Daily Archives: 3 Сәуір 2020

Ақтөбеде коронавирус жұқтырғандар саны жеті адамға жетті

Ақтөбеде коронавирус жұқтырғандар саны жеті адамға жетті. Соңғы екі адам 3 сәуірде тіркелді. Тұрғын Нұр-Сұлтан қаласынан келген. 1 сәуірде аурудың клиникалық белгілері байқалғасын емханаға барады. Мамандар сынама алып, сараптамаға жібереді. Ертеңіне кешкілік сараптама қорытындысы шығады. Қорытынды нәтижесі індет жұқтырғанын көрсетті. Оның бірге тұратын жақынынан да коронавирус  анықталды. Дәрігерлер дереу науқас барған емдеу мекемесінің мамандарын және олар жақын қарым-қатынаста болған адамдар ...

Жалғасы »

Шекарадан өткендер қатаң бақыланады

Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Медет Ысқақовтың хабарлауынша, Ресей Федерациясынан  бері өткен қазақстандықтарды  күтіп алуға «Жайсаң» өткізу бекетіне екі «Газель» көлігі қойылған.  Бірі — Мәртөк ауданы тұрғындары үшін, екіншісі Жайсаң бекетінен өтетін қазақстандықтар үшін  қойылды.  Қазақстандықтар Жайсаң өткізу бекетінен жаяу Қурайлы блок-бекетіне келеді де, бұл жерде пирометрмен дене қызуы өлшенген соң олардың қолдарына  рұқсатнама қағазы беріледі. Блок-бекеттерден өткендерді «Газель» көлігі күтіп ...

Жалғасы »

Қажетті өнімдер жеткізіліп жатыр

«Біз біргеміз» Nur Otan партиясының коронавируске қарсы күресті күшейту, тұрғындарға көмектесу мақсатында Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» республикалық акциясы Шалқар ауданында да жалғасуда. Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің тапсырмасымен Nur Otan партиясының аудандық филиалы, аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі аса мұқтаж отбасылардың тізімін жасақтады. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында тұрғындарға антисептикалық құралдар, медициналық ...

Жалғасы »

Бекет басындағы баспана

Төтенше жағдайға байланысты аудан, ауыл арасында да блок-бекеттер қойылып, көлік қатынасы шектелді. Жергілікті тұрғындар  қауіпсіздік шараларына бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін жұмылу керектігін ұғынды. Ауылға кіреберістегі блок-бекеттерде көлік кептелісін реттеп, жолаушылардың құжаттарын тексеріп, кірген-шыққан адамдар мен көлікке дезинфекция жасау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Мұндай жұмыстарға ыңғайлы болуы үшін Ойыл ауданына қарасты Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі бірауыздан келісіп, алдымен блок-бекет ...

Жалғасы »

Үш жерге жол тосқауылы орнатылды

Мұғалжар ауданы орталығы — Қандыағаш қаласынан басқа бағыттарға шығатын үш жерге жол тосқауылы (блок-бекет) орнатылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сүйенсек, тосқауыл орнатылған Ақтөбеге, Ембіге және Сағашилі ауылына шығар жолда арнайы мамандар дамылсыз қызмет етіп тұр. Үш тосқауыл орны да қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін қажет құралдармен жабдықталған, аудандық полиция бөлімінің 3 қызметкері, аудан әкімдігінен 1 маман және санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің 1 маманы,  ...

Жалғасы »

Ерекше балаларға қайырымдылық көрсетті

2 сәуір — Халықаралық аутизм мәселесі жайлы ақпарат таратылатын күн. Осы күні «Грант Адал» ЖШС директоры Арыстанбек Жұмабаев Ақтөбе облысы бойынша аутизммен ауыратын балалардың ата-аналарының «Растемка» қауымдастығына қайырымдылық көмек көрсетті. — Біз осындай қиын кезде көмекке екі есе мұқтаж жандарды, соның ішінде ерекше балапандарымызды ұмытпауымыз керек. Сондықтан біз «Растемка» қауымдастығының кеңсесіне барып, осы ұйымға мүше ата-аналардың барлығына дезинфекциялық құралдар тапсырдық. ...

Жалғасы »

20 отбасына көмек берілді

«Біз біргеміз» Ақтөбе қаласында  кәсіподақ жастары «Біз біргеміз» ақциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасылар мен ардагерлерге азық-түлік себеттерін үлестірді. Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Ақтөбе облысы кәсіподақ орталығының «Келешек» жастар кеңесі игі бастаманы қолға алды. Олар сол арқылы коронавирустық пандемия кезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету қажеттігі туралы» Үндеуіне ...

Жалғасы »

Блок-бекет: құқықбұзушылықтар жоқ

Байғанин ауданының әкімі Қайрат Отаров пен Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағанбетов жұмыс барысымен блок бекетте кездесті. Көршілес екі ауданның басшысы «Ақтөбе-Атырау» тас жолының 200-шақырымында орналасқан «Кенжалы» блок бекетінің тынысымен танысты. Кездесуде аудан әкімдері төтенше жағдай кезінде атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ олар шара барысында өзара тәжірбие бөлісті. Жиын қорытындысында қос тарап бекет жұмысын одан әрі күшейтіп, бірігіп жұмыстар атқару туралы ...

Жалғасы »

Көпбалалы отбасыларға қуаныш сыйлады

Елімізде белең алған коронавирус індетіне байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде мектеп оқушылары қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Алайда өңірдегі аудандарда кейбір көпбалалы аналардың балаларын үйден оқытуға мүмкіндігі болмай отыр. Алға ауданының тұрғыны Нұрсұлтан Жаумытбаев сәуір айының басында аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсету мақсатында инстаграм әлеуметтік желісінде парақша ашып, игі бастаманы қолға алды. Нұрсұлтан аз уақыттың ішінде сауапты іске қолдау көрсетіп, ...

Жалғасы »

Күдіктен гөрі үміт зор

3 сәуір күні әлемде коронавирус індетін жұқтырғандар саны 1 миллионнан асты. АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, қауіпті жаңа вирусты жұқтырғандардың саны — 1 015 403 адам. Ал осы індеттен көз жұмғандардың саны 53 мыңнан асып отыр. Қайтыс болғандар саны бойынша тізімнің ең басында Италия тұр, бұл елде індеттің қайта оралмас құрбанына айналғандар саны 14 мың адамға жуықтады. Тізімде екінші тұрған Испанияда ...

Жалғасы »