақ болды. Әлемді әлекке салған індет ел шетіне келгенде, оған қарсы тұруға бүкіл ел болып жұмылдық. Карантин режиміне көшіп,  әдеттегіден тыс жағдайда жұмыс істеуге икемделдік. Мемлекет басшысы ...

Жалғасы »

100 баланың ұясы

Сейсенбіде облыс әкімі Оңдасын Оразалин өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жалғыз орталық — «Жайна» сауықтыру стационарына барып, балалардың жай-күйін көріп, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Осыдан үш жыл бұрын өз жұмысын мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында бастаған сауықтыру стационары 120 адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде орталық қызметкерлері ауысыммен тәулік бойы жұмыс жасайды. Облыс әкімі балалардың ұйықтайтын, ойнайтын бөлмелерін, массаж, мотессори кабинеттерін, асханасын ...

Жалғасы »

Белсенділердің еңбегі бағаланды

Кеше облыс әкімдігі ғимаратында бір топ адамға «Халық алғысы» медалі тапсырылды. Бұл — пандемияға қарсы күресте еңбек еткендерге берілген марапат. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов коронавирус індеті өршіген кезде қызмет еткендердің саны көп екендігін, әсіресе, медицина мамандары, тәртіп сақшылары мен мұғалімдердің еңбегі ерек екенін айта келе, әлі де босаңсуға болмайтынын атап өтті. — Облыс басшылығы індет кезінде өзінің ерекше үлесін ...

Жалғасы »

Сенімнің салмағы

Nur Otan партиясының Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Асхат Шахаров Nur Otan праймеризіне қатысқан кандидаттармен кездесіп, партияішілік сайлауға белсенді атсалысқандары үшін алғыс білдірді. Ақтөбе қаласы бойынша 8 мыңнан астам партия мүшелері өз таңдауын жасаған. Асхат Шахаров мұндай форматтағы партияішілік іріктеу елімізде алғаш рет өткізіліп отырғанын, ақтөбелік кандидаттар өздерін ел дамуына мүдделі, жігерлі, білімді де белсенді азаматтар ретінде көрсете білгенін ...

Жалғасы »