Daily Archives: 20 Мамыр 2020

Үш ақсақалдың батасы

 Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің бас имамы Асылхан Темірханов бастаған шағын ұжым ақсақалдарға құрмет көрсетті. Мешіт қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлері 99 жастағы Сатылған Бекмағамбетов, 96 жастағы Ғизат Тоқтабаев және 95 жастағы Алмат Ермағамбетовтердің үйіне барды. Асылхан Темірханов оларды Рамазан айымен, мың айдан да қайырлы Қадір түнімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, тарту-таралғы табыс етті. Қариялардың иықтарына шапан жауып, естелік суретке түсті. ...

Жалғасы »

Ақтөбе жаңарады!

«Ақтөбе қаласының дамуы, мәселелер және оны шешу жолдары» тақырыбында өткізілген баспасөз мәслихатында Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров шаһарда атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын ірі жобалар турасында мәлімдеді. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу барысында қаладағы проблемалар және оны шешу бағытында қолға алынған іс-шаралар да сөз болды.     Бас жоспар және Батыс-3 Газетіміздің бұған дейінгі сандарының бірінде хабарлағанымыздай, Ақтөбе қаласының ...

Жалғасы »

Маусымжанның тәттілері сұранысқа ие

Мемлекеттік бағдарлама Мемлекет тарапынан көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі қыз-келіншектерге түрлі қолдаулар көрсетіліп жатыр. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз грантқа ие болып, аудандарда кәсіп ашып отырған аналар туралы бұған дейін де жазғанбыз. Бұл жолы Ақтөбе қаласында аталған бағдарлама арқылы шаруасын дөңгелентіп отырған қыз-келіншектермен сөйлестік. Маусымжан Сағынай — үш баланың анасы. Бір баласы жүрек ауруына шалдығып, есепте тұр. Пысық келіншек үйде бос ...

Жалғасы »

«Ана мен қызы» тігін цехын ашты

Ақтөбенің К.Нокин ауылында тұратын Бегімай Балманованың ісі көпке үлгі. Жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп отырған ана ешкімнен көмек сұрамай, тірлік кешіп келеді. Осыдан біраз жыл бұрын күйеуі қайтыс болып, барлық ауыртпалықты өзі көтерсе де мойымады. Екі жыл бұрын Бегімайдың омыртқасында жарық пайда болып, жүре алмай қалады. Отбасының жалғыз асыраушысы болғандықтан Алматы ауданы әкімінің орынбасары Алтынбек Әлжановтың қабылдауына кіреді. Әкімнің орынбасары ...

Жалғасы »

Хоббиін кәсіпке айналдырды

«Еңбек» бағдарламасы арқылы 505 мың теңге грантқа ие болған жастың бірі —Аяжан Бекмұхамет. Аяжанның негізгі мамандығы — медбике ісі. Алайда ол бала кезінен қолөнермен айналысады. — Бала кезімнен аурушаң болдым. Дәрігерлер анама ауруды ойламау үшін мені қолөнерге үйретуге кеңес береді. Осылайша анам маған түрлі бұйымдарды тоқуды үйретті. Қолөнермен айналысқан адам шыдамдылыққа үйренеді. Бір істі соңына дейін жеткізуге тырысады. Әсіресе бұл ...

Жалғасы »

Жаңақоныстықтар үш балалы әкенің үй салуына көмектесіп жатыр

Сауап Қаланың іргесіндегі Жаңақоныс ауылының тұрғындары рамазан айында үлкен сауапты іс жасады. Ауыл тұрғындары бір кісідей жиналып, үш балалы мұқтаж отбасының баспана құрылысын салуына көмектесті. …Жалғызбасты әке Нұртас Мұстафиннің үш баласы бар. 2008 жылы Қобдадан көшіп келіп, осы Жаңақоныстағы бір кәсіпкердің малын бағып, жанын баққан. Кәсіпкердің малшыға берген еншісі — 10 сотық жеріне әупірімдеп шағын ғана 2 бөлмелі үй салып ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысында үш Абай Құнанбаев тұрады

Қазақта балаға есім берерде әртүрлі наным-сенімдерге, ырымдарға мән берген. Әрбір ата-ана баласына ат қоярда оған жүктелер жауапкершілікті жете сезінген.  Осы орайда елімізде баласына ұлы ақын Абай Құнанбайұлының есімін қойғандар аз емес. Олар бұл есімді балалары хакім Абайдай ақылды, білімді,  дана болсын деп ырымдап қойса керек. Бүгінгі күні біздің өңірде Абай Құнанбаев есімді үш адам тұрады. Сонымен… «Мен туғанда ұлы ақынның ...

Жалғасы »

Есенбай — 80

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Жазушылар одағының Ілияс Жансүгіров атындағы және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты, ұлы Абайдың 150 жылдығы құрметіне арнап өткізілген республикалық жыр мүшәйрасында Бас жүлде иегері болған Есенбай Дүйсенбайұлының туғанына 80 жыл толды. «Боз құсы болып бір белдің, мен сені, өмір қорғаймын: діріліменен гүлдердің, шырылыменен торғайдың!» — Есенбай поэзиясының өн бойына өріліп отыратын өзекті ағысы, азаматтық та, ақындық ...

Жалғасы »

Жаңа формат: балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қалай оқып жатыр?  

Біздің облыста жетім балаларға арналған 5 білім беру мекемесі бар. Олардың екеуі Ақтөбе қаласында, үшеуі аудандарда орналасқан. Бұл ұйымдар — жастарды әлеуметтік бейімдеуге арналған «Мейірім» орталығы, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдайтын «Аяла» орталығы және Хромтау, Қобда, Мәртөк аудандарындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйлері. Өңірдегі мемлекет қамқорлығындағы балалар мен жастар жаңа технология бойынша қалай оқып жатыр? Осы туралы білмек ниетпен тиісті мекемелердің қызметкерлерімен ...

Жалғасы »

Медреседе оқып жүр, талай қазақ баласы…

…Діни білім алуға әлі күнге үрке қарайтындар арамызда аз емес. Бұған, бір жағынан, дүниежүзіндегі діни алауыздықтар һәм теріс ағымдағылардың лаңы әсер етсе керек. Сөйте тұра, Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Құнанбаев бастаған талай ағартушылардың медреседе білім алғанын ешкім жоққа шығара алмайды. «Асылды тот баспайды» демекші, дәстүрлі дініміз бен ділімізге сай, шариғат талаптарымен қызмет ететін сол арнаулы оқу орындардың сабақтастық жібі бүгінге ...

Жалғасы »