Басты бет » 2020 » Сәуір

Monthly Archives: Сәуір 2020

Темірхан Бердімұратов жүрегі  ғылым мен педагогика деп соққан жан еді…

Ақтөбе топырағының адал перзенті, Қазақ-орыс халықаралық университетінің ректоры, психология докторы, адам ресурстарын басқару саласындағы іскерлік әкімшілендіру докторы (DВА), профессор, Қазақстан Республикасы Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Темірхан Байбосынұлы Бердімұратов Қазақстандағы жоғары білімнің дамуына елеулі үлес қосқан азамат еді. Ол  еліміздің білім беру саласында өзін жаңашыл ғалым, ағартушы әрі бірегей инновациялық жобаларға идеялық серпін беруші ретінде танытты. Темірхан Байбосынұлы 1951 жылы 17 ...

Жалғасы »

10 557 адам 50 мың теңгеден жәрдемақы алды

Тікелей эфир Кеше Nur Otan партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов тікелей эфирде облыс тұрғындарының сауалдарына жауап берді. Оның айтуынша,Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қорына кәсіпкерлер мен демеушілерден 23,5 миллиард теңгеден астам қаражат түскен. Көмектің алғашқы толқынындааталған қордан Ақтөбе қаласындағы 7894 адамға 7 санат бойынша қаржылай көмек көрсетілген. Ал 27 сәуірден бастап мұқтаж азаматтарға көмек көрсетудің екінші кезеңі басталып, ...

Жалғасы »

Игі  істің  еленуі 

Жақында «Ақтөбе» газетінде танымайтын адамның пәтерақысын төлеп берген учаскелік полиция инспекторы Бақтияр Жақыпов туралы жазған едік. Кеше Бақтияр Жақыпов осы игі ісі үшін ІІМ грамотасымен марапатталды. ҚР ІІМ-де бейнеконференц-байланыс режимінде төтенше жағдай кезінде көзге түскен ҚР ішкі істер органдарының 47 қызметкері мен әскери қызметшілерін ведомстволық наградалармен марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов ...

Жалғасы »

Індет: бір күнде 61 науқас тіркелді

30 сәуір күні Ақтөбе қаласындағы 61 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы да індеттің алдын алу мақсатында жұмылдырылған түрлі саладағы қызметкерлер. Бұл жағдай экспресс-тестілеудің қорытындысында белгілі болған. Ең қауіптілігі сол — осы 61 науқастың бірен-сараны ғана денсаулықтарының нашарлай бастағанын сезген. Қалғандары өздерін қалыпты жағдайда сезініпті. Бұл туралы Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ...

Жалғасы »

Бизнеске оқыту жұмыстары мамыр айында басталады

Тікелей эфир Сәрсенбі күні «Aqtòbe» телеарнасында өткен«Ақпараттық сағат» бағдарламасында облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов пен «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Анар Даржанова ақтөбеліктер тарапынан қойылған сұрақтарға тікелей эфирде жауап берді. Эфир барысында алдымен сөз алған басқарма басшысы облыс бойынша жекелеген қызмет түрлеріне шектеулерді алып тастау 4 кезең бойынша жүзеге асырылатындығын айтты. — Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, шектеулерді жұмсартудың ...

Жалғасы »

137 234 адамға бейнеқоңырау арқылы қызмет көрсетілді

Тікелей эфир 4 мамырдан бастап Ақтөбе қаласында шағын және орта бизнес субъектілеріне қызмет көрсету орталығы қызмет ете бастайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялық қызметінде тікелей эфирде өткізілген брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Әсел Мұстафина айтты. —  4 мамырдан бастап Тургенев көшесіндегі және Батыс-2 ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары заңды тұлғаларға қызмет көрсету ...

Жалғасы »

Ауызашар беру сауабынан құр қалмайын десеңіз…

Рамазанда ораза ұстаған жанға ауызашар беру — сауапты іс. Алайда COVID-19 пандемиясына байланысты шектеу шаралары кезінде ауызашар дастарқанын жайып, үйге немесе дәмханаға қонақ шақыру мүмкін емес. Осыған байланысты еліміздегі мешіттер рамазанда «Ауызашар қоржынын» табыстау мақсатында қайырымдылық акциясын қолға алды. Қайырымдылық шаралары мешіттердің Kaspi банктегі есепшотына аударылған көпшілік қаржысына ұйымдастырылады. 28 сәуірде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті осы акция шеңберінде 50 ...

Жалғасы »

Азық-түлік қоржындары таратылды

Матай Қоқанұлы атындағы Шалқар аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен 24 адамға азық-түлік таратылды. Азық-түлік қоржындары аз қамтылған отбасыларға, сондай-ақ Шалқардағы Қарттар үйінде тұрып жатқан қамкөңіл жандарға таратылды. Бұл жолы бір реттік көмекпен барлығы 24 адам қамтылды. Қайырымдылық қоржындарына, жалпылай есептегенде, 60 кг картоп, 40 кг пияз, 40 кг сәбіз, 40 бөлке нан, 40 қорап құрма, 5 кг күріш және 5 кг ...

Жалғасы »

Жеке көлікпен жүруге рұқсат берілді

Тікелей эфир 1 мамырдан бастап ақтөбеліктердің жеке көлікпен жүрулеріне рұқсат берілді. Жаяу жүргіншілер мен жеке автомобиль иелері енді қала аумағында сағат таңғы 6.00-ден кешкі 20.00-ге дейін еркін жүріп-тұра алады. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев «Aqtòbe» телеарнасында өткен «Ақпараттық сағат» бағдарламасы барысында мәлімдеді. — 1 мамырдан бастап таңғы 6-дан кешкі сағат 20.00-ге дейін жаяу жүргіншілер мен ...

Жалғасы »

Азық-түлік пакеттері таратылды

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы ақпараттық-ағартушылық штабтың мүшелері «Біз біргеміз!» акциясына өз үлестерін қосып жатыр. Індет басталғалы әлеуметтік жағдайы төмен  алпыстан астам отбасыға азық-түлік пакеті мен дезинфекциялық құралдар таратылды. Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі баласы бар үш отбасы осындай көмекке ие болды. Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалымбек Досанов және штаб мүшелері — «SENIM» денсаулық ...

Жалғасы »